Ақтөбенің көкөністері үлкен сұранысқа ие

    “Izet Green House” жылыжай кешенінде бір күнде 20 тонна қияр сатылымға шығарылады. Ресей де Ақтөбенің көкөністеріне үлкен қызығушылық танытуда. Болашақта Ақтөбе облысы Қазақстанның бүкіл Батыс өңірін көкөніспен қамтамасыз етпек.

    Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев өңірдің алғашқы тоқсандағы ауыл шаруашылығының қаншалықты дамығандығы жөнінде баяндады. Ол өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмалары уақытылы орындалып жатқанын жеткізді. Осылайша, биыл ауыл шаруашылық капиталына 485 млн теңге құйылды. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,7 есеге артқан. Сондай-ақ, биыл егіс көлемі 74 мың гектарға ұлғайды.
    - Мұхтар Сабырұлы, мына 74 мың гектар ертең азаймау керек. Жылдың аяғында соны есептеп қараймыз, - деп облыс әкімі Бердібек Сапарбаев егін шаруашылығын әрі қарай дамыту керектігін меңзеді.
    Бірінші сортты тұқымды көбейту жұмыстары қолға алынған. Айта кетейік, бұл да облыс әкімінің тапсырмасы еді. Қазіргі таңда 11 300 тұқым алмастырылды. Мәселен, 8,5 мың тонна – элиталық тұқым. Бұл бүкіл тұқымның 21 пайызы. Бірінші және екінші сорт тұқымдары 96 пайызды құраса, үшінші сорт небәрі 3,5 пайызға ғана жетіп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев бұл жұмыстың әрі қарай жалғасатынына уәде етті.
    Ауыл шаруашылығымен айналысу үшін ырғыздықтар несие алуға қол жеткізе алмай жүр. Өйткені ауданда бір де бір банк жоқ. Биыл бұл мәселе де шешіледі. 1 маусымнан бастап Ырғызда екінші деңгейлі банк филиалы ашылады.

    Мұхтар Жұмағазиевтің сөзінше, “Green House” жылыжай кешенінің арқасында Ақтөбе облысы үлкен өндіріс құру керек. Яғни көкөністерді өсіріп қана қоймай, оны өңдеу де қажет.
    - Жылыжай кластерін құру өте дұрыс. Жақында біз “Green House” жылыжайының басшысымен кездестік. Олардың қияры да, қызанағы да арзан бағамен сатылып жатыр. Олар күніне 20 тонна қияр шығарса, сол бір күнде сатылып кетеді. Ресейге апарса, 400-500 теңгеден бәрі өтіп кетеді. Осыған басқа аудандар да қатысу керек. Мысалы, Мәртөк, Алға, Қарғалы да қосылсын. Сол кезде бізге үлкен көмек болады. Халық арзан көкөніске қол жеткізеді, - деді Бердібек Сапарбаев.
    Айта кетейік, “Izet Green House” жылыжай кешені 2010 жылы құрылған еді. Алғашқы кезде мұнда тек қызанақтар өсірілді. Соңғы жылдары қияр өсірумен де айналыса бастады. Мамандардың айтуынша, биоқорғаныс технологиясын қолдану арқасында экологиялық таза өнім алынады.
    Өндірісте голландиялық құрал-жабдық пен технология пайдаланылады. Тұқымдар да сонау Нидерланды елінен әкелінген. Мұнда пестицид қолданудан мүлдем бас тартқан. Даладағы температура -50-ден +50-ге дейінгі Цельсия градусына ауытқыса да, жылыжай құрылысы ішкі температураны бір қалыпты сақтайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Қазақстан-Нидерланд: ынтымақ береке бастауы
  • Облыста 132 жерге түйнемеден қырылған мал көмілген
  • Облыс басшысы “Табыс” базарын аралады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге