Бөдененің бабын тапқан кәсіпкер

    Бөдененің  бабын тапқан кәсіпкер

    Ақтөбе облысының Хромтау ауданында дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жеке кәсіпкерлер ешкі сүтін өндіріп, қоян өсіруде. Олардың арасында бөдене бағып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар.

    Хромтау ауданының Ақжар ауылында тұратын жеке кәсіпкер Майра Ізбасарованың бұл кәсіппен айналысқанына екі жылдан асқан. Бастапқыда Ресейдің Ор қаласынан 600 жұмыртқа сатып алып, инкубаторда басып шығарған. Бүгінгі күні ол өз ауласында 2500 бөденені бағып, кәсіп етіп отыр.
    -Қазір бөдененің Қазақстанда қоректене алатын үш түрін өсіріп отырмын. Олар Техас, манжур және монғол тұқымдары. Бөдене бағу өте қиын. Өйткені, олардың әрқайсысының күтімі ерекше. Бөдене – өте кірпияз құс. Уақытылы мөлшермен тамағын бермесе, +18, +20 градус жылылық болмаса, жұмыртқа бермейді. Қатты желге де төзімсіз. Бөдененің жемін табу да қиын. Оны арнайы Ресейдің Орынбор қаласынан алдыртамыз. Әрі қымбат, бір қабы 6 мың теңге тұрады. Алайда сальмонеллез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті жоғары. Бүгінде осы кәсіп арқылы екі адамды жұмыспен қамтып отырмын, -дейді “Көк-жар 2008” ЖШС басшысы.

    Кәсіп иесінің айтуынша, оның өнімі қазір хромтаулық кеншілердің арасында ерекше сұранысқа ие.
    - Бөдене жұмыртқасының адам денсаулығына пайдасы көп. Қан қысымын қалыпқа келтіреді, асқазан мен ішекті тазалайды. Оны өзім де, отбасы мүшелері де күнделікті қолданады. Жұдырықтай ғана бөдененің еті мен жұмыртқасы мың түрлі дертке дауа. Тіпті, бөдене жұмыртқасы Жапонияда мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне енгізілген. Бұл балалардың ойлау қабілетін арттырады екен. Тағамдық қуаттылығы кәдімгі тауықтың бес жұмыртқасымен бірдей деседі. Ауданда хром өндірілетіндіктен, өнімдеріміз жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие. Тәулігіне 600-700 жұмыртқа шығарамыз. Халық “қатерлі ісік ауруына ем” деп сатып алады. Ақтөбедегі “Анвар” супермаркетінің басшылығымен келісіп, облыс орталығына да әкеліп жатырмыз,-дейді ол.
    Майра Ізбасарова бүгінде бөдене өсірудің қыр-сырын жетік меңгеріп алған. Тұрақты тұтынушылары да бар. Өнімдерін Ақтөбеде өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне де шығарып тұрады. Бұдан өзге шаруашылықта азын аулақ күркетауық, мысыр тауығы мен қаз, үйрек те ұстайды. Жайылымдық, шабындық жері мен егістік алқабы да бар. Жолдасы екеуі ірі қара мен қой да бағып-күтеді. “Алдағы уақытта “Сыбаға”бағдарламасымен ірі қара санын арттырып, сапасын жоғарлатқымыз келеді. Сондай-ақ, бөденені көбейтіп, бөдене бағуды қайта жандадырмақпын. Ол үшін арнайы Ресейден инкубаторлар сатып алдым. Қырғауыл бағуды да қолға алғымыз келеді” дейді алдағы жоспарларымен бөліскен кәсіпкер.

    Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалиннің айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде ірі қараның мал басы 13,4 пайызға артқан. Оның ішінде сиыр 1,8 пайызға, түйе 39,5 пайызға, жылқы 7,1 пайызға көбейген. 2017 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша, аудан бойынша 32 мыңнан астам ірі қара мал басы бар. Оның 14 мыңға жуығы сиыр, 51 мыңнан астамы қой-ешкі. Бұдан өзге жылқы, шошқа, түйе мен құс түрлері өсірілуде. Өңірде 9 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылған. Олардың сегізі ет өндірумен айналысады. Ал біреуі – сүт кооперативі. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артқан. Биыл 2,5 тоннадан астам ет, 5 мың тоннаға жуық сүт пен 1,5 мың дана жұмыртқа шығарылған. Ауыл шаруашылығының өнім өндірісі 2 122,5 млн. теңгені құрады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
  • Ауылдық өнімдер зауытқа тапсырылады
  • Хоббиін кәсіпке айналдырған азамат
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Мерекелік жәрмеңкенің өнімдері өте арзанға сатылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге