Мемлекеттің қамқорлығы маңызды

    Мемлекеттің қамқорлығы маңызды

    Әйтеке би ауданының басшысы Мәлімбет Ибрашов жұмыс сапарымен Құмқұдық ауылында болды. Алдымен “Құмқұдық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, көктемгі жұмыс барысымен танысты. Серіктестік директоры, облыстық мәслихаттың депутаты А.Ф.Чемоданов аудан басшысына қазіргі таңда тұқымдық астықтардың сақталу және егіске дайындалуы туралы айта келіп, облыс көлеміндегі егінмен айналысатын серіктестіктер тарапынан түскен өтініштерге сәйкес сапалы тұқымды жөнелтуде екенін айтты. Сонымен бірге Мәлімбет Ибрашов қажетті құрал келіп, орнатылған бойда өз жұмысын бастағалы отырған диірменмен қосымша тағы қандай қажетті өнім шығара алатынын сұрады.

    - Егер ұнмен бірге халық тұтынатын кейбір тағамдық өнім өндірілсе, онда тек ауыл ғана емес, аудан тұрғындары үшін біраз оңынан туған шаруа болар еді, -деген аудан жетекшісіне серіктестік басшысы ондай жұмыстарды жасау-
    ды ойластырып, жоспарлағанын жеткізді.
    Бұдан соң аудан әкімі Мәлімбет Ибрашов жуырда ашылып, негізгі жұмысы жүргізгелі отырған “Бірлік и К” кооперативінің жұмысымен танысты. Оның басшысы Жанна Қарабушина алға қойған мақсаттары туралы айта келіп, өз шаруашылығын аралатты. Жуырда төлдеген асылтұқымды бұзауларды көрсетіп, әр топқа бөлінген ірі қаралардың бағым-күтімі туралы баяндап берді.
    - Мал шаруашылығы бізге жат емес. Ауылда тұрып мал ұстамауға бола ма? Мемлекет тарапынан мал бағамын деген адамға көрсетіліп жатқан көмек көп,- дейді кәсіпкер әйел.
    Негізінен құрамы 20 адамнан тұратын кооператив мүшелері өз жеке малдарымен кірген. Олардың да жаңа жұмысқа ықыласы жоғары. Жанна Қарабушина Челябинск облысынан сүтті сиыр тұқымын алуға келісіп отырғанын, несие алғаннан соң осы шаруаны қолға алатынын айтты. Сонымен бірге, жаңа техника, шөп шабу құрылғыларын да алу жоспары бар екенін тілге тиек етті.
    - Біз шаруаны дұрыс жүргізу үшін құнарлы жем-шөп керек. Біз сатып алсақ, қымбатқа түседі. Міне, әрқайсысы 400-ден тайланған шөп алдым. Бұл қып-қызыл шығын. Егер өз техникамыз болса, барлық кооператив мүшелеріне шөп жеткізіп те берер ем, басқа да шаруаларға қажеттілігі туып отыр,-деді ол өз сөзінде.
    Аудан басшысы “тракторды негізінде жартысын мемлекет субсидия арқылы төлеп, жеңілдік жасайтын компаниямен жұмыс жасау қажеттігін айтып”, село әкіміне осы істі назарда ұстауын тапсырды.

    Кооператив мүшелері де көп сауал қоймады. Өйткені бәрі түсінікті.
    Кооператив жетекшісі сүт өнімдерін өндіретін шағын цех ашуды да ойластырып отырғанын айтты. Сол кезде кооператив мүшелері өздерінен артылған сүтті тапсырып, қажетті қаймақ, майларын, ірімшік алуына немесе қаражаттай алуға болатын мүмкіндік туады.
    Барлығы да сүтті сиыр алуды жоспарлап отыр. Өйткені заман аз шығын арқылып, көп өнім алуды қолайлайды. Әзірше ойда тұрған мақсатты өрге асыруға олар ықыласты. Ең бастысы да осы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
  • Ақтөбе облысының шаруашылықтары кооперация болып бірігуге мүдделі
  • Мәртөктің мұңы – тас жолдар
  • Жаңа әкімдерге – жаңа тапсырмалар
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге