Ризығын малдан тапқан қожалық

    Ризығын малдан тапқан қожалық

    Қазақ қашаннан несібесін малмен айырған халық. Өзіміз өз болғалы ризығымыз бен азығымызды өрістегі малымыз бен шұрайлы жерімізден алып келеміз. Әйтеке би ауданында 1997 жылы құрылған “Ақжол” шаруа қожалығы бар. Қожалықтың алғашқы тізгінін ұстаған Айтжан Мұратов кейін кәсібін баласы Алмат Айтжанұлына тапсырыпты. Қазір құлашын кеңге жайған қожалық қарқынды дамып келеді.

    Қожалыққа басшылық еткенге дейін егін шаруашылығымен айналысқан Алмат 2013 жылдан бері мал шаруашылығын “Сыбаға” бағдарламасы арқылы қолға алған.
    “Ақжол” шаруа қожалығы Қызылжұлдыз ауылдық округі, Аралтөбе ауылында орналасқан. Ең бірінші “Сыбаға” бағдарламасын үш жылға алып, екіншісін шаруаны кеңейтіп корпорациядан алған. Одан 11 млн теңге алған “Ақжол” шаруа қожалығы бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатыр.
    - Сыбаға – ауыл шаруашылығын қолдауға арналған бағдарлама. Біздің өз шаруа қожалығымыздың ісін дамытуға өте қолайлы болды. Бағдарлама бойынша жұмыс жасау үшін өтініш жазып, несиелік қарыздардың болмауы, малды ұстау үшін қажеттіліктердің болуы сияқты басқа да талаптар қойылды. Қойылған талаптар бойынша жұмыс жасадық. Қазір өз қолымыз өз аузымызға жетті, дегенмен де әлі күнге мемлекет тарапынан қамқорлықтың барын айтар едім, - дейді қожалық иесі.

    Кепіл қойып, үш млн 300 мың теңге көлемінде несие алған Алмат Айтжанұлы алғашында екі бұқа 60 сиыр ұстап, шаруасын бастаған. “Ақжол” шаруа қожалығы Аралтөбе ауылынан жеті шақырым қашықтықта “Загатскот” деген жерде орналасқан.
    2013 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаға қатысып мал басын көбейту және асылдандыру жұмыстарымен айналысуда. Осы жылы сыбаға бағдарламасы арқылы 46 бас аналық сиыр, екі бас асыл тұқымды ақ бас бұқа сатып алған.
    2014 жылы “Сыбаға” бағдарламасымен 11 млн теңге несие алып, 57 бас аналық ірі қара, екі асыл тұқымды бұқа сатып алды.
    Иелігінде МТЗ-80, МТЗ-82 тракторы, газель, ЗИЛ, тіркеме секілді қожалыққа қажетті барлық құралдар бар.
    Қожалыққа қажетті көлемде иелік шөп шауып, жаз мезгілінде шөп жинаумен де айналысады. Қаладан малға азық қылу үшін жем сатып алады. Жылына 30 тонна жем, 400 тонна шөп, 25 тонна жанармай жұмсайды. Сонымен қатар шаруа қожалық бес адамды жұмыспен қамтып отыр.

    - Былтырғы жылы ҚазАгроФинанс арқылы трактор алдық. Мал шаруашылығымен айналысып, мал санын көбейтіп, дамытқанымыз үшін трактор ақысының 50 пайызы өзімізге қайтарылды. Мұның өзі бізге үлкен көмек деп есептеймін, - дейді Алмат Айтжанұлы.
    Мал өнімдерінен түскен қаражатты алдымен, несие үшін, кейін қожалықтың қажетті нәрселері үшін пайдаланатын қожалық иелері өнімдерді Алға ауданындағы ЖШС “Актеп” мал бордақылау орталығына тапсырады. Несиелік бағдарлама болғаннан кейін, талап бойынша еркек малдарды ғана сатады.
    - Халықты сапалы етпен қамтамасыз ету парызымыз деп білемін. Сол себептен бордақылау алаңына тек жақсы малдарды жеткіземіз. Әзірге, халықтан тек жақсы пікір ғана естіп келеміз,- дейді шаруа қожалығы.

    Шаруасын дөңгелетіп отырған қожалық ауылдың әлеуметтік жағдайынан да қалыс қалған емес. Ауылды және ауданды шөппен қамтамасыз етіп отыр. Аудан, ауыл көлемінде өткізілетін мерекелік, спорттық шараларда үнемі демеушілік көрсетіп жүрген қожалық иелері жыл сайын тұрмысы нашар отбасыларға материалдық көмек көрсетіп, ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырады. “Мектепке жол”, “Туған жерге тағзым” секілді қайырымдылық шараларына белсене атсалысады.
    Сонымен қатар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы лизингке МТЗ-82 тракторын, пресс-кун агрегаттарын алды. Бүгінгі таңда 206 бас ірі қара, оның ішінде 120 бас аналық, төрт асыл тұқымды бұқа, 86 бұзау бар.

    Жылдан жылға мал басын көбейтіп келе жатқан қожалық мал азығын дайындау үшін екі жаңа техника сатып алған. Шөпті шаруа қожалығы Алмат жеке меншік жерінде дайындайды.
    - Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Біз де ата-бабамыз салған сара жолдан ауытқымай, адал еңбегімізбен халыққа қызмет етіп келеміз. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекет бізге көп көмектесіп жатыр. Тіпті, демеушіліктің басым бөлігін мемлекет көрсетіп отыр десем қателеспеймін,- дейді шаруа қожалығының басшысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Шаруа қожалығының басшысы туысының жылқысын ұрлаған
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Ырғыздың жайы осындай...
  • “Егінжай” бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге