Несиеден несібесін тергендер

    Несиеден несібесін тергендер

    Әйтеке би ауданында алғаш рет жылыжай салынып, аудан тұрғындарын қиярмен қарық қылды. Алғашқы өнімдерін толықтай сатқан жергілікті кәсіпкерлер енді аудан орталығын абаттандыру үшін гүл өсіруге кіріскен. Қазір Әйтеке би ауданындағы жылыжайда петунья гүлдері өсіп тұр.

    Жас кәсіпкер Дана Дабылова шағын және орта бизнеспен 2012 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде кәсіпкерлік иелігінде жалпы аумағы 238 шаршы метрді құрайтын жылыжай кешені қарқынды жұмыс жасауда. Жылыжайдың құрылысына кеткен қаржыны кәсіпкер “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы арқылы жеңілдік пайызбен алған. Ал жылыжай кешенін салуға түрткі болған негізгі себепті кәсіпкер Дана Дабылова – аудан орталығына көгілдір отынның келуі деп түсіндіреді.
    - Ауылымызға жылыжай ашудың бірден бір себебі ауданымызға көгілдір отын келді. Сол себепті 2016 жылы наурыз айында “Жұмыспен қамту-2020” Жол картасы арқылы несие алдық. Міне, алғашқы өнімімізді алып, ауыл тұрғындарына, жерлестерімізге дәм таттырдық,- дейді жас кәсіпкер.

    Жылыжай кешеніне желтоқсан айынының 20-сында 600 түп қияр отырғызылды. Көкөніс 45 күнде өнімін берді. Яғни, биыл наурыз айында Әйтеке билік тұрғындар жаңа қиярмен қамтамасыз етілді. Аудан нарығында жылыжай өнімдері өркен жайып, берген өнімнің бір түйірі қалмастан халық арасына кең таралып кетті. Егілген бір түп қияр 7-8 келіге дейін өнім береді екен. Алғашқы өнімін жинап алған соң, жас кәсіпкер Дана Дабылова биыл ақпан айында жылыжайда гүл отырғызған. Қазір ол гүлдер де өз кезегін күтіп тұр.
    - Жолдасым екеуміз достарымызбен бірігіп осындай жылыжай салдық. Әйтеке би ауданында көкөніс қат. Сол себепті жылыжай салмақ боп жоспар құрдық. Жолдасым вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Он бес күн үйде болса, тағы сондай уақыт далада жұмыста жүреді. Осылай отбасылық шағын еңбегімізбен халыққа қызмет етіп жүрміз,- дейді Дана Дабылова.

    Руслан Дабылов пен Жасұлан Сергебаев бірге жүретін жақын достар. Біріккен кәсіп ашу туралы ойлары бір жерден шыққан қос дос бірден іске кірісіпті. Әйтеке би ауылында көкөніс қат. Облыс орталығынан жеткенде көкөністердің келбеті бұзылып кетеді. Сол себепті ең алғашқы істерін қос жігіт осы саладан бастауды ұйғарыпты.
    - Ауданымыздың нарығын, өзіміздің мүмкіндіктерімізді ескере отырып, жылыжай аштық. Оңтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарына арнайы барып, жылыжай жұмыстарымен таныстық. Бұл жұмыстарды былтыр қыс мезгілінде жасадық,-дейді бағбан.
    Былтыр наурыз айында құжаттарын дайындап, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасымен несие алады.

    - Аудан басшылығы көп қолдау көрсетті. Қазір жас кәсіпкерлерге деген осындай көмек қолын созып отырған мемлекетімізге алғысымыз шексіз. Былтыр шілде айының басында жылыжай салуды бастадық. Желтоқсан айына дейін құрылыс жұмыстары жүрді. Барлығын өз қолымызбен жасадық. Сол себепті көп шығынға да батқан жоқпыз. Үш айдың ішінде жылыжай құрылысын аяқтап, жылу кіргіздік. Суару жұмыстарын жасадық. Сосын желтоқсан айында алғашқы тұқымымызды септік,- дейді Дана Дабылова.

    Жылыжай салу, ол жерде өсірілген өнімдерді халыққа тарату қыруар жұмысты талап етері сөзсіз. Қазір Дананың жылыжайында күзетшісі, агрономы бар. Жылыжайдан жиналған өнімдер ешқандай алыпсатар мен делдалдарсыз базарға тікелей жеткізіледі. Кәсіпкер сөзіне сенер болсақ, сұраныс мол. Себебі, бұл жерде өсірілген өнімдер автоматтандырылған қондырғысыз, ешқандай химиялық қоспасыз, тек күннің қуатымен, қара топырақтың құнарымен мерзімінде пісіп жетіледі.
    - Қиярдың уақытылы пісуіне және құнарлы болуы үшін дәрумендер қосамыз. Қияр тұқымдары арнайы кокостық субстарктіге егілген. Әр түптен 6-7 келідей қияр аламыз деп жоспарлаған болатынбыз. Алғашқы егініміз болған соң 600 түп қияр ектік. Қосымша тәжірибе үшін тағы да басқа көкөністер ектік. Егер олар да жақсы жерсініп жатса, тұрақты түрде жылыжайда өсірмек ойымыз бар. Болашаққа жос-парымыз көп. Ауданның халқын жасыл аскөкпен, салат жапырақтарымен қамтысақ дейміз. Ол үшін де жұмыстар жасалып жатыр,- дейді Дана Дабылова.

    БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:
    Әйтеке би ауданы Ақтөбе облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның жер көлемі 35,9 мың шаршы шақырым. 1936 жылы 11 тамызда Ақтөбе атқару комитетінің қаулысы бойынша Ырғыз ауданы Қарабұтақ және Ырғыз болып екіге бөлінді. 1966 жылы құрылған Комсомол ауданы мен Қарабұтақ ауданы 1997 жылы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Әйтеке би ауданы болып біріктірілді. 2008 жылы 1 шілдедегі есеп бойынша аудандағы тұрғындар саны 31277 адамды құрады. Аудан орталығы – Комсомол ауылы. Тұрғыны 26 мың адам. Аудан 1997 жылы Қарабұтақ пен Комсомол аудандарының таратылу нәтижесінде құрылды. Ауданда 32 елді мекен, 15 ауылдық округ бар. Елді-мекендердің ірілері: Аралтоғай, Аралтөбе, Əйке, Тереңсай, Қарабұтақ, Жабасақ, Құмқұдық ауылдары. Ауылдық округтер тізімі: Әйке, Ақтасты, Ақкөл, Аралтоғай, Басқұдық, Жабасақ, Жамбыл, Қайрақты, Комсомол, Қарабұтақ, Құмқұдық,Қызылжұлдыз, Сарат, Сұлукөл, Үшқатты. Солтүстік-шығысын Мұғалжар тауы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-250 мм. Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзені мен оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық, т.б. салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар. Аудан жері негізінен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты келеді. Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота өседі. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік; құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 188,9 мың га. Оның ішінде жыртылатын жері 69,3 мың га, шабындығы 4,3 мың га, жайылымы 835,8 мың га.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің көкөністері үлкен сұранысқа ие
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Қазақстан-Нидерланд: ынтымақ береке бастауы
  • Әйтеке би ауданында 32 көшенің төртеуі асфальтталған
  • Аудан әкімі: Жол жиегінде киік өлекселері жоқ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге