Қожалығын өрге өрлеткен кәсіпкер

    Қожалығын өрге өрлеткен кәсіпкер

    Қобдалық Қашқынбай Жанаев кезінде қожалық ашып, бүгінде соның жемісін көріп отыр. Несібесін жерден тапқан шаруаның қазір ісі өрге домалап тұр.

    Әлия ауылының тұрғыны 2000 жылы мал шаруашылығымен айналыса бастапты. Ол кезде мұндай кәсіппен айналысу үшін көп жағдай жасалмағанын айтады.
    - Сол жылдары жұрттың бәрі өз ісін бастауға тырысты ғой. Мен де шетте қалып қоймайын дедім. Басында қожалықты үш адам болып қолға алдық. Бірақ қасымдағы екі жігіт үш-төрт жыл істеді де, көмектеспей кетті. Сосын оларға жерлерін қайтарып бердім де, өзім жұмысты жалғастыра бердім, - дейді “Қанат-2” шаруашылығының басшысы.
    Сол кезде бастаған кәсіпті дөңгелетіп, бүгінгі таңда сол еңбегінің жемісін көріп отыр. Қожалықта 1500-ге жуық қой мен 250-дей ірі қара бар.
    Сонымен қатар Қашқынбай Жанаев шөп шабумен де айналысады. Шаруашылықта бұл кәсіп үшін өз тракторлары бар. Былтыр сегіз миллион теңгеге, оның алдында бес миллионға несиеге трактор сатып алыпты. Бірақ сол несиелерін толық өтеп тастағанын айтады.

    - Мемлекет тарапынан көмектер бар. Жұмыс жасаймын деген адамға үкімет қашан да қол ұшын созып келеді. Жеңілдетілген пайыздық үстемемен несиеге техника алдым. Бірақ уақытына жетпей несиемді жауып тастадым. Қазір техникаларым өз иелігімде, еркін жұмысымды жасап жатырмын,- деп ағынан жарылды шаруа.
    “Қанат-2” қожалығы үш адамға жұмыс беріп отыр. Олар мал бағып, шөп шабумен айналысады.
    Кәсіп иесіне мемлекет те өз қолдауын көрсетіп келеді. Қожалық басшысы мал басының санына қарай мемлекеттен субсидия алады. Сондай-ақ, 2020 бағдарламасына қатысқанын тілге тиек етті. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында Қашқынбай аға өз малдарын асыл тұқымды қылып жатыр.
    - Біздің тұқымдарды дала сиырлары деп атайды. Ақбас және сары тұқымды деген де бар. Шама келгенше, мал санын көбейтуге тырысамыз. Төрт бұқа алып, сиырларды асыл тұқымды қылумен айналысамыз. Құдайға шүкір, нәтижесін беріп жатыр. Бұрын малымыз кішкентай, арық еді. Қазір бәрінің салмақтары жақсы. Көбейіп жатыр. Еңбегімізге қарай жемісті де көріп жатырмыз, - дейді Қашқынбай Жанаев.
    Қожалық басшысы мұнымен тоқтап қалмай, кәсібін одан са-йын дамыта бермек. Енді асыл тұқымды малдарының санын арттыруды мақсат етіп отыр.

    БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:
    Қобда ауданы Ақтөбе облысының батысында облыс орталығынан 110 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан жері құнарлы, суы мол, жайылымы кең, шаруашылыққа қолайлы өлкенің біріне жатады. Аудан аумағының жер ресурстары, табиғаты, климаты, жануар түрлері, мүлдем жоғалып кеткен жабайы аң түрлері мен өсімдіктері, өзен аңғары биологиялық алуан түрлілігі бай ірі табиғи жүйе. Аумақ Ақшат борлы массивтерімен ерекшеленеді. Өсімдіктерден Шренк қызғалдағы кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» бұлан, елік, күз суыры, саршұнақ, түлкі, борсық, қарсақ, күзен, тырна, аққұйрықты суқарақұс, дуадақ, безгелдек және т.б. енгізілген. Халқы – 19 315 адам. Аудан 18 ауылдық округке бөлінген.
    Қобда ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Еліміз егемендік алғаннан кейін шаруашылықтар акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары болып заман талабына сай қайта құрылды. Бүгінгі күні аудан бойынша 277 шаруа қожалығы, 6 акционерлік қоғам және
    21 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Ауданның шаруашылықтары асыл тұқымды ірі қара мал, қой өсірумен айналысады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мемлекеттің қамқорлығы маңызды
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге