Ақтөбе облысында алғаш рет нут асбұршағы егіледі

    Қарғалы ауданында көктемгі егіс жұмыстары басталды. Диқандар биыл егінжай көлемін едәуір ұлғайтқан. Техника жеткілікті, тұқым әзір. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауданға жұмыс сапарымен барды. Егістікпен айналысатын құрылым өкілдерімен және кооператив басшыларымен кездесті.

    Биылғы егіс жұмыстары Қарғалы ауданында ауа райының қолайсыздығынан кеш басталды. Дегенмен шаруалар мамыр айының соңына дейін тұқым себуді толық аяқтаймыз деп отыр. 5500 гектар аумаққа "Интер Агро" ЖШС дән септі. 44 бірлік техникасының әзірлігі жоғары. Бәрі де мемлекеттің қолдауымен алынған. Серіктестік үш жылдан бері дәнді-дақылдар, бидай өсірумен айналысып келеді. Күнбағыс, бұршақты дақылдар егуді қолға алмақ.
    - Алғаш рет биыл 90 гектар аумаққа асбұршақтың бір түрін егуді қолға алып жатырмыз. Таяу Шығыс, Иран елдерінде танымал. Өте жоғары сұрыпты, элиталы тұқымды Ресейдің Саратов облысынан әкелдік. Құрғақшылыққа төзімді,- дейді серіктестік директоры Берік Оянғалиев.

    Серіктестік директорының айтуынша, шаруашылықты 2014 жылы бастаған. Биыл үшінші рет егістікке дән сеппек. Ең алғаш рет 2000 гектар жерге дән сепкен. Жыл санап егістік аумағын кеңейтіп келе жатқан серіктестік биыл 5500 гектарға тұқым себеді.
    - Серіктестік аумағындағы егістік жер көлемі 7000 гектарды құрайды. Бұл жерлерден алған өнімнің 25 пайызын тұқымдыққа алып қаламыз. Биыл 4800 гектар бидай, екі жүзге жуық гектар жерге арпа, 440 гектар жерге күнбағыс және жүз гектарға жуық жерге нут бұршағын екпекшіміз. Айта кетейін, күнбағыс пен нут бұршағын бірінші рет сепкелі жатырмыз,- дейді Берік Оянғалиев.
    Серіктестік басшысының айтуынша, нут асбұршағы нарықта үлкен сұранысқа ие дақылға жатады. 2017 жылы ауданның егіс көлемі 130 мың гектарға жуықтады. Былтырғыдан 13,8 мың гектарға ұлғайды. Ал суармалы жер 4245 гектарды құрап отыр. Ауылшаруашылығы құрылымдарының өкілдерімен кездескен әкім Қарғалы ауданының мүмкіндігі зор екендігін, бос жатқан жерлерді мақсатты пайдалану қажеттігін айтты.
    Егін шаруашылығымен айналысатын "ҚосЕстекАгро", "Велиховка" серіктестіктерінің жұмыстары аймақ басшысының назарынан тыс қалмады. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев ауылшаруашылығы кооперативтерінің басшыларымен кездесті. Сүт-ет өңдейтін, балық аулайтын, ара балымен айналысатын шаруалар ұсыныс-тілектерін жеткізді.

    Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданындағы бірқатар шаруа қожалықтарына барып, көктемгі егіс науқанының басталуымен танысты. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
    Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында егін егу жұмыстары белсенді жүруде. Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметтері бо-йынша, өңірдегі ауылшаруашылық құрылымдары көктемгі далалық жұмыстарды жүргізу үшін сапалы тұқымдық материалдармен, техникамен және жанармаймен толықтай қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылық министірлігі бөлген 8,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны Ақтөбеге толық мөлшерде жеткізілді.

    Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі егін егу жұмыстары кешеуілдеп басталды. Алайда Қарғалы ауданының шаруалары мамыр айының аяғына дейін бұл жұмысты аяқтап үлгеретіндіктеріне сенімді. Облыс әкімінің аудандағы ірі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесуі кезінде, сондай-ақ, егістікке сапасы екінші санаттан төмен емес тұқым себілетіндігі айтылды.

    -Ең бастысы – егіс салу мерзімін созбау, қазір сіздер бар күштеріңіз бен қорларыңызды көктемгі егін егу науқанын уақытында аяқтау үшін жұмсауларыңыз керек. Тұқымның сапалы болуы — өнімді мол алудың кепілі. Бұл мәселе талай айтылды. Ендігі жауапкершілік аудан әкімінен сұралады. Азық-түлік қауіпсіздігін жүзеге асыруда негізгі күш ауыл ауыл шаруашылығына түседі. Сондықтан біз егіс алқаптарын ұлғайтып, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу жұмыстарын жалғастыра беретін боламыз. Шаруа қожалықтары топырақ құнарлылығын сақтай
    отырып, тыңайтқыштарды пайдалану, алқап өнімділігін арттыру, техниканы жаңғырту жұмыстарымен де шұғылдануы тиіс. Қазіргі кезде осы шаруалардың барлығына мемлекеттік қолдау тетіктері енгізілді, мәселе — соларды тиімді пайдалануда,-деп атап көрсетті облыс әкімі.
    Бердібек Сапарбаев сонымен қатар, көп салалы шаруашылықтардың дамуы үшін мүмкіндіктері мол екендігін айтып, ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететіндердің егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен де айналысулары қажет екендігін айтты. Аудан басшылығына жұмыс жасап тұрған ауылшаруашылық кооперативтерінің тиімділігін арттырып, ауыл шаруашылығының осы өңір үшін дәстүрлі емес түрін дамыту шараларын қабылдау тапсырылды.
    Кездесу барысында пайдаланылмаған суармалы жерлерді игеру мәселесі көтерілді. Ағымдағы жылы облыстағы суармалы жерлер алаңын 3,2 мың гектардан 21,5 мың гектарға дейін кеңейту жоспарлануда.
    - Суармалы жерлер Қарғалы ауданында көп. Өкінішке қарай, олардың жалпы аумағының 33% ғана айналымда. Біз азық-түлікті көп беруге мүмкіндігі бар суармалы жерлер алаңын барынша кеңейтіп, малды жем-шөппен қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын құруымыз керек. Жалпы, облыстың басқа аудандарымен салыстырғанда сіздерде ауылшаруашылығын жүргізу үшін жағдай жақсы. Егер барлық әлеует пайдаланылса, Қарғалы ауданы жалпы Ақтөбе аумағын негізгі ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етер еді,-деді облыс әкімі.
    Кездесуді қорытындылаған Бердібек Сапарбаев оған қатысушылардың барлығын, соның ішінде аудан басшылығын «Туған жерге тағзым» акциясына қатысып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктердің
    баспанамен қамтылуына қолғабыс етуге шақырды.
    Жұмыс сапары барысында өңір басшысы, сонымен қатар, Қарғалы ауданының бірнеше елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, ауылшаруашылық кооперативтерінің жұмысымен, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Соның ішінде, облыс әкімі Ш.Қалдаяқов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның қызметімен танысып, мекеме басшылығына жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Ақтөбе облысында 120 мың гектар жер бос жатыр
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге