Қиярдың “қожайыны”

    Қиярдың “қожайыны”

    Шалқарлық Нағашыбай Қазин үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктерді пайдаланып, өз кәсібін ашты. Кәсіпке бет бұрып, өз несібесін жерден таппаққа ұмтылған тұрғын “Жұмыспен қамту -2020” мемлекеттік бағдарламасына қатысқан.

    Жылтыр ауылынан шағын көкөніс жылыжайын салып, өнімін ауданға шығарып отырған Нағашыбай Қазин ешқашан еңбектен қашпау керек деп есептейді.

    - Жылыжай құрылысын өз күшімізбен салдық. Жанымда қолғабыс болар екі інім бар. Алма-кезек жылыжайға келіп, отырғызылған көкөністерді баптаймыз. Қазір мұнда қиярдың екі түрі, пияз бар. Пиязды қаладағы азық-түлік дүкендеріне тапсыра бастадық. Қалған өнімдеріміз сәуір айында жемісін береді. Талаптансаң алынбайтын қамалдың жоқтығына сенемін. Осы кәсіпті қолға алу үшін мың ойланып, ақыры іске кірістім. Былтыр мамыр айында “Жол картасы — 2020” бағдарламасы арқылы бес миллион теңге несие алдым. Жылыжай құрылысын өткен жылдың маусым айында бастадық. Аудандағы кәсіпкерлік палатасынан, өзге де тиісті мекемелерден осы нысанды салуға көмектер болды. Жылыжай орналасқан жер құнарлы. Болашақта осы жерге еккен өніміміз артып жатса, кәсібімді кеңейту де жоспарда бар, - дейді Нағашыбай.

    Кім келіп көмек берер екен деп күтіп отырмай, жанына екі бауырын алып іске кіріскен кәсіпкер қазір Шалқар ауданының тұрғындарына таза өнім ұсынып отыр. Нағашыбайдың көкөніс жылыжайында тек қана қияр емес, сондай-ақ, қазақи ауылға таңсық өнімнің бірі – салат жапырағы да өседі екен.
    - Тек қана қиярмен шектеліп қалмайық деп қазір аскөк, салат жапырақтары, укроп сияқты табиғи дәмдеуіштерді де халыққа ұсынып жатырмыз. Әзірге ешкімнен шағым түскен жоқ. Бәрі де адал еңбек пен мемлекеттің көмегі деп білемін,- дейді жылыжай иесі.
    Жылыжайдың жалпы аумағы — 400 шаршы метр. Су, газ, электр жарығымен толық қамтылған. Алайда мұндай алып нысанды тұрғызуда қиындықтардың болатыны рас. Нағашыбай сондай кедергілерден мойымай өтіп, алға қойған мақсатынан танбапты. Ол 2014 жылы “Ақтөбе Стартап” байқауына қатысқанмен, жүлдесіз оралған. Дегенмен, кәсібіне қол жеткізу үшін несие алудың өзге де жолдарын қарастырған ол нәтижесінде ойлаған жобасын сәтті жүзеге асырды.

    - Биыл наурыз айында жылыжайдың ашылу салтанаты өтті. Қазір алғашқы өнімімізді сатып, еңбегіміздің алғашқы жемісін жеп жатырмыз. Халықты өзіміздің суымыз бен топырағымыздан нәр алған сапалы өніммен қамтамасыз ету ойымызда бар,- дейді нағашыбай Қазин.
    Жылыжайдың тілін тапқан Нағашыбай Қазин қияр егудің қыр-сырымен бөлісті.
    - Қияр егу мамырдың бірінші онкүндігінде жүргізіледі, ал жылыжайда өссе, сәуірдің соңында отырғызуға болады. Олар қатарлап егіледі. Ерте пісетін сорттар үшін қатарлар арасы –70 см, орташа және кешірек пісетіндері үшін – 90 см. Көктегенге дейін қатарлар арасын қопсытып, арамшөптерден бірден тазартып тұру керек. Қияр өнімін олардың пісіп жетілуіне қарай теріп отыру қажет, себебі піскендерін уақытылы жинамау салдарынан басқа да жемістердің өсуі тежеледі. Шілде айында, жеміс салу күшейген кезде, өнім жинауды әрбір 1-2 күн сайын жүргізу керек. Қияр өнімін жинау барысында жемісті пышақпен кесіп алған жөн, жұлып алу өсімдік сабағына зиянын тигізуі мүмкін, ал ол өз кезегінде өнім беруді азайтады. Сонымен қатар сабақтарын басып кетпеуге тырысу керек,- дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шалқарда алма бағы пайда болады
  • Несиеден несібесін тергендер
  • Ақтөбенің көкөністері үлкен сұранысқа ие
  • Жерден ризық тапқан жігіт
  • Қазақстан-Нидерланд: ынтымақ береке бастауы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге