Шалқарда алма бағы пайда болады

    Шалқарда алма бағы пайда болады

    Шалқар ауданы – облыстағы ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған өңірлердің бірі. Бес жүзге жуық шаруа қожалығы бар, биыл 8 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. Қазір ауданда 41 982 мүйізді ірі қара, 109 889 қой – ешкі, 25 368 жылқы, 11 894 түйе бар. Жылдан жылға мал басы өсіп келеді. Биыл күзде Шалқарда алғаш рет алма бағы өсіріледі.

    Мемлекеттің көмегі зор
    Шалқар ауданы мемлекеттік бағдарламаларға белсенді ат салысып, үкіметтен берілетін жәрдем мен көмекті айқын сезініп келеді. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Марғұлан Досжановтың айтуынша, аудандық шаруалар мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысып келеді.

    - Биыл “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 160 бас мүйізді ірі қара алынуы тиіс. 80 бас мүйізді ірі қара алуға құжаттарын дайындап қойған шаруа қожалық бар. “Құлан” бағдарламасы бойынша “Бедел” шаруа қожалығы 40 бас жылқы алуға құжаттарын да-йындау үстінде. “Алтын асық” бағдарламасы бойынша “Сулыкөл” шаруа қожалығы 180 бас қой алу үшін құжаттары әзір,- дейді Марғұлан Досжанов.
    Марғұлан Досжановтың айтуынша, Шалқардағы сегіз ауыл шаруашылық кооперативтері 8,7 тонна ет, 16 тонна сүт өндіріп отыр.
    - Екі кооператив лизингпен ет таситын көлік алды. Лизинг арқылы тағы бір кооператив сүт таситын машина алды. Биыл жеке кәсіпкер Нағашыбай Қазин 400 шаршы метр болатын жылыжай ашты. Апта сайын Шалқар қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл жәрмеңкеде ет 15-20 пайыз арзан бағамен халыққа сатылады,- дейді Марғұлан Досжанов.
    Бөлім басшысы орынбасарының айтуынша, биыл “Нұралы” шаруа қожалығы 400 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, енді жылына 30 тонна ет өңдейтін цех құрылысын бастады. Биыл бұл цех іске қосылады деп күтілуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы орынбасарының айтуынша, Шалқарда мал басы жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалы, тек биылғы санақ мүйізді ірі қараның 5 пайызға, қой мен ешкінің екі пайызға, жылқы мен түйенің 6 пайызға өскенін көрсетті.

    Шалқар тек қана мал шаруашылығы емес, сондай-ақ егістіктің де шырайын шығаруға бел буып отыр. Биыл “Азамат- Ана бағы” атты жеке кәсіпкерлік бес гектар жерге алма бағын егуді жоспарлап отыр. Бағбанның айтуынша алма көшеттерін Ресейден алып келген. Көктемде құжаттары дайын болмай, бақтың жұмыстары кешеуілдеп қалыпты. Өзінің айтуынша, енді күзде Шалқардың алғашқы алма бағын егуді қолға алмақ ниетте.
    - Алма ағаштарын отырғызатын жерді алып қойдым. Әлі құжаттары дайын болмай жатыр. Жобасын сызу керек. Көшеттерімнің барлығы көктеп кетті, егіп үлгермей қалдым. Күзде отырғызамын. Ресейден екі мың түп алдырдым. Негізі алманың спартак, антоновка, империалист және американдық алма деген төрт сортын ексек деп отырмыз. Бұл алмалар екі жылдық, үш жылдық болып бөлінеді. Менің көшеттерім үш жылдық. Тәжірибе ретінде өз аулама егіп едім. Арғы жылы отырғыздым, былтыр өнімін берді. Биыл да өнім бергелі тұр. Бүршік жарып, түйіншіктері бар. Бес гектар жерге сондай-ақ жүзім отырғызайын деп жоспарлап отырмын,- дейді бағбан Рашид Тілеуімбетов.

    Бағбанның айтуынша, Шалқарда алма бағын өсіру өзінің арманы екен. Алмамен бірге жүзімнің кишмиш сортын өсіргісі келетін бағбан алған өнімін Астанадағы алма шырынын жасайтын кәсіпкерлерге тапсыруды жоспарлап отыр.
    - Алмамен бірге бір гектар жерге кишмиш деген жүзім сортын екпекшімін. Бұл сорт қыста сақтауға қолайлы. Алма бағын бір жолға қойған соң, алған өнімдерімді Астанадағы кәсіпкерлерге сатсам деймін. Астанада алма шырынын жасайтын кәсіпкерлер бар, солардан үлкен сұраныс түсіп отыр,- дейді Рашид Тілеуімбетов.
    Ол алма бағын өсіруді қолға алмас бұрын, жалға жер алып бақша егетінін айтады.
    - Алма бағын жасау бұрыннан келе жатқан арманым еді. Осыдан бес жыл бұрын Шалқар әкімдігінен жер сұрадым. Ол кезде жер бермеді. Қазір алма бағын жасақтау үшін жер берілді, бірақ, ол көлден 500 шақырым қашықта жатқан алқап. Алма бағын жасау үшін барлық құралдарым сақадай сай. Суғаратын насосым, тұрбаларым, басқа да қажетті құрал-жабдықтарымды дайындадым. Бірақ, көлдің жағасынан 500 метр қашықта жатқан алқапқа су тұрбасын тарту қиынға соғып тұр. Сондай-ақ, жерім судың жағасынан 3 метр биік жерде тұр. Көлге жақындау жерден берілсе деген өтінішім бар,- дейді бағбан.

    Көктемде отырғызылуы тиіс көшеттер құжаттарының реттелмеуіне байланысты күзге шегерілген екен. Рашид Тілеулесов олардың барлығын өз ауласына қаз-қатар егіп тастапты.
    - Көшеттерімді аулама егіп тас-тадым. Көшеттерімнің жартысы Ресейден келген жоқ. Жартысын аулама отырғыздым. Күзде жұмысымды бастаймын деп
    отырмын,- дейді ол.
    Бағбанның айтуынша, алма бағын күтіп-баптаудың еш қиындығы жоқ. Уақытында су ішетін арығы және жақсы қорғаны болса, бау тез арада жайқалып шығатынына сенімді.
    - Бір қиыны қыста ағаштарды суықтан қорғау. Және қояннан қауіп көп. Түз аңы ағаштардың түбін кеміріп кетеді. Қоян кемірген алма ауырып, өнімі азаяды, тіпті, мүлдем өліп қалады. Сол себепті уақытында ағаштардың түбін әктеп, тозаңдандырып тұру керек,- дейді бағбан.
    Шалқарда алма бағын өсіруді қолға алған бағбан көшеттерді қалай таңдау қажет екенін айтты.

    БАҒБАН КЕҢЕСІ
    Көшеттерді сатып алу кезінде олар тірі ме, жоқ па, қарау қажет. Шыбығы жасылдау, бүршіктері быртық болуы керек. Ең бастысы – тамыр жүйесі жақсы болуы тиіс. Тамырымен бірге топырағы болған жөн. Көшеттерді отырғызу кезінде химиялық тыңайтқыштарды қоспау керек. Олар тамырды күйдіріп тастайды. Көңді (үшжылдық, бесжылдық түрін) немесе қара топырақты қолданған жақсы. Алғашқы жылы өте жас көшеттерді қалың етіп бір қатарға отырғызамыз. Бұл да өзіндік жерге бейімделу кезеңі. Бір жылдан кейін олар біздің жерімізге жерсінеді де, біз оларды алдын ала жоспарланған жерге қайта отырғызамыз. Таңертең және кешке екі мезгіл су құйып тұру қажет. Түбін жақсылап жарты метрге дейін әктеп қойса құрт түспейді. Жан-жағындағы артық бұтақтарды кесіп тастау да маңызды.
    Шалқарлық бағбан Рашид Тілеуімбетов өзінің алмасына деген сұраныстың мол болатынына сенімді. Биыл күзде жоспары іске асып, бес гектар жеріне алма көшеттерін отырғызса, екі-үш жылдың ішінде ақтөбеліктер Шалқардың шұбатын ғана емес, алмасының да дәмін тататын болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі “Димаш” бағына алма ағаштары отырғызылды
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Жерден ризық тапқан жігіт
  • Like-қа лайық іс немесе Ақтөбедегі студенттердің алма бағы
  • Бағбандардың қызу тірлігі басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге