Ауыл көмексіз қалмайды

    Ауыл көмексіз қалмайды

    Қазір ауылшаруашылық саласына мемлекеттің назары жақсы. Тіпті түрлі бағдарламалар арқылы ауылдық жердің кәсіпкерлері өз шаруаларын дөңгелетіп отыр. Соның бір айғағы Темір ауданындағы “Темірлан” шаруа қожалығы. Құрылғанына 15 жылдай болған шаруашылық қазір мал басын көбейтумен қатар, тұқымды асылдандыру жұмыстарына да белсене кіріскен.

    Шаруа қожалығының басшысы Сайын Боранқұлов үкімет тарапынан көп көмектер беріліп жатқанын тілге тиек етті.
    - “Темірлан” шаруа қожалығы 2002 жылы құрылды. Ол кезде қазіргідей көп малымыз болған емес. Негізінен мал бағамыз. 2007 жылдан бастап егіспен де айналысқан едік. Мың гектарға дейін егіс ектік, бес жыл қатарынан жақсы өнім алдық. 2012 жылдан бастап егін шықпады. Себебі ауа –райы қолайсыз, қуаңшылық болды. Жаңбыр жаумады. Сосын егістікті тоқтатып, қазір негізінен малмен айналысамыз. Шаруа қожалығымызда қазіргі таңда ірі қара, қой, жылқы бар. “Сыбаға” бағдарламасына екі рет қатыстық. Ауыл шаруашылықты қолдау қорынан несие алдық. Сол екі несиеге де ірі қара малын сатып алдық. Негізгі бағытымыз- етті тұқым, ақбас мал. Әр екі жыл сайын асылтұқымды бұқаларды ауыс-тырып тұрамыз. Асылтұқымды бұқаларды Оралдан, Қостанайдан сатып алдық. Ірі қара малымыздың еркектерін Алғадағы “Актеп” ет комбинатына өткізіп жатырмыз. Қойымыз “еділбай”. Ойылдың асылтұқымды қошқарларын алып тұрамыз. “Құлан” бағдарламасы бойынша жылқы сатып алдық. Мұғалжар тұқымы етті тұқым, мемлекеттік бағдарлама бойынша 30 бас бие сатып алдық. Қазір жылқы саны 65-ке жетті. 250 бас ірі қара, қозысын қоспағанда 870 бас қой бар. Малдарымызға Алтықарасу селолық округі, Еңбекші ауылында Ақтоғай қыстағында екі база бар. Малшыға арналған екі үйі бар. Малшылардың жағдайлары жасалған. Монша бар. Екі үйде де телефон бар, Отау спутниктік бағдарламасы бар. Шаруа қожалығында алты жұмысшы бар,- дейді қожалық жетекшісі.
    Қазір “Темірлан” шаруа қожалығында алты жұмысшы бар. Олардың барлығына ай сайын 30-35 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Одан басқа малшылардың жатын орны, азық-түлігі, қыстық соғымы, арнайы киім-кешегі де қожалықтың мойнында.
    - Өзім зейнетке шықтым. Қазір қожалықты балама бердім. Жұмысшыларыма ай сайынғы жалақысымен бірге, арнайы киім-кешегін, соғымын, азық-түлігін өз мойнымызға алдық,- дейді Сайын Боранқұлов.
    Қожалық өз малының азық-түлігін өзі қамтамасыз етіп отыр. “ҚазАгроФинанстан” екі МТЗ-821 деген жаңа техника алған. Шөп тайлайтын және буатын құрылғы, шөп тиейтін техника алған. Жыл сайын Алғаның ет комбинатына шөп сатады.
    - Қазір шаруашылықта екі КАМАЗ көлігіміз бар. Шөп пен мал тасиды. Малдарымызды тек ет комбинатына ғана емес, сондай-ақ түрлі жәрмеңкелерге әкеліп, қала базарларына өткіземіз. Ауданда апта сайын жәрмеңкелер болады. Астанадағы Ақтөбе күніне орай жылқы мен сиыр етін апардық,- дейді Сайын Боранқұлов.
    “Темірлан” шаруа қожалығы алдағы уақытта малды ақбас тұқымға асылдандыру жоспары барын айтады.
    - Келешекте малды асылдандыру жұмыстарын жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін Қостанайдан асылтұқымды ақбас қашарлар мен асылтұқымды бұқалар сатып әкеліп, мал басын асылдандырғымыз келеді. Ешкімнен бұқа сатып алмай, өзіміз асыл тұқымды мал сатуды жоспарлап отырмыз,- дейді Сайын Боранқұлов.
    “Темірлан” шаруа қожалығының басшысы өндірістік кооператив құрғысы келетінін де жасырмады.
    - Жиырма отбасының басын біріктіріп, өндірістік кооператив құрмақ ойымыз бар. Мемлекеттің өзі осындай тапсырма берді ғой? Халықты жұмыссыздықтан құтқару үшін осындай бағытта жұмыс жасамақ ойымыз бар. Бұл бағытта ауданымыздың ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Еспағамбет Төлеуов көп көмегін беріп жүр,- дейді қожалық басшысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қожалығын өрге өрлеткен кәсіпкер
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Шаруа қожалығының басшысы туысының жылқысын ұрлаған
  • Төрт шаруа қожалығының басшысы алаяқтықпен ұсталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге