Темірліктер алда келеді

    Темірліктер алда келеді

    Қазақ бағзы заманнан бері жер арқылы ризығын айырып келе жатқан халық. Тәуелсіздікке ие болғалы мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына басымдылық берілді. Өйткені, қазақ малсыз өмір сүре алмайды. Осы орайда Темір ауданының ауыл шаруашылығына тоқтала кеткенді жөн көрдік.

    Мал шаруашылығы
    Аудан бойынша мал басы 2017 жылдың алғашқы төрт айында ірі қара 44 229 басқа, қой-ешкі 123 855 басқа, жылқы 6 669 басқа, түйе 353 басқа, құс 39 090 басқа жетіп отыр. Ал 2017 жылдың төрт айлық көрсеткіші бойынша ірі қара 102%, қой-ешкі 104%, жылқы 106%, түйе 113%, құс 100%-ға орындалып отыр.

    Ауыл шаруашылығы
    2017 жылдың төрт айында ет өндіру 3 324 тонна, сүт 5575 тонна, жұмыртқа 1545 мың дана болып отыр.
    Ал 2017 жылдың 4 айлық көрсеткіші бойынша ет 104%, сүт 103%, жұмыртқа 102% га жетті.
    Жалпы ауылшаруашылығы өнім өндіру көрсеткіші 103% болып отыр.

    Егін шаруашылығы
    Аудан бойынша 2016 жылы 7300 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде 1900 гектар дәнді дақылдар, 230 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары, ал 4000 гектар жерге мал азықтық дақылдар егілді. Одан 243 тонна астық , 1610 тонна картоп, 1845 тонна көкөніс, 800 бақша дақылдар алынды. 230 000 тонна мал азығы дайындалды.
    Биыл барлық егіс көлемі 7800 гектарды құрады. Оның ішінде 2200 гектар жерге астық дақылдары, 320 гектар жерге қара бидай, 1800 гектар жерге мал азықтық дақылдары және 268 гектар жерге суармалы егіс егілді. Оның ішінде 134 гектар жерге картоп, 100 гектар жерге көкөніс, 34 гектар жерге бақша дақылдар егіледі. Сонымен қатар, 2014-2016 жылдары 3212 гектарға егілген мал азықтық дақылдары бар. Бүгінгі күнге дейін 282 гектар суармалы жерге жерге егін егілді. Олардың ішінде картоп 134 гектар жерге, 113 гектарға көкөніс, 35 гектарға бақша дақылдары егілді.

    Барлық дақылдарды егу үшін 240 тонна тұқым қажет. Қазіргі уақытта қажетті тұқымдар ауданда бар.
    Қолда бар тұқымның 204 тоннасы дәнді дақылдар, 36 тоннасы мал азықтық дақылдар тұқымы. Бүгінде 200 тонна арпа тұқымы I – репродукция, 4 тонна тары тұқымы II-репродукция және 36 тонна мал азықтық дақылдар тұқымы II-репродукциялы тұқымдар,-дейді Темір аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Еспағамбет Төлеуов.

    Үкіметтің көмегі
    Бөлім басшысының айтуынша, ауданның шаруа қожалықтары үкімет тарапынан берілетін барлық көмекті толығымен алып отыр.
    - Аудан бойынша былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011 жылы жеті шаруашылық 250 бас, ал 2012 жылы 16 шаруашылық 406 бас мал сатып алынды. 2013 жылы 13 шаруашылық 395 бас мал сатып алып, жоспар 103 пайызға орындалды. 2014 жылы 10 шаруашылық 278 бас мал сатып алып, жоспар 102 %-ға орындалды, 2015 жылы 14 шаруашылық 462 бас мал сатып алып, жоспар 121%-ға орындалды, 2016 жылы 15 шаруашылық 502 бас мал сатып алып жоспар 111% -ға орындалды,- дейді Еспағамбет Төлеуов.

    Оның айтуынша, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2014 жылы бір шаруашылық 70 бас мал сатып алған. 2015 жылы төрт шаруашылық 950 бас мал сатып алып, жоспар 100%-ға орындалды, ал 2016 жылы 5 шаруашылық 960 бас мал сатып алып, жоспар 137%-ға орындалған.
    «Құлан» бағдарламасы бойынша да аудан қожалықтары мемлекеттің көмегіне жүгініп келеді. Мысалы, осы бағдарлама бойынша 2014 жылы екі шаруашылық 43 бас мал сатып алған. Ал 2015 жылы алты шаруашылық 160 бас мал сатып алуға өтініш берген. 2016 жылы үш шаруашылық 116 бас мал сатып алып, жоспар 105%-ға орындалған.

    - 2017 жылға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 200 бас, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 270 бас, «Құлан» бағдарламасы бойынша 50 бас мал сатып алу жоспары беріліп отыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша оның жеті жобасы 135 басқа құжат тапсырылып, одан екі жоба 23 бас малға мақұлданды. «Құлан» бағдарламасы бойынша төрт жобасы 73 басқа құжат тапсырылып, одан бір жоба 8 басқа мақұлданды,- дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.
    «Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданның төрт жобасы 405 басқа құжат тапсырылып, одан екі жоба 165 басқа мақұлданды.

    Мал бордақылау алаңына 2100 бас мал тапсыру жоспары тұр. Бүгінгі күнге 179 бас мал бордақылау алаңына мал тапсырылып отыр. Биылғы аудан орталығынан «Темір кредиттік серіктестігі» ЖШС құрылды. Қазіргі уақытта округтерден осы серіктестікке құрылтайшылар кіргізу жұмыстары жүргізілуде.

    Аудан бойынша асыл тұқымды малдың көрсеткіші бүгінгі күнге ірі қара 134 бас, асыл тұқымды қой 366 бас сатып алынды.
    Дәстүрлі емес шаруашылық бойынша шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер ешкі 13 бас, құс 1354 бас, бөдене 500 бас, қоян 162 бас сатып алды.

    Ауыл шаруашылығы бойынша инвестиция
    Ауылшаруашылығы саласы бойынша 2016 жылдың 4 айында 16 млн 750 мың теңге болса, 2017 жылдың төрт айында 63 млн 926 мың теңге болып өткен жылмен салыстырғанды 131% орындалып отыр.

    Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтер жұмыстары туралы
    Аудан бойынша 11 ауыл шаруашылығы өндірістік Әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта қажетті жерлерін алып, жұмыстарын ұйымдастыруда.
    Осы ауылшаруашылығы кооперативінің ішінде әр салалы бағыт бойынша Ақсай ауылдық округінде «Рамазан-Ақсай» өндірістік кооперативі жұмыс жасауда. Осы кооперативке ет таситын автөкөлік пайдалануға беріліп, мал тұқымын асылдандыру бағытымен қатар бүгінгі күнге 31,2 тонна ет дайындап өткізіп отыр. Сүт қабылдау пункті мен мал сою пунктін ашу жоспарлануда.
    Ауданда 1996 жылға дейін астық, оған қосымша биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, бақша өсіруге маманданған алты кеңшар, бір мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олар түгелімен дерлік жекешелендірілді. 2005 жылы жүргізілген статистикаға сәйкес, ауданның ауыл шаруашылығы саласында алты ЖШС және 384 шаруа қожалығы ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1,261 миллион гектар, шабындығы 36,1 мың гектар, жайылымы 1,131 миллион гектар. Ауданда қой мен ешкінің саны 94,7 мың бас, жылқы 5,5 мың бас, түйе 0,45 мың бас болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Шалқарда алма бағы пайда болады
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге