Балдың бабын тапқан Темірлан

    Балдың бабын тапқан Темірлан

    Мәртөк ауданының Хазірет ауылдық округінде тұратын Темірлан Баймурзин бал арасын өсірумен айналысады. Бүгінде жас агроном Ақтөбе өңірінде қарқынды дамып келе жатқан дәстүрлі емес кәсіп түрін әжептәуір меңгеріп қалған. Алайда жас маман білімін жетілдіру үшін биыл Израилға аттанбақ.

    Темірланның бұл кәсіппен айналысқанына үш жылға жуықтап қалған. Айтуынша, омарташы болу оңай емес. Өйткені ол араларды күтіп баптаудың ерекше тәсілдерін меңгеруі тиіс. Сондай-ақ арамен жұмыс істеген кезде ұқыпты болуы, ұстамдылығы мен шыдамдылығы мықты болуы керек.

    -Қазір шаруашылығымызда 15 ара ұясы бар. Алғаш кәсібімізді бастаған кезде Өзбекстаннан 11 ұя сатып алдық. Бізде негізінен Ақтөбе өңірінің табиғат жағдайына тез бейімделе алатын карпат тұқымдас бал аралары өсіріледі. Олар тез өсіп жетіледі, еңбекқор, оған қоса өнімді де көп береді. Сырт көзге бал арасын өсіру оңай жұмыс көрінеді. Алайда қиындығы да жетерлік. Әсіресе, бал арасының шағуына көп адам шыдай бермейді. Мамыр айының соңына таман егіске шықтық. Былтыр 500 келі өнім алдық. Алдағы уақытта бал арасының санын көбейтіп, одан алынатын өнімнің көлемін де арттыру жоспарымызда бар,- дейді ол.
    Бүгінде Темірлан жұмыс істейтін “Жездібай” шаруа қожалығы омарташылықпен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Бидай мен арпа өсіріп, күнбағыс егеді.
    - Биыл 300 гектар жерге күнбағыс, 20 гектар жерге эспарцет ектік. Шаруа қожалығының иелігінде орман да бар. Онда гүлдің сан алуан түрі өседі. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі “жұмысшы” аралар ғана атқарады. 20 күн сайын орын ауыстырып отырамыз. Қазір бал арасын өсірудің қыр-сырын үйреніп жүрмін. Түрлі семинарларға қатысамын. Жақында Қарғалы ауданы Петропавловка ауылына Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен “Бал ара” Қазақстан омарташылары Ұлттық одағы” вице-президенті Ғабит Нұрәділ келіп, бал арасын өсіруші кәсіпкерлермен кеңес өткізді. Көптеген тың мағлұматтар алдым. Енді биыл қыста Израилге үш апталық курсқа барып, білімімді жетілдіруді жоспарлап жүрмін,-дейді жас омарташы.
    Қазір 21 жастағы жас жігіт Орал қаласындағы ауылшаруашылық институтында агроном мамандығын меңгеруде. Бұдан бөлек қарғалылық омарташы Александр Сенацкийден ара бағудың, бал алудың қыр-сырын үйреніп жүр. Айтуынша, жергілікті омарташыларға мемлекеттен қолдау көп.

    - Жергілікті билік тарапынан бал арасын өсірушілерге қолдау көп. Биыл омарташылар ауыл шаруашылығы кооперативіне бірікті. Бал арасының әр ұясына 20 мың теңге субсидия беріледі деп жатыр. Халық бұрынғыдай емес, таза балдың пайдасын жақсы түсінеді. Шаруашылық өндірген өнімдерді бұрын Мәртөк ауданының тұрғындары ғана тұтынатын. 1 келісі-2000 теңге. Ал биылдан бастап өнімдерімізді Ақтөбедегі бөлшектеп өлшеу цехына тапсырып жатырмыз. Олар бізден 1 келісін 1200 теңгеден көтерме сатып алады. Соңыра шағын қораптарға салып, балабақшалар мен мектептерге таратады. Қаладағы дүкен сөрелеріне шығарады. Яғни, барлық өнімдеріміз келесі жылға қалмай, түгелімен сатылып кетеді. Бұл біздің өз кәсібімізді жалғастыруға деген құлшынымызды арттырады,-дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік оқушыларға күн сайын бал берілмек
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Бөдененің бабын тапқан кәсіпкер
  • Ақтөбелік омарташы араның уымен емдейтін орталық ашпақ
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге