Ақтөбелік оқушыларға күн сайын бал берілмек

    Ауыл шаруашылығы басқармасы биыл 50 тонна бал өндіруді жоспарлап отыр. Соның арқасында мектеп оқушыларына күн сайын 10 грамм бал беріп тұрмақ. Осы үшін өңірімізде ара балын кәсіп еткендерге қол ұшын беріп жатыр.

    Ақтөбенің өз балын өндіру мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданына барды. Облысымызда ара балымен айналысатын кәсіпкерлер бірігіп, жыл басында "Ақтөбе омарташылары" кооперативін құрған. Бұл кооператив қатарында 34 кәсіпкер бар. Бүгінгі таңда облысымызда 480-ге жуық ара ұясы бар екен. Ауыл шаруашылығы басқармасы 2021 жылға дейін ұялар санын 5000 бірлікке жеткізуді жоспарлап отыр.
    - Біз ара балын дамыту мақсатында жаңа бағдарлама қабылдадық. Енді осы бағдарлама аясында ұя санын 5000 бірлікке жеткізгіміз келеді. Ара балымен айналысатын адамдарға жер беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Биыл әр ара ұясына субсидия ретінде 20 мың теңгеден беруді жоспарлап отырмыз. Бұл ақшаға селекциялық жұмыс істеп, аралар санын көбейтуге болады, - дейді Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық басқармасы, мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Панабек Бимұратов.
    Оның айтуынша, бұған мемлекет тарапынан 7 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы 350 ұяға жетеді.
    Былтыр өңірімізде 30 тонна бал өндірілген. Ал биыл оның көлемін 50 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.
    Ауыл шаруашылығы басқармасының ара балына көп көңіл бөлуіндегі басты мақсаты – балалардың денсаулығы. Әлеуметтің жағдайын көтеру үшін мектеп жасындағы әр балаға күн сайын 10 грамм бал беріп тұру қарастырылып жатыр.
    - Жақында мәслихат сессиясында осы мәселені көтердік. Мәслихат бұл ойымызды қабылдады. Енді осы бағдарлама аясында жұмыс істейміз. Мақсатымыз – қаланы ғана емес, облысты қамту. Ең алдымен, аз қамтылған отбасылардың балаларынан бастаймыз, - дейді Панабек Бимұратов.

    Білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, облысымызда аз қамтылған отбасыдан шыққан 15 мың бала бар екен. Олардың бәрін қамту үшін күніне 151 келі бал қажет. Демек, бір оқу жылында балаларға 31 тоннадай бал кетеді. Ол үшін мемлекеттен 60-70 млн теңге бөлінуі керек екен. Ал кейін, мектеп жасындағы барлық балаға бал беру қарастырылады.
    Өңірімізді балмен қамтамасыз ету үшін кооператив мүшелеріне жер қажет екен. Ауыл шаруашылығы басқармасы осы мәселе жөнінде аудан әкімдеріне ұсыныс жасаған. Омарташылардың айтуынша, оларға дәл қазір тек шағын жер телімі ғана қажет.
    - Басында төрт омарташы едік. Кейін ниет білдірушілер көбейді. Жылдың басында бәріміз жиналып, кооператив аштық. Ақтөбенің барлық омарташылары бірікті. Қазір бір-бірімізді бәсекелес көрмейміз. Тәжірибе алмасып жатырмыз. Болашақта субсидия берілсе, оның бір бөлігін кооперативтің дамуына қалдырамыз. Енді жер мәселесін қарастырып жатырмыз, - дейді омарташы Александр Сенатский.

    Өңіріміздегі тағы бір омарташы Сейітжаппар Мауаловтың айтуынша, кооперативтің ашылуы ара балы кәсібінің дамуына үлкен дем берген.
    - Осы саланы толық қолға алғаныма екі жылдай болды. Қазір иелегімде он ара ұясы бар. Әр омарташы бөлек-бөлек жұмыс істесе, ештеңе өнбес еді. Ал бәріміз кооперативке біріккен соң, тұтас күш пайда болды. Түрлі мәселелер туындағанда кооператив арқылы шешеміз. Жалғыз өзің болсаң, кімнен және қайдан көмек сұрауды білмейсің. Ал қазір бәріміз ұйымдасып, ортақ шешім табамыз, - дейді омарташы.

    Сейітжаппар Мауаловтың айтуынша, оған 5-6 гектар жер жеткілікті. Сол жерге гүлденетін өсімдіктер мен жидектер ғана екпек.
    Омарташылар үшін балды өндіру қиын, бірақ сол өндіргенін өткізу одан да қиын. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы басқармасы жаңа істі қолға алмақ. Осы басқарманың бастауымен балды сатып алатын кәсіпорындар құрылады. Бүгінде сондай бір шаруа қожалығы өз жұмысын бастап кеткен. "Таңшолпан" цехы кооперативтен бал сатып алып, оны өндіріске шығарады. Қожалықтың өнімдерін бүгінде қала супермаркеттерінің сөрелерінен табуға болады.

    - Цехтың ашылғанына бір айдай уақыт болды. Балды Ақтөбенің омарташыларынан аламыз. Бүгінде бір тоннадай балды өндіріп, сатылымға шығардық. Бастапқы өнімдерді "Дина" сауда желісінен табуға болады. Қазір "Анвар" супермаркеті, басқа да сауда орындарымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, - дейді "Таңшолпан" қожалығының құрылтайшысы Нұрбек Нұғман.

    Бұл цехта бал өндіретін екі құрылғы бар. Оларды "Агросервис" арқылы несиемен алған. Сондай-ақ, мұнда екі адам жұмыс істеп жатыр.
    Аталмыш қожалық балды 20 грамм және 10 грамм қаптамамен шығарады. Нұрбек Нұғманның сөзінше, бұл өнімдерді қонақүй, ұшақ, ауруханалар мен мектептерде, қоғамдық тамақтану орындарында пайдалануға болады. 20 граммдық қаптамадағы балдың бағасы – 45 теңге. Ал 10 граммдық балды 25 теңгеге сатып алуға болады.
    Қожалықтың мақсаты – үлкен цех ашып, алдына тек бал өнімдерін ғана сататын дүкен орнату. Осы арқылы өңіріміздегі омарташылардың да кәсібі дами түседі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Балдың бабын тапқан Темірлан
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
  • Ауылдық өнімдер зауытқа тапсырылады
  • Ақтөбелік омарташы араның уымен емдейтін орталық ашпақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге