Қазақтың кәсібі - мал

    Қазақтың кәсібі - мал

    Жастайынан отбасылық кәсіп ашқан Шалқар ауданы, Мөңке би ауылының тұрғыны Жақсыбек Алдияров несібесін еңбекпен тауып келе жатқан шаруа.

    - Мал шаруашылығы ертеден келе жақтан қазақ еліне, қазақ жұртына ортақ кәсіп қой. Ата-бабамыз ертеден мал бағып, малдың қадірін білген. Қанымызда бар бұл кәсіпті бастап қолға алу аса қиын болмады. Отбасымызбен ауылда тұрамыз. Қолымызда да ірі-қара малдар болатын. Отбасымызбен ақылдаса келе 1997 жылы “Нұрдаулет” шаруа қожалығын аштық,- дейді шаруа.
    Бауырларымен бірігіп қожалықтың ісін дөңгелетіп отырған Жақсыбек Алдияров мемлекеттік бағдарламаларға қатысқанын айтады. Бірақ, несие алу оңай болмаған.
    - Ағаларымызбен бірігіп қожалықта жұмыс жасап келеміз. 2014 жылы “Құлан” бағдарламасы бойынша үкіметтен несие алдық. Несие көлемі алты жарым миллион теңгені құрайды. Несие алу оңай болмады. Қажетті барлық құжаттарды жинап тапсырдық. Кепілге ірі-ірі техникаларымды, қалада орналасқан пәтерімді салдым. Соның арқасында несие алдым. Алған қаражатқа жылқылар сатып алдық. Сырттан емес, өзіміздің жергілікті кәсіпкерлерді қолдайын деп Ақтөбе облысынан жылқы малдарын сатып алдық. Жиырма бас жылқы, екі айғыр алынды. Несиені 7 жыл уақыт аралығында қайтару керек. Бастапқы екі жылдықта кәсіпті айналдырып алуға уақыт береді. Үшінші жылдан бастап несиені қайтаруды бастаймыз. Шүкір, қазіргі таңда мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көп көмек беріліп отыр. Жағдай жасалынып жатыр,- дейді кәсіпкер.
    Жылқышының айтуынша, жылқылары жылына он бес құлын береді екен.
    - Жылқыларымның күйі жақсы. Жылына он бес құлыннан беріп тұрады. Жылқыларды семіртіп, баптап Шалқар қаласындағы ет комбинатына жеті, сегіз бас жылқының етін тапсырып тұрамыз. Ақтөбе қаласындағы Табыс базарында болатын жәрмеңкелерге барып тұрамыз. Ет өнімдері, сүт өнімдері, шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, сары майдың бағасын халыққа қол жетімді етіп арзандау бағамен қоямыз. Сонымен қатар жергілікті ауданаралық жәрмеңкелерде ет өнімдерін тапсырамыз. Жақсы игі істерден алыс қалмауға тырысамыз,- дейді ол.
    Шаруаның айтуынша, мемлекеттен алған несиені жылқыларының өзі –ақ жауып отыр екен.
    - Жылқыларым өз несиесін өзі жауып отыр. Жемісін де көріп отырмыз. Отбасылық кәсіп болған соң өзімнің бір балам, бір жиенім қожалықта жұмыс жасайтын еді. Қазір отан алдындағы борышын өтеуге әскерге кетті. Бірі Ақтау қаласына, бірі Алматы қаласында отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Аман-есен оралса қожалықтағы жұмыстарын да қарайтын болар. Қожалықта олардан басқа алты адам жұмыс жасайды. Жататын үй - жайы бар. Келісілген еңбекақысын алады. Нұрбек, Әсет деген інілерім жұмыстарынан демалыс алса, бізге қол үшін беріп көмектесіп жүреді. Соларға алғысымды білдіремін,- дейді шалқарлық шаруа.
    Қожалық техникалық жағынан да ешкімге алақан жайған емес.
    - Ірі қара малдарға арналған совхоздан қалған кашар бар. Қожалықта екі камаз, лизинг арқылы МТЗ 82 маркалы трактор алдық. Совхоздан қалған ЮМЗ 6 тракторы бар. Шөп шабатын барлық техникаларымыз бар. Мал азығын сатып алмаймыз. Өзіміз шөп шабамыз. Жеріміз жақсы құнарлы. Биыл жаңбырлы маусым болған соң шөп жақсы шыққалы тұр. Ірі-қара малдарымызға жем, шөбін береміз. Өзімізден ауысқанын ауыл тұрғындарына сатамыз. Осылай шағын болса да өз кәсібіміздің арқасында адал нан тауып жеп отырмыз. Барлығы еңбектің арқасы,- дейді шаруа.

    Шаруаның айтуынша, өздеріне жетерлік біршама мәселелері де бар екен.
    - Біздің мәселеміз су болып тұр. Су құбыры істен шыққан. Күрделі жөндеуді талап етеді. Үкімет тарапынан субсидия бойынша Ақтөбеден компания келіп жасау керек еді. Соны күтіп жүрміз. Шілде айында келеді деп күтілуде. Алдымыздағы жоспарымыз жылқы басын көбейту. Асыл тұқымды жылқы басын өсіру. Аналығын елу, алпыс басқа жеткізу. Ауылдағы шаруаларға демеу көрсетіп жатқан мемлекетімізге рахмет. Осындай бейбіт күнде адал еңбек етіп, елімізге пайдамыз тиіп жатса- сол бақыт. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Кәсібімізден береке табайық,- дейді Жақсыбек Алдияров.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Темірліктер алда келеді
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Қожалығын өрге өрлеткен кәсіпкер
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге