Қанаты кеңге жайылған "Идеят"

    Қанаты кеңге жайылған "Идеят"

    Ойыл ауданы, Көптоғай ауылында "Идеят" қожалығы мыңнан астам мал бағып, он шақты адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

    Тілекбай Әміровтың өз шаруашылығын ашқанына он жылдан асты. Алдымен өзінде бар шағын ғана қойды бағумен бастаған ол кейін кәсібін дөңгелетіп алып кеткен. Бүгінде әкесінің құрметіне "Идеят" деп аталған қожалық қарқынды жұмыс істеп жатыр.
    - Бұрын бас инженер болып қызмет атқардым. Бірақ оның жалақысы аз, айлықты уақытында бермегесін бұл қызметті доғардым. Сөйтіп, өз кәсібімді ашуды ұйғардым. 2005 жылы жер алып, қажетті құрылғыларды қоя бастадым. Бар жағдайын келтірген соң, қолымда ұстап отырған шағын қойларымды сонда бағып жүргенмін. Кейін "Жол картасы – 2020” бағдарламасы туралы естіп, сол арқылы қосымша мал алдық. Ал 2013 жылы қой басын асылдандырып, асыл тұқымды мал асырай бастадық, - дейді "Идеяттың" басшысы.
    Ол өз шаруашылығын бастаған кезде еншісінде 70 гектар жер болған екен. Кейін индустрияландыру жұмыстары жүргізіліп, жер телімін кеңейтіп алған. Бүгінде "Идеят" қожалығына тиісті үш жарым мың гектар жер бар. Тілекбай бұл жерді 49 жылға жалға алғанын айтады.
    Қожалық басшысының еншісінде бірнеше техника да бар. Басында шөп орайтын көлігі болған. Ал 2015 жылы техникалар қатарына екі тракторды қосты. Кәсіпкер оларды "ҚазАгроГрант" АҚ арқылы несиеге алған.

    Қожалық бүгінде 1000 қой мен 200 ірі қара бағып отыр. Осынша малды асырау үшін шығын да көп кететіні анық.
    - Мал асырау деген оңай жұмыс емес. Оның күнделікті шөбінің өзі қожалық иелеріне салмақ түсіріп жатады. Тапқан табысымыздың бір бөлігі малдардың асына кетеді. Абырой болғанда, мал ауырып, қырылып жатпайды бізде. Уақыты жеткенде үкімет малдарды медициналық тексерістен өткізіп, екпе егіп отырады, - дейді қожалық басшысы.
    "Идеят" қожалығы бүгінде бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Екі қойшы мен сиыр бағатын бір бақташыдан бөлек, екі тракторшы және бір көлік жүргізушісі бар. Оған қара жұмыспен айналысатын тағы екі адамды қосыңыз. Сонымен қатар, қожалықта бір техник жұмыс істейді.
    - Біреулерге оңай көрінетін шығар, бірақ мал бағу – өте қиын кәсіптердің бірі. Жұмысшылар тұрақтамайды. Себебі оның жұмысы қиын, жазда аптап ыстық. Одан қалды аяз, жаңбыр дегенге қарамай жұмыс істеуің қажет. Малды түнде де қарайды. Сондықтан оларда демалыс аз, кейде 24 сағат бойы жұмыс істеуі мүмкін. Баяғыдай отбасымен бірге көшіп келіп, мал бағатын жұмысшы жоқ қазір. Мысалы, менің қожалығымда малшылар әрі кетсе 1-2 жыл ғана жұмыс істейді, - дейді Тілекбай Әміров.

    Қожалық иесі мемлекет қолдауынан да тарығып отырмағанын айтады. Оның сөзінше, елімізде түрлі кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар іске асып жатыр.
    - Негізгі табыс көзіміз осы малдар болғандықтан, оның басын көбейткіміз-ақ келеді. Мемлекет те кет демейді, субсиядиясын беріп жатыр. Мысалы, былтыр желтоқсанда әр қойым үшін мың жарым теңгеден берді. Ал аналық сиырларға 18 мың теңгеден алдым, - дейді ол.
    Өңірімізде мал шаруашылығын дөңгелетіп отырғандар көп болғандықтан, төрт түліктің базардағы бағасы арзандау. Бірақ Тілекбай Әміровтың айтуынша, биыл мал бағасы сәл қымбаттаған. Енді ол қол астындағы мал санын көбейтіп, зейнетке шыққанша осы кәсібін дамыта бермек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Қожалығын өрге өрлеткен кәсіпкер
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Ырғыздың жайы осындай...
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге