Мәртөктік кәсіпкер Ақтөбеде кездеспейтін таза қанды қояндар өсіруде

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында жеке кәсіпкер Олег Мельченко қоян өсіріп, табыс тауып отыр. Кәсіптің көзін тапқан ол биыл шағын ферма ашып, салпаңқұлақтардың санын үш мыңға жеткізбек.

    Ауыл тұрғыны қояндарға бала кезінен қызыққан. Соңыра қоян етіне деген сұраныс артқандықтан, бұл кәсіппен шындап айналыса бастапты.
    - 7 жасымнан бастап қоян өсіре бастадым. Атам совхозда бригадир болатын, сол кісі Ресейден үй қояндарын әкеп берді. Соңғы 3-4 жылға дейін тек өзім үшін ұстап келдім. Адамдар келіп, қызығушылық таныта бастады. Етіне сұраныс көбейді. Сөйтіп, Оралдан, Ресейдің Магнитогорск, Орынбор қалаларынан қоян алдырта бастадым. Жақында Алматыдан да әкелдік,- дейді ол.

    Олегтің айтуынша, ол қарапайым үй қояндарын емес, таза қанды түрлерін өсіреді екен. Салпаңқұлақтарды ол арнайы тапсырыспен алдыртады.
    - Бүгінде 200-ге жуық қоян бар. Оның ішінде калифорниялық, жаңа зеландиялық, франсуз қояны, бельгиялық үй қояны (фландр), күміс түсті салпаңқұлақтарды өсіріп отырмын. Ақтөбеде жоқ, таза қандысын алуға тырысамын. Өйткені бұл кәсіппен көптен айналысатындықтан, қоянның түрлерін жақсы айыра аламын.Әрі, өзімде бар түрлерін ешкімге сатпаймын. Қоянның бұл түрлеріне көп шығынданбайсың, тез өседі. Салмағы орташа, бір қоян шамамен 3- 3,2 келі ет береді. Саннан гөрі, сапаға көбірек мән беремін,-дейді кәсіпкер.
    Қоян еті диеталық етке жатады. Биологиялық құнарлылығы өте жоғары. Ақуызға, витамин мен минералға бай. Әсіресе, жүрек қан тамырлары ауруына, семіздікке шалдыққандарға және бүйрегі ауыратындарға таптырмайтын ем. Сондықтан кәсіпкердің тұрақты тұтынушылары да бар. Өнімдерін тек Мәртөкте ғана емес, Ақтөбеде, тіпті Алғадан келіп, сатып алушылар бар екен.
    -Қоян етінің 1 келісі 1000 теңге тұрады. Көбіне қант диабетіне шалдыққандар жиі сатып алады. Бұдан бөлек тапсырыс бойынша етті көкөніс пен жеміс-жидек салып, духовкаға пісіріп беремін. Етті кәуапқа да жиі алады, -дейді Олег.
    Оның айтуынша, қоян өсіру –табысты кәсіп. Бейнеті болғанмен, түсер пайда шаш-етектен.
    -Қоянға күтім керек. Қыста жылы жерде ұстайсың. Ал жаз ыстық болғандықтан, ішетін суын үзбеуің керек. Кішкентай көжектері өліп қалмас үшін үнемі бақылап, қарап жүруің керек. Бірақ еңбегіңді ақтайды. Биыл мамыр айында "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы арқылы 1,5 млн теңгеге Грант ұтып алдым. Енді шағын ферма ашып, жыл аяғына дейін үй жануарларының санын 3 мыңға жеткізсем деймін.Қоян-өте өсімтал жануар. Ерінбей еңбек етсең, табар пайдаң да көп, - дейді қоян өсіруші.
    Отбасылық шағын бизнесін дөңгелетіп отырған Олегтің бұдан өзге мақсаты да бар. Етті брама тауықтарын өсіргісі келеді. Алайда ол әзірге бұл жоспарын болашақтың еншісіне қалдырған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бөдененің бабын тапқан кәсіпкер
  • Хоббиін кәсіпке айналдырған азамат
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Ақтөбелік ардагерге 71 жылдан соң “Қызыл Жұлдыз” Ордені табысталды
  • Қоян атқан мұғалжарлық мемлекетке 80 мың теңге төледі
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге