Ебін тауып, ешкі өсір....

    Ебін тауып, ешкі өсір....

    Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Петропавл ауылында тұратын Абат Өтегенов сүтті ешкі мен қара шұбар сиыр бағып, дөңгелетіп отыр. Шағын сүт цехын ашқан жеке кәсіпкер бүгінде бірнеше өнім түрлерін шығарады.

    Бүгінде ердің жасы елуді еңсерген кәсіп иесі бір кездері Астанада басшылық қызметтерді атқарған. Алайда кейін ауылға аңсары ауған жігіт ағасы туған жеріне оралып, ауыл шаруашылығымен айналыса бастады. Бүгінде асыл тұқымды ешкі мен сиыр өсіріп, кәсібінен берекет тауып отыр. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген Абат Орынбасарұлына табыстың кілтін табу қиынға соқпаған сыңайлы.
    -Досым ешкі өсірумен айналысатын. Соны көріп, менің де мал ұстауға қызығушылығым оянды. 2014 жылы ауылға келіп, сүтті ешкі өсірумен айналыстым. Алғашында Ресейдің Омбы қаласынан жиырмаға жуық заанин, альпі тұқымды ешкілерді сатып алдым. Олар сүтті әрі тез көбейеді. Жаз айларында әрқайсысы 2,5-3 литр сүт береді. Бүгінде ешкілер көбейіп, жалпы саны 70-ке жуықтады,-дейді кәсіпкер.
    Кәсіп иесі тек ешкі өсірумен ғана айналыспайды. Былтыр өз қаржысына Көкшетаудан 15 бас қара шұбар сиыр сатып алған. 30 бас ірі қара мал басына арналған мал базасын да салған. Қазір шағын цехында сүтін өңдеп, бірнеше өнім түрін шығарып отыр. Сүтті залалсыздандырғаннан кейін пластик құтыларға құйып, сыртына шаруа қожалығының мәліметтері көрсетілген қағаз жапсырады.
    -Менің басты мақсатым-сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту. Қазір сүтті автоматтандырылған жүйе арқылы өңдеп, ірімшік, сүзбе ірімшік, чечил, айран, қаймақ секілді бірнеше өнім түрін шығарамыз. Малға күтім жасау үшін екі бақташы мен сауыншыны жұмысқа алдым. Енді мал басын одан әрі көбейткім келеді. Өйткені ебін тапсаң, ешкіден түсетін пайда көп, -дейді ол.
    Кәсіпкердің айтуынша, ақтөбеліктердің арасында емдік қасиеті мол өнімге сұраныс көп екен. Өйткені, ағзаға сіңімді, иммунитетті нығайтады, әртүрлі асқазан ауруларына да ем. “Ақсүт Петропавл” шаруа қожалығының иесі қазір сүт өнімдерін облыс орталығындағы базарларға әкеліп, сатады.
    -Cүт өнімдерін Ақтөбедегі Тұрғындар қалашығы, Алтай мен Табыс базарларына әкеліп, көтерме бағамен сатамын. Жақында облыс орталығындағы базарлардың біріненен сауда нүктесін ашпақпын. Яғни, өнімдерімді делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсынамын. Бұл-бизнес үшін тиімді мүмкіндік, дейді кәсіпкер.

    Отбасылық бизнесін өркендетіп отырған кәсіпкер мал басын көбейтіп, сүт өндірісін дамытуға ниетті.
    Қарғалы ауданы - ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Өткен жылы ауданда мүйізді ірі қара мал – 0,1% - ға, қой және ешкі - 5,6 % - ға, шошқа -1,7 %-ға артқан. 28,9 мың тонна сүт сауылған. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша, былтыр 163 бас ірі қара аналық малы сатып алынған. Мемлекеттен берілген несие есебінен 22 шағын ірі қара малын бордақылау алаңдары мен 27 шағын отбасылық фермалар құрылған. “Ырыс” бағдарламасы бойынша 65 асыл тұқымды ірі қара, “Алтын асық” бойынша 345 қой мен “Құлан” бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алынған. Ауданда 6 ауылдық өндірістік кооперативтері құрылды. Ауданда дәстүрлі емес сала да қарқынды дамып келеді. Халық өзінің жеке ауласында 2 мыңнан астам ешкі ұстайды. Олардың үштен бір бөлігі – сауынды мал басы. Жеке кәсіпкерлер бал арасын өсіріп, үш жүзден астам қоян асырайды. Әсіресе, қоян өсіру шаруашылығы көршілес Ресейден ерекше тұқымды қоян сатып алып отырған Ащылысай ауылдық округінде жақсы дамыған.Биыл аудан шаруалары 400 басқа арналған сүт фермасын ашып, қосымша сүт қабылдайтын үш пункт ашуды жоспарлап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Темірліктер алда келеді
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Бөдененің бабын тапқан кәсіпкер
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге