Қобданың күйі жақсы

    Қобданың күйі жақсы

    Қобда өңірінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында біршама ілгерілеулер байқалады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 13 миллиард 937 миллион теңгеге жетті, бұл алдындағы жылдан 6,4% жоғары. Шаруашылық құрылымдар есепті жылы салаға барлығы 484,6 миллион теңге инвестиция тартты, бұл да алдындағы кезеңмен салыстырғанда 2,7 есе артық. Жыл ішінде барлығы 43 ауылшаруашылық техникасы жаңартылды. Бұл туралы Қобда ауданының әкімдігі хабарлады.

    Елбасы ерекше назар аударып отырған мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуы, осы бағытта жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәсіп жасауға ұмтылған тұрғындарға көмек беру жайы түсіндіріліп жатыр. Қазір кәсіп жасаймын, ісімді ілгері бастырамын дегендерге мүмкіндік мол.
    Мал басын көбейту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға жергілікті ауылшаруашылық құрылымдары белсенді қатысуда. Соның айқын мысалы ретінде аудан әкімі мынадай деректерді ұсынды: “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 143 миллион теңгеге 811 ірі қара сатып алынып, бұл бағыттағы жос-пар 207,9%-ға орындалды. “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 16,8 миллион теңгеге 698 қой алынды. Мұнда да біраз өсім бар. “Құлан” бағдарламасымен жоспарға сәйкес бойынша 110 жылқы алынды. Ауданда қазіргі уақытта 4 асылтұқымды мал шаруашылығы жұмыс жасайды. Дәстүрлі емес ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлер түйеқұс, ешкі, бөдене, қоян бағуды қолға алды.
    Былтыр ауылшаруашылық құрылымдары 17263 гектарға егіс салды, одан барлығы 9 480 тонна астық жиналды, гектарына орташа түсім 12,0 центнерді құрады. 2306 тонна көкөніс, 920 тонна бақша өнімдері және 2740 тонна картоп жиналды.
    Ауданда суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 2443 гектер жер игерілді. Сонымен қатар, 12 789 га көлтабанды суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.
    Биыл 19 550 гектар жерге егіс салу жоспарланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2287 гектар артық. Елді мекендерде 20 гектар жерге алма ағаштары отырғызылады.
    Уақыт талабына сай шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні осы бағыттағы 1064 кәсіпкерлік субъектісінде 5450 адам жұмыс жасайды. Барлық қаржыландыру көздерінен кәсіпкерлерге жыл ішінде 509,2 миллион теңге несие берілді.
    Жұмыспен қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізудің отбасылық нысандарына қолдау көрсету мақсатында 79 азамат жалпы сомасы 182,3 миллион теңге несие алды. Оның ішінде 166,7 миллион теңге мал шаруашылығын дамытуға, 2,9 миллион теңге егіншілікке, 4 миллион теңге асхана, 600 мың теңге шаштараз, 2,5 миллион теңге монша ашуға бағытталды. Осы ауқымда барлығы 86 жаңа жұмыс орны ашылды.
    Жұмыс жасағанына бір жылдай уақыт болған “ТуреевЕБ” жеке кәсіпкерлігі отбасылық мал бордақылауды қолға алған. “Жұмыспен қамту жол картасы — 2020” бағларламасымен кәсіпкер Ербол Туреев 6 миллион теңге несие алып, 21 ірі қара сатып алды.
    “Кең дала” несие желісі бойынша 5 миллион теңгеге 2 жоба, “Ауыл кәсіпкерлігі” бойынша 105 миллион теңгеге 20 жоба несиелендірілді.
    Аудан әкімі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі — азық-түлік өнімдерінің бағасына да тоқталып өтті. Ауданда тұрақтандыру қоры құрылып, арнаулы қоймада 30 тонна сәбіз, 50 тонна картоп, 20 тонна ұн, 5 тонна күріш, 4 тонна қант, 3 тонна тұз, 2 тонна өсімдік майы және 2 тонна макарон өнімдері сақталуда.
    — Биыл бірінші рет жаңадан қабылданған ауылшаруашылық мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істей бастады. Ол бағдарламаға мемлекет бойынша кем дегенде 300 миллиард теңге ақша бөлінеді. Бұл — үлкен қолдау.
    Қобда ауданы өзіндік әлеуеті жағынан ерекше өңірде орналасқан. Облыс орталығына жақын, сондай-ақ жері құнарлы, суы жеткілікті, халқы еңбекқор, үлкен күре жол Қобданың үстінен өтіп жатыр. Шекаралас Ресей мемлекеті бар. Осындай мүмкіндіктердің бәрін тиімді пайдалану керек.
    Біздің бүгінгі басты бағыттарымыздың бірі — ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне алу күн тәртібіне қойылды. Жердің құнарлылығы сақталғанда ғана ол пайда әкеледі. Кешегі бір тұста Қобда ауданында 200 мың гектарға жуық егістік болған. Биыл 28 мың гектар егіс салынбақшы. Суармалы жерлерді пайдалану тиімді. 2020 жылға дейін облыс көлемінде кем дегенде 40 мың гектар суармалы алқап болуы тиіс,- деген болатын облыс әкімі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Темірліктер алда келеді
  • Алғада бір күнде 3 мың тауық сойылады
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге