Мемлекеттің көмегі мол

    Мемлекеттің көмегі мол

    Шалқар ауданы, Мөңке би ауылының тұрғыны Боранбай Бисенәлі өз ісін дөңгелетіп отырған жан. Ол мал басын көбейту үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысып келеді. Ол мал бағу – қазақтың негізгі кәсібі деген пікірді ұстанады.

    Қожалық 2001 жылы құрылған. Ең алғашқы жылдары қожалықта тек қана жеке малдары болған. Кейін мал басын өсіріп, мүйізді ірі қара, жылқы, қой санын көбейткен.

    - 2001 жылы “Рауан” шаруа қожалығы құрылды. Қожалықта өзіміздің малдарымыз болды. Соларды өсіріп мал санын біршама көбейттік. Мүйізді ірі қара, жылқы, қой өсіріп келе жатырмыз. Мемлекетіміздің ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бірнеше бағдарламалары бар. Солардың бірі “Сыбаға” бағдарламасы. 2011 жылы “Сыбаға” бағдарламасы арқылы мемлекеттен субсидия алдық. Алған қаражатымыз бес миллион теңге. Несиені алты жыл мерзім көлемінде алдық. Алты ай уақыт өткен соң, алғашқы төлем төленеді. Алты айға дейін шаруаңды дөңгелетіп алуға болады,- дейді қожалықтың иесі.

    Мал үйдің ауласына жинап қоятын жансыз зат емес. Ол — тірі организм, күнделікті қоректендіруді, суаруды, қыста жылы қораны, яғни бағып күтуді қажет етеді. Мысалы, бағдарлама бойынша несие алушы біраз бас ірі қара малын сатып алады. Бұл — өндіріс орны ашылды деген сөз. Осыған байланысты мал иесінің зоотехникалық-малдәрігерлік және санитарлық нормаларға сәйкес келетін қора-қопсысы, жайылымы, суат көзі болуы қажет. Ал ондай жағдайы жоқ үміткердің талап етілетін қора-қопсыны салып алуына, жергілікті атқарушы орындардан жайылымдық алқап алуына, құдық қазып алуына толық мүмкіндігі бар. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алушы ірі қара мал аналықтарын тауарлы мал ретінде, ал бұқаны асыл тұқымды мал ретінде сатып алуы қажет деген шарт қойылған. Сонымен қатар, несие алушы асыл тұқымды бұқа сатып алған жағдайда, оған қосымша әр басына 107,0 мың теңге субсидия ала алады. Сондықтан несие алушы ірі қараның аналықтарын тек жай мал ретінде ғана сатып алады.

    Сыйақы мөлшерінің аздығы, яғни несие 6%-ға беріледі. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ негізгі борышты өтеуге 2 жылға дейін және сыйақыны өтеуге 1 жылға дейін жеңілдік мерзімімен берсе, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2 жылға дейін жеңілдік мерзіммен береді. Өзіңіз көріп отырғандай, бұл несиенің басқасынан ерекшелігі — жеңілдіктерінде.

    «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ бойынша несиенің сомасы 1,0 млн.теңгеден 18,5 млн.теңгеге дейін берілсе, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бойынша бір қарыз алушыға берілетін қарыздың сомасы 7,5 млн.теңгеден жоғары.
    “Сыбаға” бағдарламасы бойынша берілетін қаражат сиыр малының басын көбейту үшін беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты - мал басын көбейту және жоғары сападағы ет өнімдерін шығару. Біздің кейіпкеріміз де осы бағдарлама арқылы өз кәсібін бір жолға қойып алыпты.
    - Алған несиеме жиырма сегіз сиыр, екі асыл тұқымды бұқа сатып алдым. Мүйізді ірі қара малын өзіміздің кәсіпкерлерден алуды жөн көрдім. Сиырды Ақтөбе қаласындағы жеке қожалықтан алдым. Асыл тұқымды бұқа малын Ақтөбе қаласындағы “Рейнкул” шаруа қожалығынан алған болатынбыз. Асыл тұқымды бұқа малын біреуін бес жүз қырық үш мың, біреуін үш жүз отыз мыңға алынды. Асыл тұқымды бұқа малына кеткен қаражаттың тең жартысы субсидия арқылы қайтарылды. Мал алып болған соң, қажетті құжаттарды мемлекеттік органдарға тапсырамыз. Соған байланысты төлем қайтарылады. Бағдарлама біздер үшін өте тиімді әрі ыңғайлы болды. Осындай жағдай жасалып жатса неге мал шаруашылығын одан әрі дамытпасқа,- дейді шаруа қожалығының иесі.

    Оның айтуынша, жыл сайын Алға қаласындағы “АкТеп” ЖШС ет өңдеу комбинатына бес, алты бас сиыр етін тапсырып тұрады екен. Тапсырған еті үшін мемлекет тағы да субсидия беретін көрінеді.
    - Сол тапсырған етімізге мемлекеттен тағы да субсидия төленеді. Ақтөбе қаласындағы Табыс базарында болатын жәрмеңкеге барып тұрамыз. Ет өнімдерін халыққа қол жетімді етіп төмен бағалармен ұсынамыз. Одан бөлек ауданымызда өтетін жергілікті жәрмеңкелерден қалмаймыз. Ауданда жәрмеңке ай сайын болатын еді, қазір жеті сайын өткізіліп жүр. Тұрғындарға өзіміздің азығымызды ұсынып тұрамыз. Қожалықта тіркеліп тұрған жылқыларым да бар. Шөп шабатын жеріміз бар. Жем-шөбімізді шауып, жаз айында қыстың азығын дайындап қоямыз. Одан қалды шөбімізді ауыл тұрғындарына төмен бағамен сатамыз. Тұрмыс-тіршілігі төмен отбасыларға тегін беретін кездерім де бар. Ауылды шөппен қамтамасыз етеміз,- дейді ол.
    Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, қазір малдарының жай-күйі жақсы.
    - Өсіріп отырған ірі-қара малдарымыздың күйлері жақсы. Қыстан аман-есен шықты. Жылдан жылға мал басы көбейіп келеді. Бүгінде кәсібіміз ілгері жүріп келеді. Қожалықта тіркеуде тұрған біршама техникаларым бар. Трактор М80, ЮМЗ, Зил 130, Камаз, КТП, шөп шабатын барлық қажетті техникалар бар. Қожалықта бес адам жұмыс жасайды. Барлық жағдай жасалған. Келісілген еңбекақысы төленеді. Кей кезде қожалықтағы жұмысшыларға қажетті малын, шөбін беріп тұрамын. Жаз айында науқан басталғанда тағы қосымша жұмысшылар аламын,- дейді ол.

    Боранбай Бисенәлінің айтуынша, “Сыбаға” арқылы алған несиесін жапқан соң, тағы да мемлекеттік бағдарламаларға қатысқысы келетінін айтады.
    - “Сыбаға” бағдарламасы арқылы алған несиеміз бітіп жатса, тағы да басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысқым келеді. Қазір сенімге кіргенбіз. Бекітілген уақыттан кешікпей несиені төлеп тұрғаннан кейін, бізге несие береді. Тіпті, қазірдің өзінде маған хабарласып “аға, несие алыңыз” деген ұсыныстар жиі келіп тұрады. Бұдан біз мемлекетіміздің ауыл шаруашылығына деген қолдауын көреміз. Ауыл шаруашылығына оның ішінде мал шаруашылығына аса көңіл бөліп жатыр. Жүргізіліп жатқан бағдарламалар біз сияқты шаруаларға жұмыс жасауға, кәсібімізді қолға алуға өте тиімді. Елбасына, мемлекетімізге үлкен рахмет. Бізді ескеріп, елеп ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасап жатыр. Бұл да бізге көп көмек. Алдағы мақсатымыз бағып отырған мал басын көбейту. Кәсібімізді одан әрі қаржыландыру. Өзімізді-өзіміз көрсету. Отбасымызды қамтамасыз ету. Халыққа қызмет көрсету. Халқымызға, тұрғындарымызға жоғары сапалы, қолжетімді ет өнімдерін ұсыну. Осындай игі іс жасап халықтың ықыласына бөленіп жүрейік. Халқымыздың ақ батасын алып жүргенге не жетсін?,- дейді шаруа қожалығының басшысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • Қазақтың кәсібі - мал
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге