Еңбек етсең ерінбей...

    Еңбек етсең ерінбей...

    Өз еңбегімен ешкімге алақан жаймай отырған шаруа “адамның ниетіне қарай несібі” деген принципті ұстанады. “Әр істің артында үлкен еңбек жатыр” дейді бірнеше кәсіпті ұстап отырған Сәбит Бозекеев .

    Ойыл ауданы, Саралжын ауылының тұрғыны Сәбит бүгінде асыл тұқымды мал басын көбейтіп отыр. Кәсібі дөңгеленген шаруа қосымша егіншілікті қолға алып еңбек етуде. Әлімсақтан мал бағуға машықтанған Ойыл халқы сол кәсібінен әлі де жаңылған емес. Жалпы, көшпелі өмір салтын ұстанған ұлтымыздың тарихына көз салсақ, бүткіл тіршілігінің, тұрмыс-салтының өн бойына нәр берген, жесе азық, ішсе сусын болған, тіпті, киім-кешегіне дейін қамтамасыз етіп отырған төрт түліктің алар орны ерекше екенін байқайсыз. Ата-бабамыздан келе жатқан осы бір кәсіп Кеңес одағы тұсында дамудың сара жолына түсіп, мал басының саны еселеп артқаны сол кезде өмір сүріп, осы салада еңбек еткендердің әлі есінде. Дегенмен, тәуелсіздікке қол жеткізген сонау тоқсаныншы жылдардан күні бүгінге дейін мал шаруашылығын жүйелі түрде дамыту, мал басын көбейту, оның сапасына мән бере отырып, тұқымын асылдандыру ісі біраз баяулап, тіпті ондай жұмыстар тоқтатылғандай еді. Әйтсе де, еліміздегі мал шаруашылығы саласындағы аталмыш проблемаларды еңсеруді ойлаған мемлекет оған қолдау көрсетуді ептеп қолға ала бастады. Соның айғағы ретінде соңғы жылдары елімізге шет мемлекеттерден әкелініп жатқан асыл тұқымды ірі-қараларды айтуға болады.

    Сәбит Бозекеев, “Байсейіт” шаруа қожалығының төрағасы:
    - 2014 жылы “Байсейіт” шаруа қожалығы ашылды. Ойыл ауданы, Саралжын селолық округінде тұрамыз. Шаруашылық ашылған соң Ақтөбе қаласындағы “ҚазАгро” қаржыдан несие алдық. Қырық сегіз миллион теңге көлемінде қаржы алынды. Несие мерзімі жеті жыл. Бастапқы үш жыл демалыс, төлем төртінші жылдан бастап төленеді. Биыл күз айынан бастап төлей бастаймыз,- дейді шаруа.

    Шаруа қожалығының басшысының айтуынша, алынған қаражатқа Қостанай облысындағы Крым ауылына барып сол жердің “Арай” деген шаруа қожалығынан жүз екі бас аналық асыл тұқымды сиыр, төрт бұқа асыл тұқымды малын алып келіпті.
    - “Арай” шаруа қожалығы үлкен екен. Ол жерде алты мыңға жуық бас ұстайды. Лизингке екі МТЗ Белаусь трактор, бір косилка шөп шабатын, бір рулон шөп жинайтын техникалар алдық. 2014 жылы қожалықты ашпас бұрын қандай мал түрін алуды ойлап, біраз жүрдік. Сол уақытта Ойыл ауданы әкімі Мавр Абдуллин мырзаның көп көмегі болды. Мен басында қой малын аламын деп ойлағанмын. Абдуллин маған қазір “ҚазАгрода” жақсы бағдарламалар шығып жатқанын айтты. Ауыл шаруашылығына арналған несие алуға болатындығын түсіндірді. Асыл тұқымды сиыр алып мал басын көбейту үшін несие алуға болады деді. Асыл тұқымды малдың болашағы бар деп ойын білдірді. Ақыл-кеңес берді. Менде келістім. Несие алу үшін құжаттарды жинау кезінде, қиындықтар болып жатты. Кейбір құжаттар жетіспей қалды. Өзім сыртта жүрген кездерімде Мавр Абдуллин мырзаның көп көмегі тиді. Сол кісінің қолдауымен үлкен істі бастадым,- дейді ол.

    Шаруаның айтуынша, мемлекет мал баққысы келетіндерге үлкен қолдау көрсетіп отыр.
    - Біздің Елбасымыздың ауыл шаурашылығына қолдау көрсетуі аясында біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан істерде облыс, аудан, ауыл әкімдері, олардың орынбасарларының еңбектері зор. Біз сияқты
    шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құжат жинауға көп көмек көрсетілуде. Соның ішінде аудан әкімінің орынбасары Шоқан мырзаның қолдауын көрдім. Қолынан келгенше заң түрде көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі асыл тұқымды малдарымыздың күйлері жақсы. Жайлауда жасыл шөппен, таза сумен қоректеніп жатыр. Малдарымызға жем-шөбін өзіміз дайындаймыз. Өзіміздің жеріміз бар. Жаздай шөп шауып, қысқа қамданамыз. Шоқан Тілеумағанбетов әкім болған кезінде үш мың гектар қосымша жер алдым. Барлығы он үш мың гектар жеріміз бар. Қырық тоғыз жылға жалға алдық. Биыл бірінші рет елу гектар жерімізге тары ектік. Жаздың басы жауынмен басталды. Алла шүкір жақсы нәтиже аламыз деп күтудеміз,- дейді.

    Шаруа қожалығында тоғыз адам жасайды. Оның ішінде малшы, жүргізуші, есепші де бар. Жұмысшылардың еңбек ақыларын келісім бойынша төленеді.
    - Шаруамыз жүріп жатыр. Шүкір жағдайымыз жақсы. Барлығы тынымсыз еңбектің арқасы деп білемін. Қазір жүз тоқсан аналық сиыр, алпыс асыл тұқымды бұқа бар. Биыл сексен төрт төл алдық. Оның ішінде отыз екі бұқа, елу екі аналық бас. Біздің мақсатымыз еліміздегі асыл тұқымды мал басын көбейту. Оның ішінде асыл тұқымды бұқа малын көбейту қажет. Малдарымызды жан-жақтан келіп алып жатады. Батыс Қазақстан, Орал қаласынан келді. Хромтау, Байғанин аудандарынан келіп алып жатқандар да бар. Алдымен Ақтөбе облысын қамтуымыз қажет. Алдағы уақытта ет комбинатына ет тапсырамыз деген ойымыз бар,- дейді

    Шаруа қожалығында асыл тұқымды аналық сиыр, бұқа малын сатады. Еттің келісін 1200 теңгеге бағалайды. Шаруаның айтуынша, аналық бас үш жүз, үш жүз елу салмақ тартса, бұқа малы төрт жүз келіге дейін болады.

    - Асыл тұқымды малдар көп емес. Сондықтан Ойыл ауданындағы малдарды асыл тұқымдандыру қажет. Артық қалып жатса басқа аудандарға, басқа облыстарға жібереміз. Мемлекетіміз ауыл шаруашылығана, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасап жатыр. Сол себепті, біз ерінбей, аянбай жұмыс жасауымыз керек. Несиені алып, малды сатып алып үйде жатып алсақ ешқандай өсіп-өну болмайды. Малды бағу оңай шаруа емес. Оларды қарап, баптап отыру керек. Уақытылы вакциналарын алып, ветеринарлық құжаттарын толтырып, түгендеп ұстау қажет. Әр істің артында үлкен еңбек жатыр,- дейді Сәбит Бозекеев.
    Малдарымызға арнап өзіміздің күшімізбен жайлаудан үлкен қылып су бөгедік. Көктем айларында таудың, қардың сулары сол жерге жиналады. Сол жерден су ішеді. Қыстауда екі су құбырын қаздырдық. Үлкен мал ұстайтын кашарымыз бар. Жататын үй салдық. Үйдің ішіне ыстық су, салқы су бар. Барлық жағдай жасалған. Биыл газ кіргізуді жоспарлап жүрміз.

    Елдегі ауыл шаруашылығы өндірісі саласын үдемелі түрде дамыту мақсатында жүзеге асырыла бастаған асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесін құру ісі дер кезінде ұйымдастырылды дейді “Байсейіт” шаруа қожалығының басшысы. Осының арқасында еліміздегі асыл тұқымды мал саны артып қана қоймай, сонымен қатар бәсекеге қабілетті отандық фермерлердің көбеюіне жол ашылуда. Иә, расында да мал шаруашылығы саласы кенжелеп қалған қазақ елі үшін ең болмаса ТМД мемлекеттері арасында бәсекеге шыдас бере білудің маңызы зор болмақ. Себебі әлі де болса біздің ең басты нарығымыз ол сөзсіз ТМД, соның ішінде Кеден Одағына мүше елдер болып қала бермек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Қожалығын өрге өрлеткен кәсіпкер
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге