Сұлтанбектің қарбызын жеп көрдіңіз бе?

    Сұлтанбектің қарбызын жеп көрдіңіз бе?

    Ырғыз өңірі қашаннан малды мекен. Төскеде малы шұбырған қазақы ауыл қазір де әдетінен жаңыла қойған жоқ. Бүгінгі әңгімеміз Малайдар көлінің арғы жағында орналасқан “Қожакөл” шаруа қожалығы туралы болмақ.

    “Қожакөл” шаруа қожалығы Құйлыс ауылында орналасқан. Негізінен қой, мүйізді ірі қара, жылқы, түйе малдарын өсірумен және қосымша бау-бақша егумен айналысады. Суармалы егістік жерлерге картоп, көкөністер мен бақша өнімдерін егу жөнінде “Қожакөл" шаруа қожалығы еккен егістік көлемі 11,5 гектарды құрады. Қожалық 1991 жылы құрылған. Жетекшісі Сұлтанбек Қаражанұлының айтуынша, негізгі бағыты мал шаруашылығы.
    - Қазір мал саны өсіп жатыр. 235 мүйізді ірі қара, 1397 қой-ешкі, 14 жылқы, 20 түйе бар. Шаруашылықтың 4003 гектар жері бар. Оның 3485 гектары ауыл шаруашылық жері. Мемлекеттің “Сыбаға”, “Алтын асық”, “Құлан” бағдарламаларына үнемі қатысып, мал басын ұлғайтып жатырмыз,- дейді қожалық басшысы.
    Бұл қожалық Ырғыздың Тәуіп ауылдық округіне қарайды. Ауылдық округтің орталығы - Құйлыс ауылы, аудан орталығынан 90, облыс орталығынан 540 шақырым қашықтықта жатыр.
    Мемлекет Басшысының Жолдауына және тапсырмаларын іске асыру барысында алынған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға сәйкес Тәуіп ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
    Ауыл шаруашылығын дамыту ауылды көтерудің, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірден бір басты шарты болып табылады.
    Тәуіп ауылдық округінің әкімі Камал Тілеужановтың айтуынша, округте 11 шаруашылық құрылымы, тоғыз шаруа қожалығы, екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс жасайды. Ауылдық округтің негізгі өндірісі - мал шаруашылығы. Меншіктің барлық түрлері бойынша 3215 бас мүйізді ірі қара, 10188 бас қой-ешкі, 621 бас жылқы, 220 бас түйе бар.
    Аумақта мал санының өсуі үнемі қадағаланып отырады. “Ақсақал-Тәуіп” ЖШС, “Сәбитбек” ЖШС, “Сер-Мақ” ШҚ, “Мадияр” ШҚ, “Қожакөл” ШҚ, “Аманбек” ШҚ, “Қазбек” шаруа қожалықтары бар. Аталған ауылшаруашылық құрылымдары мемлекеттің “Сыбаға”, “Алтын асық”, “Құлан” бағдарламаларына үнемі қатысып отырады.
    Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Амантай Досекешовтің айтуынша, “Қожакөл” шаруа қожалығы - мал басын аман сақтап, өсіріп және бау-бақша егіп оның өнімдерін алуда жылма-жыл тұрақты түрде көрсеткіштерді қалыптастырып, аудан көлемінде алдыңғы қатарда келе жатқан шаруашылықтардың бірі.
    - Шаруашылық құрылған жылы иелігінде бірде-бір малы болған жоқ. Биыл шаруашылықта 222 бас мүйізді ірі қара, 1716 бас қой-ешкісі, 30 бас жылқысы, 26 бас түйе малы бар. Жыл сайын әр жүз саулықтан 109 қозы, әр жүз сиырдан тоқсанға жуық бұзау, әр жүз биеден 96 құлын алады. 2012 жылы шаруа қожалық қой малының басын көбейту мақсатында “Жайылымдық қой шаруашылығы” бағдарламасымен “Ырғыз” КТ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 15 млн. теңге несие алып, 393 бас саулық қой, 17 бас асыл тұқымды қошқар малын сатып алды.
    “Сыбаға” бағдарламасы бойынша берілетін қаражат мүйізді ірі қара малының басын көбейту, тұқымын жақсарту мақсатында 2015 жылы “Ырғыз” КС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 9 млн. теңге несиеге 45 бас аналық сиыр, екі бас асыл тұқымды бұқа сатып алды,- дейді ол.
    Қожалық 2013 жылдан бастап асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдауға ие болып келеді. Қайтарымсыз субсидияларға да қол жеткізді. Бірінші деңгейдегі бордақылау алаңдарына мүйізді ірі қара малдарының төлдерін тапсырады. Тапсырған төлдері үшін де субсидия алып тұрады.
    Былтыр шаруа қожалығы 7 гектар жерге картоп, 2,5 гектарға көкөніс екті. Одан алынған өнім көлемі 108 тонна картоп, қырыққа жуық тонна бақша, 25 тонна көкөніс алды. Алынған өнімдерін ауыл тұрғындарына, аудан орталығында өткізілетін жәрмеңкелерге апарады. Аудан орталығында орналасқан дүкендерде сатылады.
    - Мемлекеттік қолдау аясында бау-бақша еккені үшін берілетін субсидиясын да алып тұрамыз. Бұл мемлекеттің көмегі емей немене? Әр гектарға 55 мың теңгеден 579 674 теңге алдық. Ақтөбе қаласының “Табыс” базарында болатын жәрмеңкелерге барып жиі тұрамыз. Қарбыз, қауын, картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, асқабақ сияқты өнімдері бар,- дейді қожалық басшысы.
    Ырғыздықтардың арасында “Сұлтанбектің қарбызы” деп аталатын дәмді қарбыздар дәрі-дәрмексіз, таза күйінде тамыз айында піседі және әжептәуір сұранысқа ие.
    “Қожакөл” шаруа қожалығында жеті адам жұмыс жасайды, иелігінде бір МТЗ маркалы тракторы, бір шөп тайлағышы, бір шөп косилкасы, бір КУН-10 шөп тиегіші, бір УАЗ автокөлігі бар, ауыл шаруашылық техникалармен қамтамасыз етілген. “Қожакөл” шаруа қожалығы ауданның әлеуметтік саласын дамытуға да ұдайы өз үлесін қосып демеушілік көрсетіп келеді.
    - Шаруашылықтың басшысы Сұлтанбек Қаражанұлы Ырғыздың мал шаруашылығы саласын өркендетуде ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет жасағаны үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелік медалімен, аудан әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен бірнеше рет марапатталды. “Қожакөл” жазғы қонысындағы қызу еңбек қайнап тұр десе де болғандай, әкелі-балалы Қаражановтардың қолдарынан күрек, кетпені түспей ертелі-кеш бақшаларын баптауда, күндіз-түні соның басынан табылады. Кезінде өзі өсіріп шығарған қарбыздарын Қостанайға да, Ресейге де тасымалдаған Сұлтанбек Қаражанұлы бүгінгі тынымсыз тірлігі шынымен де көптің көңілін сүйсіндіреді. Маңдай терімен мал өсіріп, бақша салып, балаларына осы екі саланың қыр-сырын үйретуден жалықпаған Сұлтанбектің еңбекқорлығы кім-кімге де өнеге боларлық,- дейді Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Амантай Досекешов.
    Ал шаруа қожалығының басшысы шыққан өнімдерін өткізуде біраз қиындықтарға тап болғанын жасырмайды.
    - Өткен жылы өнімімді өткізуде біраз қиындықтарға тап болдым. Аудан орталығына апарып сату үшін арнаулы орын мен уақыт керек. Сонда ғана өніміңді өзің ойлаған бағаға сата аласың. Ондай мүмкіндік болмағандықтан, аудан орталығындағы дүкендерге көтерме бағамен өткіземіз. Артынан сол алған адамдар біздің өнімнің бағасын екі-үш есе өсіріп сатқанын көргенде ішің удай ашиды. Өз өнімімізді өзіміз өткізсек, тұтынушымен арада тұрақты байланыс орнар еді. “Сұлтанбек бақшасының өнімдері” деген атқа ие болар едік. Ала жаздай бейнетті еңбегіңнің жемісін көру де бір бақыт. Қазір мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында түрлі ұйымдар ашылып, қолдау көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта өнімдерімізді өткізуге аудан орталығында орналасқан осындай құзырлы мекемелер жәрдемдеседі деген үміттемін,- дейді Сұлтан Қаражанұлы.
    Жұмыс болғасын, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпте қиыншылықтардың да болмай қалмайтыны бесенеден белгілі. Түптің түбінде бейнеттің зейнеті болады десек те, бақша егудің басқа салаға қарағанда ауыртпалығы мол. Су келмей қалған кездерді де бастан кешірген, шегірткенің шабуылына да ұшыраған шаруашылық қожайындары бақша суару үшін жұмсалатын жанармайдың қымбат болып тұрғанын қынжыла жеткізді. Және тағы бір проблема – өнімдерді алысқа тасуға көлік пен жұмыс күшінің жетіспейтіндігі. - Жұмыс қиын болғандықтан ба екен, ауылда ешкім жанын қинап, қожалықта қызмет еткісі келмейді,- дейді шаруа.
    Сонымен қатар, ол жақта ауа-райының қолайсыздығынан көкөністерді үш рет отырғызған кездер де болған екен. Күн райы жиі қолайсыз мінез танытып, ақ тасқын боран соғып, топырақ борап, бақшаны басып қала береді екен, оған ми қайнатар аптап ыстықты қосыңыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Темірліктер алда келеді
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге