Картоптың көзін тапқан шаруа

    Картоптың көзін тапқан шаруа

    Картопты ел арасында “екінші нанға” теңейді. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен ерекше маңызға ие картоп барлық елдер дастарханындағы басты тағамның бірі. Біздің бүгінгі әңгімеміз – осы бір көкөністің көзін тауып, еңбегімен несібесін айырып отырған Миржан Әлжанов туралы болмақ.

    Миржан Әлжановтың егін шаруашылығын бастағанына көп болмаған. Алайда, тынымсыз еңбегімен қазірдің өзінде біраз жетістіктерге жетіп үлгеріпті.
    -2014 жылы “Еламан 2014” ЖШС құрылды. Біз негізінен егін шаруашылығымен айналысамыз. Егістік алқаптың көлемі тоқсан бес гектар. Ең алғаш 2016 жылы жиырма үш гектар жерге картоп ектік. Нәтижесі жаман емес. Жақcы өнім алдық деуге болады,- дейді шаруа.
    Миржан Әлжановтың айтуынша, биыл картопты екі есе көп еккен.
    -2017 жылы картоп егетін жерімізді екі есеге кеңейттік. Биыл қырық сегіз гектар жерге картоп ектік. Картоптарымыз көздің жауын алатындай гүлдеп тұр. Нәтижесін қалай шығатынын асыға күтудеміз,-дейді шаруа.
    Нәтижелі сапалы өнім алу үшін, еккен дәнді-дақылына күтім керек. Уақытылы суарып, тазартып отыру қажет.
    -Картоп пісіп жинау науқаны қыркүйек айында басталады. Былтыр картопты жинап алатын кезде аздап қиналдық. Ол уақытта күніне отыз, қырық шақты адам күшін жұмылдырдық. Картопты қолмен жинадық. Картопты жинауға он, он екі күн кетті. Бұл дегеніміз үлкен күш жұмсап, уақытымызды картоп жинауға арнадық деген сөз. Бұлай қиналмау үшін техникалар керек болды. Ойлана келе, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өзімізге қажетті техникаларды сатып алғым келді. Енді картопты жинайтын, сұрыптайтын арнайы техникалар арқылы жұмыс жасайтын боламыз,-дейді компания басшысы.
    Картоптың көзін тапқан шаруа “ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы комбайн алмаққа ниеттенеді. Құжаттарын өткізіп, тиісті қағаздарын тапсырып, көп күткен техникасына қолы жеткен шаруа мемлекеттік бағдарламаның пайдасын көргенін айтады.
    - Арнайы астық сұрыптайтын машина алдық. Трактор сатып алдық. Алғашқы үш, төрт айында төлем жасалмайды. Бұл да біз үшін тиімді болды. Егін шаруашылығы оңай жұмыс емес. Егінді егу оңай, оны баптау, өсіру оңай емес. Маңдай теріңді төгіп, еңбек етпесең, жерден нәпақа табу мүмкін емес. Бірде өнім берсе, бірде өнім бермейді. Тәуекелге барып егесің, нәтижесін алаңдап күтіп жүресің. Егін шаруашылығының бір ерекшелігі осы деп ойлаймын,- дейді шаруа.

    КАРТОП ӨСІРУ ОҢАЙ ЕМЕС
    Шаруаның айтуынша, картоп егу анау айтқандай оңай емес.
    - Картоп егуге дайындықты күзден бастау керек. Ең дұрысы – картопты қияр мен қырыққабаттан кейін отырғызу. Картопты қызанақ пен кәдіден кейін егуге болмайды. Ең жақсы тұқым материалы – жазғы егістен және екі өнімдік дақылдан алынған картоп түйнегі. Картопты күтіп-баптауға оны отырғызғаннан кейін 4-6 күн өткен соң ғана кірісу керек. Негізі, өніп жатқан түйнектер, топырақта жатып үнемі ауаны қажетсінетіндіктен картоп түбін ұдайы қопсытып отыру керек. Отырғызу алдында түйіндерді жақсылап әзірлеп, өсімдіктер мен топырақты дұрыс баптаған жағдайда көктемгі егілген картопты қазуға маусымның 1-онкүндігінде кірісуге болады. Көктемгі отырғызылған өнімді ең дұрысы –жаз бен күзде пайдалану. Қазан айының аяғы мен қарашаның басында картоп өне бастайды. Қысқы және көктемгі кездерде пайдалану үшін картопты жазда отырғызу керек,- дейді ол.
    Осы көкөністің кәнігі маманы болып алған Миржан Әлжанов шыққан картоптарын сатуды да жолға қойыпты.
    - Шыққан картоптарды былтыр Ақтөбе қаласында саттық. Жартысын қаңтар, ақпан айларында сатуға шығардық. 2016 жылы “Жол картасы 2020” арқылы ақша алып, Израильден егістік алқапты суаратын заманауи, арнайы құрылғы сатып алдым. Картоп суармалы егіс. Жылдағыдай биыл да егістік алқаптарына гербицидтер алдық. Былтыр Израильден алқапты суаратын заманауи, арнайы құрылғы сатып алған болатынбыз. Биыл сол құрылғы арқылы егістік алқапты суарып жүрміз. Әр 10 метр сайын құрылғыны орнатып қойдық. Бір алқапты, 23 гектар жерді бір жарым тәулікте тәулікте суарылып болады. Жердің ылғалдылығы жақсы.Картопты егу кезіндегі қырық пайыз шығын картопты егу материалдарына кетеді. Сондықтан, өнімнен түсер табыс та осыған сай болуы тиіс. Картоптың тұқымдарына баса назар аударған жөн. Жоғары сапалы тұқым мен картоптың жаңа сұрпын қолданған жөн. Картоп алқаптарына заманауи технологияларды барынша пайдалану керек,- дейді шаруашылықтың басшысы кандидаты Миржан Әлжанов.

    КАРТОПТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ЖЕРСІНЕ БЕРМЕЙДІ
    “Еламан 2014” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі картоптың “Роза”, “Королева Анна”, “Розара” деп аталатын үш сортын еккен екен. Шаруашылық басшысының айтуынша, былтыр “Розадан” тұқым қалдырса, “Розараны” қыста қаңтар, ақпан айларында сатыпты. Ал, “Королева Анна” сортын көктемге дейін сақтаған.
    - Картоп сақтайтын арнайы қоймамыз бар. Қоймада мың екі жүз тоннаға дейін картоп сақтауға болады. Мемлекеттен жиырма алты миллион теңге қаражат алдым. Несиені жеті жылға алдық. Алғашқы төлемді жиырма бес пайызын төледік. Қалған соманы тоқсан сайын төлейміз. Қазір күннің ыстығына байланысты кешкілік, тоғыздардан бастап, түнімен суарып жүрміз. Күн ара, кейде екі күн сайын суарып тұрамыз. Биыл егістік алқаптың көлемі өскен соң, суару уақыты да ұзарды. Қазіргі таңда шаруашылықта алты, адам жұмыс жасайды. Екеуі трактор айдайды, екі адам картопты егістік алқапты суарумен айналысады. Біреуі машина айдайды. Біреуі өзім жұмысшы да, басшы да, агроном да боламын. Науқан уақытында уақытша бір - екі айға адамдар жалдаймыз. Шаруашылықта он шақты техника бар. Егін шаруашылығын жаңадан бастаған соң, ақырын қарыздарымызды жауып жатырмыз. Бастапқы екі-үш жылдықта қандай шаруа да болмасын, шығын жағы басымырақ болатыны рас. Сондықтан қазіргі уақытта қатты пайда тауып жатырмын деп айтпаймын. Себебі, биыл егін егіп жатқаныма тек екінші жыл ғана болды. Мемлекеттен көріп отырған көмегіміз көп,- дейді шаруашылық басшысы.

    Шаруа айтқан кеңес:
    Мол өнім алғыңыз келсе, алдымен ұрықтық картопты дұрыс таңдауға көңіл бөліңіз. Шамамен 12 күннен кейін жер бетіне қылтиып картоптың жапырағы шығады. Сол кезде тағы бір суғарып жіберіңіз. 13-14-ші күндері шықпаса да суғара салыңыз. Сонда картоп сабағы күш алып, бой көрсетеді. Арада бірнеше күн өткенде картоп жапырағы гүлдейді. Осы кезде және бір суғарып, картоп түбіндегі топырақты жақсылап шауып, қопсытыңыз. Осыдан кейін 40 күнге жуық суғарудың қажеті жоқ. Ал ауа-райы тым ыстық өңірдегілер картоптың жапырағын қарап жүру керек. Егер жапырақ 32-35 күнде солғын тартса, суғарған жөн. Күздік картопты неге бір айдан аса уақыт суғармайды? Себебі, алғашында картоп сабағы жер астындағы түйіннің маңызымен қоректенеді. Сіз оны суғармасаңыз 40 күн ішінде жер астындағы ұрықтық картоптың сыртқы қабығы шіриді. Шірімесе картоп тамыры соның ішінен шыға алмай қалады. Ал шіріген соң ішіндегі тамыры жан-жағына жайылады. Осыдан кейін барып суғарғаныңызда әлгі жайылған тамырлар түйін салады. Әр суғарғаныңыздан соң екі күннен кейін қарықты кетпенмен шауып, топырағын қопсытып тұрыңыз. Өйткені, топырақ қопсытылып тұрса, картоп ірі, сырты біркелкі, тегіс болады. Топырақ қатты болса, картоп ісіне алмай қиналып, сырты да бүжір-бүжір болады. Картопты дұрыс суғарудың да маңызы зор. Оған суды өте аз мөлшерде, сыздықтатып қана жіберген жақсы. Су шылжырап ағып, қарықтың астыңғы жағымен ғана кетіп отырсын. Сонда топырақ асты бір метрге дейін лайға айналып, кейін ол картоп астында көп уақыт дымқыл ұстап тұрмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қарғалыда құмай егіледі
  • Ақтөбеде ет қымбаттады
  • Темірліктер алда келеді
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Көкөніс қоймасы ашылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге