Ақтөбе қызанақтары сұранысқа ие

    Ақтөбе қызанақтары сұранысқа ие

    “Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешені биыл сәуір айында іске қосылды. Инвестициялық жоба “ҚазАгро” ұлттық холдингі жүйесі бойынша Ұлттық қордың қаржысы есебінен қаржыландырылды. “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамы арқылы 4,2 миллиард теңге бөлінді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 6 500 тонна қияр және қызанақ. Өнім қазақстан нарығына шығарылады. Осы ретте өсірілген өнімнің 50%-на дейінгісі көрші Ресей елінің солтүстік өңірлеріне экспортталады.

    Ақтөбеде жылына 6500 тонна қияр, қызанақ өндіретін жылыжай іске қосылды.
    Мақсат Бектаев компания басшысының айтуынша, жылыжайда үш жылыту қазандығы бар. Қуаттылығы тоғыз мВт. Қазақстанда бұндай жылыжай жоқ.
    - Бұл тек біреу ғана. Кешен өзіне қажетті электр қуатын өзі өндіреді. Бұл үшін “Дженерал электрик” фирмасының газбен жүретін қондырғылары пайдаланылуда. Жылыжай кешенінде газ пайдаланылып, электр қуаты өндіріледі. Қуаттылығы - 6 мВт. Электр тоғымен жылыжай ішін жарықтандырып отырмыз. Австрия технологиясы бойынша іске асырылған жоба.

    Күніне жиырма, отыз тонна қызанақ жинаймыз. Әр келісін жүз елу, екі жүз теңгеден бас-тап, жергілікті сауда орындарына жібереміз. Дина, Анвар супермаркеттеріне жібереміз. Қызанақтың “фортиция” деп аталатын сорты өсіріледі. Қыста қызанақ бағасы өзгеріп отырады. Бағаларды сауда орындарында реттеп отырады.
    “Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешенінде 120 жұмыс орны бар. Жылыжайда негізінен жергілікті тұрғындар жұмыс жасап жатыр. Бір голландиялық маман бар. Алдағы уақытта жылыжай қызметкерлерін арнайы оқытып алу жоспарланып отыр,-дейді “Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры Мақсат Бекетаев.

    Жылыжай кешені “ҚазАгроҚаржы” АҚ лизинг арқылы салынған. Ақтөбе облысының әкімшілігіне рахмет. Жол картасы 2020 бағдарламасы арқылы газ, жылу инфрақұрылымы жасалынды. Жылыжай кешеніндегі техникалар Голландиядан алынған. “Greenhouse Kazakhstan” ЖШС өнеркәсіптік түрдегі жаңа жылыжай кешенін тағы 20 гектарға кеңейту жоспарлануда. Қосымша отыз жұмыс орны ашылатын болады. Ақтөбе облысын, Қазақстанның барлық аймақтарын өзіміздің өніммен қамтамасыз ететін боламыз,-дейді компания басшысы.
    “Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директорының орынбасары Арман Жетпісбаевтың айтуынша, бесінші буын жылыжайды деп атайды.
    - Себебі, техникалар мен технологиялар заманауи. Жылыжайдың ерекшелігі барлық техникалар, технологиялар автоматтандырылған. Голландияның мамандары сол жақта отырып жылыжай кешенін басқара алады.
    Жылыжайдағы ауа ылғалды болады. Салқын болады. Арнайы қораптар арқылы қызанаққа салқын ауа барады. Жаздың ыстық күндерінде де бір қалыпты салқын ауаны ұстап тұрады. Қызанақтардың астында минералды мақта бар. Бұнда қызанақ ешқандай зақымданбайды. Мақтада дәруменді баланспен қоректенеді. Сонымен бірге қызанақтың өсуіне қажетті сапалы тыңайтқыштар бар. Қызанақтарды суару кішкене түтікше арқылы жүргізіледі. Қызанақтың тұқымдары Голландиядан алынған. Қызанақтарды арамен тозаңдату жүргізіледі. Араларды арнайы Голландиядан алдыртамыз. Үш аптаға он қорап ара кетеді. Олардың өздерінің өліп қалатын уақыты болады.
    Басқа жылыжайлардан тағы бір ерекшелігі терезелер саны аз. Соның салдарынан зиянкестерде аз болады. Голландиядан арнайы зиянкестермен күресуге әкелінген қоспалар бар. Жылыжайда зиянкестермен күресу биологиялық жолмен жүргізіледі. Аса сапалы тыңайтқыштар пайдаланамыз. Сапалы өнім алу үшін, тұрақты түрде суару қажет. Тыңайтқыштар да сапалы болу керек. Кешенді бақылап отыру жөн. Нәтижесінде экологиялық таза өнім алуға болады. Өнімнің елу пайызын жергілікті тұрғындарға жіберілсе, қалған елу пайызы Ресей еліне экспортталады.

    Жергілікті әкімшілік, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жоба жұмысын сәуір айында бастады. “Жол картасы 2020” бағдарламасы арқылы жылыжай кешені газбен, электрмен қамтамасыз етілді. Жылыжай кешенінің аумағы тоғыз жарым гектар. Жылына алты жарым тың тонна өнім өндіреміз. Қызанақ пен қияр егіледі. Мемлекеттік бағдарлама арқылы “ҚазАгроҚаржы” АҚ алты пайызбен несие алдық,-дейді директордың орынбасары Арман Жетпісбаев.
    “ҚазАгроҚаржы” АҚ директоры Айдар Прашевтың айтуынша, қазіргі уақытта “ҚазАгроҚаржы” АҚ бойынша Ақтөбе облысына отыз млрд теңге бөлінген.
    - Оның ішінде он сегіз млрд теңге инвест жобаларға жіберілген. Жылыжай, сүт фирмалары.

    Он бес млрд теңге ауыл шаруашылыған пайдаланатын техникаларға бөлінді. 2000 жылдан бастап Ақтөбе облысына екі мың жарым техника әкелінген. 2017жылы техникаға лизинг арқылы сегіз жүз отыз млн теңге бөлініп отыр. Биыл алпыстың үстінде техника алынды. Кез келген шаруа қожалықтары өздеріне қажетті техникаларды алғысы келсе, бізге келіп жолығуға болады. Бастапқыда он бес пайыз ақшалай төлейді. Ешқандай кепілсіз техника алуға болады. Техникаларды беру мерзімі жеті, он жылға дейін беріледі.

    Жылыжай кешені бесінші буын кешені деп аталады. Кешенді толығымен голландиялық техникалармен жабдықталған. Қаржыландыруға бес млрд теңге қаржы жұмсалды. Оның ішінде жетпіс пайызы лизинг арқылы техникаларға кетті,-дейді Айдар Прашев.
    Голландиядан келген бас агроном Мишель ван Руивен жылыжай кешенінің технологияларына, техникаларына басшылық жасайды.
    - Басқа жылыжайларда күннің энергиясын жинап, терезені ашып шығарады. Салдарынан зиянкестер көп мөлшерде кешенге кіріп кетеді.
    Біздің технологиямыз күннің қуатын пайдаланумен байланысты. Арнайы қондырғымен ауа өңделеді және салқындатылады. Біздің жылыжайда терезе аз болғандықтан, жиналған ыстық ауаны арнайы бөлмеде суытады. Ауаға суға араластырып, ылғал пайда болады. Өсімдіктер үшін өте тиімді,- дейді Мишель ван Руивен.

    Ақтөбе облысында он бестен аса жылыжай жұмыс жасайды. Оның сегізі бір гектар. Ең ірісі осы “Greenhouse Kazakhstan” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешені. Облыстың халқына 85 пайызға өз өнімдерімен қамтамасыз етті. Жылыжай кешендеріне қолдау мақсатында мемлекеттің отыз пайыз субсидия бөлінген. Бір гектарға үш млн алты жүз мың теңге төлейміз жылына. Субсидия қаражаттары қайтарылмайды. Тыңайтқыштарға бөлінетін субсидия елу пайызбен беріледі. Бұл жылыжай жылына екі рет жұмыс жасайды. Инвест субсидия беріледі, ол да қайтарылмайды. Осындай мемлекеттің көптеген көмектері көрсетіліп жатыр,-дейді Ақтөбе ауыл шаруашылығынң басқарма басшысы орынбасары Асылхан Әбдиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қиярдың “қожайыны”
  • Несиеден несібесін тергендер
  • Ақтөбенің көкөністері үлкен сұранысқа ие
  • Қазақстан-Нидерланд: ынтымақ береке бастауы
  • Жылына 7200 тонна ет өндіретін кешен іске қосылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге