Ойылдық бренд - сары тары

    Ойылдық бренд - сары тары

    Тары десе, ең алдымен ойға Ойыл түседі. Ойыл мен тары егіз секілді. “Керек.info” газеті ойылдың тарысы туралы бұрын да жазған болатын. Биыл да Ақтөбенің басты брендтерінің бірі, тарихи өнім тары туралы оқырмандарымызға хабар жеткізуді ұйғардық. Сонымен...

    Тары – облыстың басты бренді болса...
    “Жақып” шаруа қожалығы 2000 жылы құрылды. Сарбие ауылдық округінен “Жақып” шаруа қожалығы “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 2,7 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант ұтып алды. Ендігәрі қожалықта жеке суару техникалары және тарыны стандарттық жобада қаптайтын станок болады. Шаруа қожалығына тарыны өткізу үшін мемлекеттік стандартқа сай сертификат берілді, болашақта арнайы патент алуға құжаттары тапсырылды. Шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Жақып тары дақылын зерттеу бойынша халықаралық ұйымның мүшелігіне өтіп, оның тағамдық құндылығын терең зерттеу жұмыстарына қатысқан. Алыс шет мемлекеттерде өтетін семинарға шақырылды.
    - 2000 жыл шаруаға қолайлы жыл болып, 20 га жерден 25 центнер тарыдан таза өнім алынды. Кейін ауа райының қолайсыздығынан тек 5-6 центнер өнім алдық. Бірақ 2012-2013 жылдары 140 га жерге тары егіп, одан 14 центнер өнім алып, облыс көлемінде жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Биыл суармалы әдіспен 120 га жерге ектік. Көктеп, өнім жақсы шығады деген ойдамыз,-дейді Жұмабай Жақып.
    Оның айтуынша, тарының адам денсаулығына пайдасы зор. Ол 2015 жылы Астана қаласында өткен тамақтың құндылығы жөніндегі үлкен конференцияға қатысқан. Жиынға тарының пайдалы қасиеттерін зерттеп, кеңінен насихаттап жүрген ғалымдар да келген. Жұмабай Жақып солармен бірлесіп, тарыны шетелге, нақтырақ айтқанда, Италияға шығармақшы. Осылайша, онда тарыны тек Ақтөбенің ғана емес, бүкіл Қазақстанның брендіне айналдыру ойы бар. Ал, әзірше, “Жақып” қожалығының иесі тарыны өткізуде тек Қазақстанмен шектеліп отыр. Атап айтқанда Ақтөбе, Атырау және Астана қаласына тары жеткізіледі.
    Тарыдан бөлек егін шаруашылығында Жұмабай Жақып картоп, жуа, қияр, сәбіз, қызылша, қызанақ сияқты көкөністерді де өсіреді.
    - Көкөністерді біз тек 4-5 га жерге ғана егеміз. Қыс бойы халықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Соңғы уақыттарда егіс дұрыс шықпаған еді. Енді қолға алып жатырмыз. Биыл сынама ретінде суармалы әдісті бастадық. Егер жақсы мол өнім беріп жатса, барлық егістікті суармалы әдіске көшіреміз,-деп фермер ертеңін ойлайды.
    Жұмабай Жақыптың айтуына қарағанда, тары өсіру аса қиын шаруа емес. Оны сату да үлкен қиындық туғызбайды. Ал тарыны өңдеу, тазарту, қуыру, түю – міне, осы шаруаның қиыны. Жиналған өнімнің барлығын өңдеуге әзірше қауқарсыз болғандықтан, Жұмабай Жақып тарыны шикілей Атырауға жібереді екен.
    - Өңделуі әзірше қолмен жасалады. Тарыны өз үйлерінде өңдейтін екі жұмысшым бар. Алдағы уақытта цех құру қажет. Тары егілген соң, тоқсан күннен кейін шығады. Тарыдан жақсы өнім алып келеміз. 2011 жылдан бері жәрмеңкелерге қатысып келеміз. Астанада болған жәрмеңкелерге жылда барып жүрміз. Жақында Орынборда болған Ақтөбе күндері аясында барып, өзіміздің ұлттық таза өнімдерімізді алып бардық. Сүт, айран, қаймақ, тары, жарма, ірімшік тағы көптеген өнімдерімізге сұраныс өте жоғары болды. Алып барған өнімдеріміз екі сағатта өтіп кетті. Биыл қыркүйек айында тары өнімін мол көлемде аламыз деген үміттеміз. Былтырғыдан кем болмауы керек деп күтілуде дейді ол. Алған өнімді өзіміздің қоймамызда сақтаймыз. Қалғанын сатуға шығарамыз. Ақтөбе, Атырау облыстарына сатылымға жібереміз. Суармалы жерге еккен тары жақсы шығып тұр. Тағы қосымша бау-бақшамыз бар. Қауын-қарбыз, тәтті бұрыш, қызылша, баклажан егеміз. Жақсы өнім алып жүрміз. Қауын-қарбызды шамалы кештеу ектік,-дейді ол.

    Тек қана тары емес...
    Шаруашылық тек қана тары егіп қоймай, мал басын өсірумен де айналысады.
    - Шаруашылықты інім екеуміз бірігіп аштық. Мал шаруашылығы мен де егін шаруашылығымен де айналысамыз. Ең алғаш жиырма гектар жерге тары ектік. Шаруашылықта басында отыз бас сиыр, жүз шақты қойым болды. Он шақты жылқы болды. Жыл сайын мал басы көбейіп келеді. 2012 жылы “Алтын асық” деп аталатын мемлекеттік бағдарламаға қатыстым. Он екі жарым миллион теңге несие алдым. Алған қаражатыма Ырғыз ауданынан 570 қой алдым. Орал қаласынан 26 бас асыл тұқымды қошқар алдым. Несиемді бір жылдың ішінде жауып тастадым. Қазір қарызым жоқ. Көп қарыз ұстағым келмеді. Сондықтан тезірек жауып тастадым. Қазіргі уақытта екі мың бас қой бар. Елу екі бас асыл тұқымды қошқар бар. Жүз елу бас ірі қара сиыр бар. Сексен бас жылқымыз бар. Болашақта тағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ойымызда бар,-дейді қожалықтың басшысы.

    Қожалық жылына он төрт, он бес тоннаға дейін ет тапсырады. Сиырды сойып, қойды тірілей өткізеді.
    - Қойды тірілей өткізген бізге тиімді. Ақтөбе облысының жәрмеңкелерінен қалмай қатысып тұрамыз. Жергілкті өзіміздің жәрмеңкелерге қатысамыз. 2006 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг арқылы трактор МТЗ алдық. 2010 жылы лизинг арқылы тағы бір трактор МТЗ алдық. Ақшаларын көп ұзатпай қайтарып тастадық. Қарызды көп ұстауға қарсымын,-дейді шаруашылық басшысы.
    Шаруашылықтың барлық құжаттары дайындалған. Сырт елдерге шығуға да болады. Кеден бекетінен өтуге болады.
    - Тарыны өзіміздің қоймамызда 50 тоннаға дейін сақтаймыз. Қалғанын сатуға шығарамыз. Қойма бұрын совет үкіметі кезінде салынған. Өте жоғары сапалы. Іргетасы биік, қалың цемент құйылған. Ешқандай зиянкестер қоймаға кіре алмайды. Тарыны құрғақ жерде сақтау керек. Бұған дәлел 2000 жылдардағы тары тұқымы да сақталып тұр. Ешқандай бұзылмаған сол күйінде тұр. Тарыдан алып қалған тұқымды зертханадан өткіземіз. Егуге жарамдысын ғана алып қаламыз. Биыл тарының үш түрлі сортын ектік. Қай сорты жақсы шығатынын алдағы уақытта белгілі болады. Совет үкіметінен қалған, қазіргі уақытта тары сорттары бар. Шыққан өнімге байланысты білетін боламыз, қандай сорт бізге егуге тиімді екенін. Қазіргі таңда тарыға деген сұраныс өте жоғары. Кейді тары шығарып үлгере алмай жатамыз. Осыдан бір-екі жыл бұрын Қызылорда қаласында болып, сол жерде естігенмін тарыны қуырып, буып, түйіп қоятын арнайы машина бар деп. Енді сол машинаны алғымыз келіп жүр. Бізге де жақсы болар еді. Қолмен түйіп жүрміз, уақыт жетпей жатады. Техниканың аты техникаға жылдам жұмыс жасайды. Арнайы машинамыз болса, тарыны да көп мөлшерде егетін боламыз,- деп сөзін аяқтады қожалықтың басшысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Ақтөбенің тарысы әлем назарында
  • Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды
  • Жерден ризық тапқан жігіт
  • Ойылдың тарысы Италияға шығарылады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге