Жайсаңбай ауылы ауыз судан қиналып отыр

    Жайсаңбай ауылы  ауыз судан қиналып отыр
    Қар кетіп, мұз ери бастағалы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылы тұрғындарында маза жоқ.Өйткені, олар қыс бойы қар мен мұзды ерітіп, ауыз судың орнына пайдаланып келген болатын. Енді ауылда ауыз су тапшылығы басталады. Тапшылық болғанда... Жайсаңбайда соңғы 10 шақты жылдан бері тұщы су мүлдем жоқ. Малды әркім өз ауласынан қазып алған құдықтың ащы суымен суарып, кір-қоңдарын да сонымен жуып отыр.

    -Зейнетақымды алған сайын ауыз суға деп ақша бөліп қоямын. Кейде пенсия келгесін қайтаратын қылып, қарызға сатып аламыз. Өйткені, құдықтың суын ішу мүлдем мүмкін емес. Көлігі бар ауылдастар тұщы су әкеп сатады. Сатып алған су не болсын? Тез таусылып қалады-дейді Жайсаңбай ауылының тұрғыны Қияс (есімі өз өтініші бойынша өзгертілген) қария.
    Оның сөзіне қарағанда, Жайсаңбайда 1 піләк (фляга-ред) судың құны 200 теңге. 40 литрлік ыдыстағы тұщы суды 5-6 мүшесі бар отбасы барынша үнемдеп, 1 тәулікке жеткізуге тырысады.
    -Ауыл балаларының арасында іш ауруы көп. Адам тұрмақ мал да қиналып бітті. Былтыр әр үйден 6-7 сиырдан өлді.Соның бәрі судың жоқтығынан. Мысалы, менің ауламда ащы құдық бар. Ал, көршімнің ауласынан ащы су да шықпай қойды. Екі үйдің малы 1 құдыққа қарап отыр. Кейде жетпей де қалады. Сиырларым мөңіреген кезде жанымды қоярға жер таппаймын. Судың қаттығын адамға түсіндіре алмай отырғанда, малға қалай ұқтырасың?- деді аты-жөнін атамауды өтінген тағы 1 тұрғын.
    Оның айтуынша, шағын ауылда жұрттың бәрі бір бірімен туыс.Құда-жекжат. Сондықтан “ұят болар” деумен күн артынан күн өтіп жатыр.
    Ауыл тұрғындарының айтуынша, Жайсаңбайға 25 шақырым жердегі Айманбет деген жерден тасылатын ауыз су қымбаттау. Өйткені, Айманбеттің суы таза, әрі тұщы. Ауылдан 7 шақырым жерде де тұщы құдық бар.Оны жайсаңбайлықтар “әкім құдық” деп атайды. Бірақ, әкім құдықтың суын Айманбеттің суымен салыстыруға келмейді. Өзімізде ол да жоқ болғандықтан сатып алуға мәжбүрміз-дейді ауыз су тапшылығын көріп отырған ауыл тұрғыны.
    Жайсаңбайдың көлігі бар тұрғындары ауыз суды көлікпен, көлігі жоқтар түйе шанамен тасып ішеді. Өзгелері тұщы суды сатып алуға мәжбүр. Тұрғындардың сөзіне қарағанда Жайсаңбайда су сатуды табыс көзіне айналдырған Ергентай, Сәкен, Жалғас есімді азаматтар да бар. Су сатушылар өзара келісе келе ауыз судың орташа бағасын бекіткен. Ол шамамен литріне 5 теңгеден.
    Жеке көлігімен Айманбет ауылынан жерлестеріне ауыз су тасып, жүрген сатушылардың бірі- Жалғас есімді жігіт. Жалғас жеке көлігімен Айманбетке күнара қатынап тұр.
    -Әр барған сайын 5 бөшке су әкелуге тырысамын. Әр бөшке 1200 теңгеден. Мықтағанда 1-2 мың теңге табыс табатын шығармын. Қалған қаржы жанар жағар май мен көлігімнің қосалқы бөлшегіне кетеді-дейді Жалғас.
    “Ауылда ауыз су тапшылығы жоқ! Оны сізге кім айтып жүр? Есімдері кім?” деп Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылының әкімі Ғалымбек Байтақов “Керек.info” тілшісіне дүрсе қоя берді. Әкімнің сөзіне қарағанда, ауыз суға тапшылығына қатысты шағым айтып, оның кабинетіне ешкім келмеген.
    Ғалымбек Байтақов былтыр Жайсаңбай-Тәуіп аралығына су құбыры төселе бастағанын айтады.Алайда, құбыр әлі тартылып бітпеген. Жоба жоспарға сай жүзеге асатын болса, ауыл тұрғын-дары биыл тамыз айында тұщы су іше бастауы тиіс.
    Жайсаңбай - Ырғыз ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Қарағанды және Қызылорда облыстарына таяу орналасқан, Ырғыз және Торғай өзендерінің құйылысындағы 83 түтінді ауыл.

    22 наурыз- бүкіләлемдік су ресурстары күні. Бұл адамзатқа су ресурстарының қоршаған орта мен қоғамның дамуы үшін айрықша маңызды екендігін еске салатын күн. Бүгінде әлемнің 2 миллиардтан астам тұрғыны ауыз су тапшылығын көріп отыр. 80 мемлекетте ауыз су тапшы. Ғалымдардың болжамынша, алдағы 25 жылда жер бетінде тұщы су 2 есе азайып кетеді.

    Жайсаңбай ауылы  ауыз судан қиналып отыр

    Ұқсас жаңалықтар
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Біздің сүйікті кондуктор
  • Қазақ-орыс кәсіпорны канадалықтардың 630 мың долларын иемденген
  • Шенеуніктерге сот үкімі шықты
  • АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге