Шаруасы өрге басқан қожалық

    Шаруасы өрге басқан қожалық

    Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласына мемлекет тарапынан жан –жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде шаруалар өз кәсіптерін дөңгелетіп, өндіретін өнімдерінің сапасын арттыруда. Солардың қатарында Қарғалы ауданындағы ірі кәсіпорын “Степное” ЖШС де бар.

    “Степное” ЖШС тарихы 1956 жылдан басталады. Шаруа қожалығы тың игеру жылындарында мал азығын дайындайтын кеңшар болып ашылған. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, асыл тұқымды малдармен айналысатын үлкен шаруа қожалығына айналды.

    -“Серіктестік егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Бұған қоса етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараны көбейтіп, сату, тұқым сатып алып, өткізу де жолға қойылған. Ақтөбеде «Атамекен-нан» зауыты мен кондитерлік цех жұмыс істеп тұр. Шұжық цехы да бар. Ет пен түрлі нан өнімдері шығарылады. Бүгінде шаруа қожалығының иелігінде 1729 бас ірі қара мүйізді мал, 128 бас жылқы мен 2 мыңнан ұсақ мүйізді мал бар, - дейді кәсіпорын қожайыны Аманғос Төлеуов.
    Бүгінде шаруа қожалығы 240 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ал көктемгі егіс пен жинау науқаны кезінде тағы қосымша 100-ге жуық адам қызметке алынады.

    -Шаруа қожалығының иелігінде ауылшаруашылығы мақсатында ұзақ мерзімге пайдалануға берілген 53027,9 га жер бар. Оның 31233,8 га егістік жер болса, 19996 га жайылымдық жер. Ал 1300 га астамы шабындық жер ретінде пайдаланылады. Иелігімізде 176 техника бар, -дейді кәсіпкер.
    Бүгінде шаруасы шалқыған кәсіпорынның өнімдерін тек аудан халқы ғана емес ақтөбеліктер де тұтынады. Аманғос Төлеуовтің сөзінше, шаруа қожалығы қазір ет өнімдерінен бөлек халыққа бидай, арпа, сұлы, ұн, шұжық өнімдері, макарон, нан өнімдерін сатады. Жем-шөп дайындайды. Өнімдердің барлығы да сапа сертификатына ие және халықаралық, ұлттық және жергілікті нарықта сұранысқа ие.

    Бүгінгі күні “Степное” ЖШС екі сауда нүктесі, наубайханалар желісі, жарма тартатын цехы, элеваторы, шұжық цехы, асыл тұқымды малдарды көбейтуге арналған фермалары бар үлкен кәсіпорынға айналған.

    Шұжық цехы 1996 жылы салынды. Бұл - Ақтөбе облысындағы стандарт бойынша жұмыс істейтін алғашқы шағын ет комбинаттарының бірі. Шағын ет комбинаты азық-түлік өнімдері қауіпсіздігінің еуропалық талаптары бойынша жобаланған, Еуропа пен Ресейдің жетекші өндірушілерінің құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Бүгінде ысталған және пісірілген шұжықтың 22 түрі шығарылады. Сондай-ақ бұқтырылған және жартылай бұқтырылған ет, түрлі деликатес өнімдері және өзіміздің шикізаттан жартылай ет фабрикаттары бар. Шұжық өнімдерін өндіру үшін жылқы, сиыр, шошқа мен қой еттері қолданылады. Шұжық өнімдері Ақтөбедегі және аудан орталықтарындағы сауда нүктелері арқылы сатылуда. Біздің өнімдеріміз тұтынушылар арасында ерекше сұранысқа ие,- дейді ол.
    Ал чехиялық құрал-жабдықтар орнатылған диірмен кешені 2001 жылы іске қосылыпты. Мұнда тәулігіне 50 тоннаға дейін ұн шығарылады. Мұндағы технологиялық процесс толығымен автоматтандырылған. Яғни, бәрі адамдардың қатысуынсыз, автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырылады. Кешендi бiр компьютердiң көмегiмен қашықтықтан басқаруға болады.
    Бүгінде элиталы тұқым шаруашылығы деңгейіне ие болған кәсіпорын мемлекеттің қолдауынан да кенде емес. Өйткені биылдың өзінде шаруа қожалығы 61 млн теңгеден астам субсидия алған.
    -Шаруа қожалығына мемлекет тарапынан жиі қолдау көрсетіледі. Биылдың өзінде өсімдік шаруашылығына 39 млн 774 мың теңге субсидия алдық. Ол өзіміз өндіретін элиталы тұқымдарды егу үшін қолданғанымызға, сатып алынған бірегей тұқымға, элиталы тұқымдарға және гербицидтерге берілді. Бұдан бөлек асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша 21млн 610 мың теңге субсидия бөлінді. Бұл мал басын көбейтіп, шаруашылықты онан әрі дамыту үшін өте үлкен қолдау,-дейді кәсіп иесі.

    Алдағы уақытта шаруасы өрге басқан серіктестік одан әрі кеңейіп, дамуды жоспарлап отыр. Бәсекеге қабілетті кәсіпорын ретінде өңірдің дамуына үлесін қосып келе жатқан кәсіпорын мемлекеттен қолдау болатындығына сенімді.
    Айта кетелік. Қарғалы ауданы– Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан экономикасы- ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына негізделген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сұлтанбектің қарбызын жеп көрдіңіз бе?
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге