Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды

    Ақтөбеде осы жылдың сегіз айында 102,8 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 102,7% өскен. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сарсембай хабарлады.

    Есептік кезеңде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 3 780,1 млн. теңге инвестиция тартылып, егіс алқаптарын ұлғайту жұмыстары жүргізілген. Егер, 2015 жылы егіс алқабы 501,4 мың гектарды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 656,0 мың гектарға жеткен. Соңғы үш жыл ішінде 154,6 мың гектар жер айналымға енгізіліпті.
    2015 жылы дәнді дақылдардың үлесі 62,5%-ды құраса, 2017 жылы 59,4%-ға дейін төмендеген, өз кезегінде мал азығы дақылдарының үлесі 28,8%-дан 32,5%-ға дейін өскен. Суармалы жерлерді айналымға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2015 жылы 11,9 мың гектар ғана суармалы жер болса, ол биыл 21,5 мың гектарға жеткен. Жергілікті бюджеттен 384 млн. қаражат бөлініп, ол қаражат 2 жылда 19,5 мың гектар жердің құжаттары әзірленген. 8,9 мың гектар жердің құжаттары ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылыпты. 2020 жылға дейін 40 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіледі деп жоспарлануда. Биылғы егіс жылына "Аграрлық несие корпорациясы" 648 млн. теңге көлемінде қаражат бөлген. Жылда 700 мың тонна тыңайтқыш алынатын болса, биыл ол қаражатқа көрсетілген шамадан 2,5 есе артық көлеммен сатып алынған. Ол қаражаттың бір бөлігі арамшөпке қарсы химиялық өңдеу жұмыстары үшін игеріліпті.
    Күзгі далалық жұмыстарға 9,9 мың тонна дизельдік отын жұмсалған, оның жеткізу бағасы 124 теңгені көрсетіпті. Республика бойынша ең арзан баға Ақтөбе облысында белгіленіпті.
    Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша дәнді дақылдардың 389,2 мың гектар алқабы 100 %-ға шабылып, гектарына 13,0 центнер өнім алыныпты, яғни жалпы есебі 505,8 мың тонна астық жиналған. Ал майлы дақылдарды жинау науқаны енді басталған, ауа райының қолайлылығына қарай қазан айының 20-сына дейін жиналып алынады деп болжанып отыр.
    Облысымызда мал басы санының артуы тіркеліпті. Ірі қара мал саны – 465,0 мың бас, қой-ешкі – 1 332,3 мың бас, жылқы – 120,0 мың бас, құс – 1 558,6 мың, түйе – 17,1 мың басты құраған.
    Құсайын Сарсембай ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру арқылы ауылшаруашылық құрылымдарын нығайтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыру үшін сапалы шикізатты қамтамасыз етумен айналысатын кооперативтер құру және дамыту жұмыстарының белсенді жүріп жатқанына тоқталып өтті.
    171 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрамына 4,0 мың үй шаруашылықтары, 108 фермерлік қожалықтар, 30 заңды тұлға (95 – ет өндіру, 19 – сүт өндіру, 5 - дәстүрлі емес сала бойынша, 5 - көкөніс егу, 47 - аралас бағыттық сала бойынша ) кірген.
    Дәстүрлі емес ауыл шаруашылығына 911 шаруашылық жұмылдырылған.
    Құсайын Сарсембай Қобда ауданындағы түйеқұс шаруашылығы бойынша ашылған кәсіпкерліктің жабылып қалуын оған мемлекет тарапынан субсидия бөлінбегендігімен түсіндірді. "Аталған шаруашылықтың табысы өз шығындарын артығымен ақтайды" деп күтілген, алайда үміт ақталмапты. Осыған байланысты басқарма басшысы кәсіпкерлікті ашар алдында өзіндік өнімдерді өткізу жолдарын әбден пысықтап алу керектігі жөніндегі пікірін білдіріп өтті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қобданың күйі жақсы
  • Темірліктер алда келеді
  • Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге