Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ

    Темір ауданының тұрғыны Қуандық Тәңірбергенов болашақта асыл тұқымды сиырдың санын көбейткісі келеді. Бүгінде оның шаруа қожалығында 100 шақты мүйізді ірі қара бар. Етті бағытта мал өсіретін шаруа мемлекеттің көмегінен үмітті.

    Мемлекет мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлуде. Бұл үшін кәсібін кеңейткісі келген әр шаруаға түрлі жеңілдіктер жасалады. Біріне лизингке техника алуға көмектессе, ал енді біріне асыл тұқымды мал басы үшін субсидия төлейді. Шаруасын дөңгелетіп, мемлекет беретін субсидияны керегіне жаратып отырған осындай шаруа қожалықтарының бірі Темір ауданының Ақсай ауылдық округінің маңында орналасқан. “Ғалым” шаруа қожалығының құрылғанына 15 жылға жуық уақыт болған. Алғашында әкесі азын-аулақ малдан басталған кәсіпті бүгінде ұлы үлкен шаруа қожалығына айналдырған. Қазір оның иелігінде 100-ден аса сиыр, 30-дан астам жылқы мен 700-дей қой бар. Кәсіпкер Қуандық Тәңірбергенов мал басының көбеюі мемлекет берген жеңілдіктердің арқасы екендігін айтады.
    -Шаруашылығымыз жылдан-жылға дамып келеді. Бұған мемлекеттің қолдауы көп. Былтыр өз қаржымызға МТЗ-80 тракторын, шөп шауып, оны орайтын бірнеше техника сатып алған едік. Оның 50 пайызын мемлекет субсидиялады. Мемлекеттік бағдарламаға да қатыстық. 2015 жылы “Құлан” бағдарламасына қатысып, жылқы сатып алдым. “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасымен 3 млн теңге несие де алдым. Бұл қаржыға әулиекөл тұқымды 3 бас бұқа мен қой сатып алдық. Мемлекет оның 7 пайызына субсидия, яғни қаражат түріндегі қайтарымсыз көмек берді. Бұл шаруаларға өз кәсібін одан әрі дамыту үшін үлкен қолдау деп есептеймін. Биыл да мемлекеттің көмегімен тракторға арналған жаңа құрылғы сатып алдық. Мемлекеттің қолдауы әлі де жалғаса берсе екен,-дейді шаруа қожалығының иесі.

    Болашақта ол етті бағыттағы асыл тұқымды сиырды онан әрі көбейткісі келеді.
    -Биыл Қостанайдағы “Степной” ЖШС 5 бас ақ бас тұқымды бұқа сатып алдық. Келер жылы жақсы төл аламыз деген үмітіміз бар. Байғанин ауданынан 20 бас қошқар да сатып алдық. Болашақта асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық атауын алғымыз келеді. Сондықтан қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ақ бас сиырдың аналығын көбейту де жоспарда бар,-дейді ол.
    Шаруа қожалығының иелігінде 3300 гектар шабындық жер бар. Биыл 1500 бума шөп шапқан кәсіпкер қысқа дайындығы жақсы екендігін айтады. Биыл жаңадан жылы қора да салып алған. Қазір 4 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
    -Аудан тұрғындарын сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырмыз. Екі жыл қатарынан Алғадағы “АкТеп” ЖШС ет комбинатына сиырларымызды тапсырып келдік. Бұл-өте жақсы бағдарлама, өйткені өз өнімдерімізді алатын тұрақты сатып алушылар бар. Биыл Астанадағы Ақтөбе облысының күндері аясында өткен жәрмеңкеге де қатыстық,-дейді шаруа.
    Алтықарасу селолық округіне қарасты Ақтоғай қыстағында орналасқан “Темірлан” шаруа қожалығы да мемлекеттен көмек алып отыр. Бүгінде оның иелігінде 240 бас мүйізді ірі қара, 800 бас қой мен 67 бас жылқы бар.
    -Бұған дейін “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 30 бас сиыр, “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 100 бас саулық қой мен Құлан бойынша 20 бас жылқы сатып алдық. Шаруа қожалығы табыссыз емес. Малға қоса шөп те сатамыз. Жылдық табысымыз шамамен 10-11 млн теңгені құрайды. Мемлекеттен берілетін көмектің барлығын алып отырмыз. Аналық сиыр мен саулық қойға төленетін субсидияны да аламыз. Сатып алынған техниканың 50 пайыз құнын да мемлекет төлеп отыр,-дейді шаруа қожалығының иесі Сұлтан Боранқұлов.
    Айта кетелік, Темір ауданында ауыл шаруашылығы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Биыл өнім өндіру көрсеткіші 103,5% орындалған. 5300 тоннаға жуық ет пен 19 мың тоннадан астам сүт өндіріліпті.

    Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы
    Биыл Темір ауданында “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 82 бас ірі қара сатып алынды. Ал “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 270 бас қой сатып алынған еді. Оның бүгінде 67 басы сатып алынды. “Құлан” бағдарламасы бойынша 50 бас жылқы сатып алу жоспарланған болатын. Бүгінде 30 басқа құжат өткізілді.
    Сондай-ақ асыл тұқымды мал басын сатып алу бойынша да қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Биыл 600 бас ірі қара сатып алу жоспарда болған. Қазіргі таңда оның 535 басы сатып алынды, бұл 89,1% құрайды. Темір ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Еспағамбет Төлеуовтің сөзінше, қой сатып алу жоспары, тіпті, артығымен орындалыпты.
    -Биыл 509 бас асыл тұқымды қой сатып алынады деп жоспарлаған едік. Ал қазір 869 бас ұсақ мал алынды. Жылқы саны да көп. Биыл жоспарланған 60 бастың орнына 62 бас сатып алынды. Яғни, 103% орындалып отыр.
    Биылдыққа мал бордақылау алаңдарына 661 бас мал тапсырылған. Темір ауданы бо-йынша экспортқа 7 тонна қой еті шығарылмақ. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

    Экспортқа қой етін өткізу жос-пары 7 тонна оған қазіргі уақытта жұмыстар ұйымдастырылуда. Ауыл шаруашылығы саласына 8 айда 87 млн теңгеден астам инвес-тиция тартылған. Қазір қысқа 183 мың тонна мал азығы дайындалды. Яғни , жоспар 121,6% орындалып отыр. Мал азығы ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына таратылып жатыр. Бүгінде ауданда 12 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Ауыл шаруашылығы кооперативтері 15 000 га жерін алып пайдалануда. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативі 1324 бас ірі қара, 15 бас жылқы, құс 1770 бас тіркелген. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде 359 құрылтайшы тіркелген. Бүгінгі күнге 161 тонна ет, 92,9 тонна сүт, 104 тонна көкөніс, 41 560 дана жұмыртқа өндіріп, өнімдерін базар арқылы халыққа сатуда. Сонымен қатар “Рамазан-Ақсай” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ет таситын рефрижератор алды. Шұбарқұдық орталығында мал сою пунктін құрылтайшы етіп тіркеп алды. “Рамазан-Ақсай” ауыл шаруашылығы кооперативтері 4,5 мың теңге тұратын сүт қабылдау пункттерін алу үшін ауыл шаруашылығы қолдау қорына құжат өткізіп бүгінгі күнде мақұлдады. Ал Темір қаласындағы “АсАн-Агро” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жақында өз қаражатына сүт өңдеу цехын ашпақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шаруаның қамын күйттеген кооператив
  • Шаруасы өрге басқан қожалық
  • Темірліктер алда келеді
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге