Еңбек етсең ерінбей...

    Еңбек етсең ерінбей...

    Шалқарлық Төлеу Шәкірбек асыл тұқымды ақ бас сиыр өсіріп, игілігін көріп отырған шаруа. Есет Көтібарұлы ауылдық округіне қарасты “Нұралы” шаруа қожалығы 2014 жылы ашылған. Содан бері өз ісін өрге жүргізіп келе жатқан шаруа мемлекеттік бағдарламаларға да қатысып үлгерген.

    - Елбасымыздың аграрлық өнеркәсіпте шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында туған ауылынан 2014 жылы асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырын өсіру үшін “Нұралы” шаруа қожалығын ашылды. Шаруашылығымыз жүріп келеді. Мал санын жылдан жылға өсіріп жатырмыз. Ауыл шаруашылығына арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Біздер үшін мемлекеттен берілетін көмектің пайдасы өте зор. Мен 2015 жылы “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 22,5 млн теңге несие алдым. Алған қаражатыма 120 бас асыл тұқымды ақ бас сиыр, төрт асыл тұқымды бұқа сатып алдым. Асыл тұқымды мал басын Батыс Қазақстан облысынан алынды. 168 бас ақ бас сиыр, 200 бас жылқы, 270 бас мүйізді ірі қара мал, 502 бас қой өсіруде. “Нұралы” шаруа қожалығы асыл тұқымды мүйізді ірі қара шаруашылығы статусын алып, облыстың түрлі ауыл шаруашылығы құрылымдарына 2015 жылы 50 бас, 2016 жылы 70 бас асыл тұқымды бұқашық сатты,- дейді шаруа.

    Шаруашылықта қазір асыл тұқымды 500 бас аналық бар. Өз қаражаты негізінде 2017 жылы 400 басқа арналған мал бордақылау және мал сою алаңын, шағын ет өңдеу цехын (30 тонна жылына) ашу жоспарланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы шаруа қожалығы негізінде бірнеше отбасын жұмыспен қамтып, халықтың ризашылығына бөленіп келеді. “Нұралы” шаруа қожалығы биылғы шөп шабу науқанына да белсене араласты. Шөпті Есет Көтібарұлы ауылдық округі тұрғындарына, көрші ауылдық округтерге қол жетімді бағамен сатады. Шаруа қожалығы бұнымен тоқтап қалмай, Ақтөбе, Астана, Жамбыл облыстарында өтетін жәрмеңкеге қатысып жүр. Қайырымдылық шараларына қатысып ауылына мешіт, мектеп жанына мұз айдынын салып берді. “Мектепке жол” акциясын қолдап қомақты ақшалай, заттай көмек көрсетіп отыр.

    - Мал шаруашылығымен қатар ауылда “Нұралы” деп аталатын 200 адамға арналған тойхана жұмыс жасап тұр. Газ құю бекеті, жол бойында шәйхана, қонақүйі қызмет етіп тұр. Шаруашылықта автокран, камаз, экскаватор, жүк тиегіш техника, 10 жеңіл машиналар бар. Он бес адам жұмыс жасайды. Бірнеше кәсіптің басын ұстау ерінбей еңбек еткен адамға аса қиын болмайды,-дейді Төлеу Шәкірбек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге