Кәсіптің көзін тапқан шаруа

    Кәсіптің көзін тапқан шаруа

    Малдың жайын баққан біледі. Ойылдық шаруа “Әулиекөл” тұқымды сиырды бағудың қыр-сырымен бөлісті.

    “Шағатай” шаруа қожалығының басшысы Сисенбай Тілегенов Ойыл ауданының Қайыңды селолық округінде тұрады. Әкеден мирас болып қалған ата кәсіпті жалғастырып келе жатқан ол - бүгінде ауылдағы шағын шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің бірі.

    - «Шағатай» шаруа қожалығы 1999 жылы наурыз айында құрылды. Бұл шаруашылық әкемнен Мұрат Кеңесовтен қалған кәсіп. Ол Еңбек ері, жасаған қызметі үшін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің төс белгісімен марапатталған. Әкеден қалған кәсіпті тоқтатқым келмеді. Сондықтан оны әрі қарай жалғастыруды қолға алдым. Алғашында бұл шаруашылық егін егумен айналысты. Ал 2000 жылы егін шаруашылығын тоқтатып, толықтай мал шаруашылығын қолға алдық,-дейді ол.
    Бүгінде шаруа қожалығы асыл тұқымды әулиекөл сиырларын өсіріп отыр.

    - Бастапқы кезде шаруашылықта ірі қара сиырлар болды. Соңыра олардың санын көбейтіп, асыл тұқымды малдар ала бастадық. Мал санын көбейту үшін мемлекеттен «Ақтөбе ауыл микрокредит» микроқаржы ұйымы арқылы алты миллион теңге несие алдық. Несені төрт жарым жылға алдық. Жылына екі рет төлем жасаймыз. Несие төлеу кестесі өте ыңғайлы. Алған қаражатымызға Қостанай облысы, Әулиекөл ауданынан асыл тұқымды сиырлардың бұзауларын сатып алдық. Олар өсіп, алғашқы төлін жақсы берді. Етті, сүтті келеді. Осылай несиенің алғашқы жылдарын да жауып жатырмыз,-дейді ол.

    Оның айтуынша, әулиекөл тұқымды сиырлар Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтардың ауа-райына жақсы бейімделген, азықты таңдай бермейді. Дегенмен Ақтөбе облысының климатына да жатсынбай, тез үйренісіп кетіпті. Асыл тұқымды сиырлар жайылымда және бордақылағанда жақсы семіреді екен. Бұқалары тәулігіне мың грамға дейін салмақ қосады.

    - Әулиекөл тұқымды сиырлар алысқа ұзап, жайылмайды. Олар бір жерден ұзамай, жем-шөп жегенді ұнатады. Біздің сиырларға қарағанда екі есе артық жем-шөп жейді. Бір-бірін сүзіп, теппейді. Жуастау келеді.Бұл тұқымды сиырлардың түсі бозғылт сары, бұқаларының орташа салмағы 800-850кг болады. Ал, сиырларының салмағы 500-550кг. 15 жасар бұқаларды бордақылағанда, семірткенде 430 кг салмақ тартады.Бұл сиырлардың тұлғасы тұтас, мінсіз, сүйегі жұқа, берік болып келеді. Аяқтары тік, тұяқтары мықты,-дейді Сисенбай Тілегенов.

    Шаруашылық «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы бірқатар техникалар да алған екен.
    - “ҚазАгроҚаржы” АҚ бойынша лизингке техникалар алдық. 2013 жылы рулон пресс, 2014 жылы МТЗ-82 тракторын алдық. Шаруа қожалығының иелігінде 2600 гектар жер бар. Малға қысқы азықты өзіміз дайындаймыз. Шаруашылықта төрт адам жұмыс істейді. Маусымдық жұмыстарға қосымша қызметкерлер аламыз. Сөйтіп, ауыл адамдарын жұмыспен қамтып отырмыз,-дейді шаруа қожалығының басшысы.

    Шаруа қожалығы биыл Ойылда өткен Көкжар жәрмеңкесіне де қатысқан. Сисенбай Тілегенов халықтың әулиекөл тұқымды
    сиырларды қызыға тамашалағанын айтады. Аудан , ауыл көлеміндегі жәрмеңкелерге де жиі қатысатын шаруа қазір халықты қолжетімді бағадағы ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.
    - Шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде. Мал тұқымын асылдандырумен айналысатындарға қайтарымсыз қаржылай көмек беріледі. Үкімет тарапынан жылма-жыл ауыл шаруашылығын қолдау жұмыстары, соның ішінде мал бастарын асылдандыру, көбейту жұмыстарына көп көңіл бөлуде.Соның арқасында өңірде ірі қара малдың басы да көбейіп келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады деген үмітім бар,-деді шаруа.

    “Шағатай” шаруа қожалығында бүгінде 100-ге жуық әулиекөл тұқымды сиыр бар. Төрт түлігін төскейге өргізіп, ырзық-несібесін малдан тапқан Сисенбай Тілегенов болашақта етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның санын көбейтіп, шаруа қожалығын онан әрі үлкейтпек ниетте.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге