Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда

    Ақтөбе облысында төрт түліктің саны жыл санап артып келеді. Шаруаның жайын білетін кәсіп иелері қазір мемлекеттен көмек алып, қазір қорасындағы азын –аулақ малдың басын көбейтуде. Солардың бірі- Мәртөк ауданының Кеңсахара ауылындағы “Есбол” шаруа қожалығының басшысы Мұхамметхан Қарсақов.

    Бүгінде кәсіп ашып, өз ісін бас-таймын деген адамға мүмкіндік те, қолдау да көп. Тек тәуекелің жетсе болғаны. Бұл 2008 жылы Қарақалпақстаннан тарихи отанына оралған 51 жастағы кәсіпкердің ұстанымы десе де болады. Қорасындағы азын-аулақ малымен кәсібін бастаған ол шаруа қожалығын 2012 жылы құрған. Бүгінде оның иелігінде 333 бас қызыл бас сиыр мен 26 жылқы бар.
    - 2012 шаруа қожалығын ашқан кезде ауламда небәрі 20 шақты ірі қара болды. Бір жылдан соң «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге жеңілдетілген несие алдым. Оған Мәртөк аудандағы асыл тұқымды қырдың қызыл сиырын өсіретін «Қызылжар» шаруашылығынан 20 қашар сатып алып, табынға қостым. Мал шаруашылығы кешеніне шағын несие алғандарға мемлекеттің қайтарымсыз негіздегі көмегі ретінде күн батареясы орнатылды. Одан кейін “Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасына үш жыл қатарынан қатыстым. “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы жеңілдетілген несие алып, асыл тұқымды сиырдың басын бүгінде үш жүзге жеткізіп отырмын,-дейді шаруа қожалығының басшысы.
    Шаруашылық Қазақстанда кең тараған сүтті сиырдың түрі –далалық қызыл сиырларды өсіріп отыр. Түрлі ауа райына, табиғи климаттық жағдайларға шыдамды және төзімді келетін ірі қара жаз айларында тәулігіне 1,5 тоннаға дейін сүт береді екен.
    -Сиырларды қаңтар айынан қазан айына дейін сауамыз. Өйткені олардың сүті қыс мезгіліне таман азаяды. Ал жазда тәулігіне 1,5 тоннаға дейін сүт аламыз. Қазір сүттің 1 литрін 90 теңгеден “Мәртөк Cүт” ЖШС тапсырып отырмыз.Асыл тұқымды малдан алған өнімді сатқанымыз үшін де субсидия беріледі. Яғни, сүтті 80 теңгеден сатамыз. Бұдан бөлек “Мәртөк Cүт” ЖШС есебінен қосымша тағы он теңге төленеді. Ал қала базарларына сүтті 110 теңгеден әкеліп, сатамыз. Ебін таба білген адамға, табыс бар. Тек ерінбесең болғаны,-дейді Мұхамметхан Қарсақов.
    Шаруашылық иесі далалық қызыл сиырлардың сүтін сатып қана қоймай, оларды етке өткізіп, пайда тауып отыр. Жыл соңына дейін ол “АкТеп” ЖШС 100 бас бұқашық тапсырып, мемлекеттен демеуқаржы алуды жоспарлап отыр. Айтуынша, дұрыс тамақтандырған жағдайда далалық қызыл сиырдың бұзауы тез өседі. Ол орта есеппен тәулігіне 600-900 грамм қосып, 6 айда 160-180 кг салмақта болады. Жеке иелігінде бірнеше техникасы мен 1300 гектар жері де бар.Қазір шаруа қожалығының иелігінде 1300 гектар жер бар. Бұдан бөлек жергілікті әкімдік май жайылымы үшін 1500 гектар жерді қосымша пайдалануға берген. Қазір мұнда 12 адам тұрақты түрде ауысымдық әдіспен жұмыс істейді. Олардың арасында малшылар мен сауыншылар бар. Малды күтіп-баққаны үшін олар айына 50 мың теңге жалақы алады.
    Мемлекеттің ауыл шаруашылығына деген қолдауын сезінген кәсіпкер асыл тұқымды сиырлардың санын көбейтіп, кәсібін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Мұхамметхан Қарсақов мемлекет тарапынан ұсынылған қолдауға, соның ішінде халықты жұмысқа орналастыруға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға ризашылығын білдіреді. Кәсіптің кілтін тапқан шаруа болашақта ол сүт өңдеу зауытын салып, іске қосқысы келеді.
    Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, «Есбол» шаруа қожалығы жылма-жыл тұрақты түрде дамып келеді. Шаруашылық басшысы аудан көлемінде өткен мәдени шараларға демеушілік көрсетіп отырды. Бүгінде кәсіп иесі “Жұмыспен қамту жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде 8,0 млн.теңге көлемінде қаражат алып, оны игеріп отыр. Шаруа қожалығында шынжыр табанды трактор ХТЗ-181 техникасы бар. Жұмысшылардың жалақысы уақытылы төленуде. Шаруа қожалығы 2015 -2016 жылдары “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 10 млн.теңге, “Ырыс” бағдарламасы бойынша 28 млн.теңге көлемінде қаражат алды. Жұмысшылар барлық қажетті үй тұрмыс жағдайымен қамтылған.
    Шаруашылық басшысы 2017 жылы “Кеңсахара” ауылшаруашылық кооперативін құрған. Бүгінде кооператив мүшелері күн санап көбейіп, жұмыстары алға басуда. Оның нақты айғағы - шаруашылық басшысы биыл сүт таситын көлік, трактор мен қосымша ауылшаруашылық техникаларын сатып алған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге