Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді

    Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы бұл салаға 569 млн теңгеден астам инвестиция тартылған. Биыл ауданда 14 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Сондай-ақ 67 мың тоннадан астам егін жиналды.

    Мәртөк ауданында жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14 348,4 млн. теңгені құраған. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 6 199,6 млн.теңге, ал мал шаруашылығы 8 113,9 млн теңгені құрады. Аудан бойынша биыл 95 840 гектар жерге егін егілді. Соның ішінде 53 680 гектарға дәнді дақылдар себілді. Оның орташа өнімділігі гектарына 12,6 центнерді құрады. Ал мал азығы 27068 гектар жерді қамтыды. Оның ішінде өткен жылы егілген көп жылдық шөп 8900 га құрайды. Ал майлы дақылдар 13214 гектарды қамтып, орташа өнімділік гектарына 6,9 центнерді құрады. Сондай-ақ биыл 1878 гектар жерге көкөніс егілді.
    Мәртөк ауданы бойынша 2017 жылдың 20 қыркүйегінде егін жинау науқаны аяқталды. 15770 га алқап шабылып, жалпы өнім 67112 тоннаны құрады.
    Бүгінде ауданда 26 156 бас мүйізді ірі қара, 37859 бас қой-ешкі 1093 шошқа мен 4200-ден аса жылқы, 122 бас түйе бар. Сондай –ақ өңірдегі құстардың саны 65 мыңнан асады.
    Ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша 2017 жылдың 1 қыркүйек 2016 жылмен салыстырғанда: ет – 5 688,0 тонна немесе 103,9% , сүт өнімі - 33 134,5 тонна немесе 100,2%, жұмыртқа 4 067,9 дана немесе 100,7% құрады.

    Биыл 127 мың тоннадан астам шөп дайындалды
    Мәртөк ауданына 126 мың тонна шөп дайындауға тапсырма берілген еді. Бұл тапсырма артығымен орындалып, 127 мың тоннадан астам шөп дайындалды. Жоспардың орындалуы 101,0 % құрап отыр.
    Шөп шабу науқаны кезінде 166 шөп дайындау бригадасы құрылды. Бұдан бөлек мал азығын әзірлеуге 224 торактор, 170 шөп шапқыштар, 110 шөп тиегіштер, 216 трактор тіркемелері қатысты.

    Мемлекеттік бағдарламалар орындалып жатыр
    Биыл Мәртөк ауданына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 130 бас тауарлы және селекциялық ірі қара мал сатып алуға тапсырма берілген еді. Бүгінгі күнге 2 шаруа қожалығы 6,1 млн теңгеге 35 бас ірі қара малын сатып алды. Қазір “Дияр-ата”, “Арлан” шаруа қожалықтары 24,8 млн теңгеге 100 бас ірі қара малын сатып алуға құжаттарын дайындауда. Қазірге жоспар 26,9 % –ға орындалды.
    «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2017 жылға 100 бас қой сатып алу көзделген болатын. Мәртөк ауданының ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Шамиль Сариновтың айтуынша, Байнассай селолық округінің «Огородник» шаруа қожалығы 2,5 млн.тг 100 бас қой сатып алмақ. Бүгінгі күні кәсіпкер құжаттарын дайындауда. Сондай-ақ «Құлан» бағдарламасы бойынша биыл 20 бас жылқы сатып алынуы тиіс. Байнассай селолық округінің «Тұлпар» шаруа қожалығы бұл үшін 6,0 млн.тг қаржы бөлмек.
    «Ырыс» бағдарламасы бо-йынша биыл 50 басқа тауарлы сүт фермасын құру жоспарланған еді. Тәңірберген ауылдық округі Кеңсахара ауылында орналасқан «Казен» шаруа қожалығы 2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 21 млн теңгеге 60 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды аналық мал сатып алды. Жоспар 120% –ға орындалды.
    2017 жылға мал бордақылау алаңдарын 1380 бас ірі қара малдың төлдерімен толтыруға тапсырма берілген. Жыл басынан бері 293 бас бұқашық бордақылау алаңына тапсырылып, көрсеткіш 21,2 % құрады.

    Биыл Мәртөктің шаруалары 25 жаңа техника сатып алды
    2017 жылдың 1 қыркүйегіне ауыл шаруашылық саласына тартылған инвестиция көлемі 569 225 000 теңге немесе 173,3 % құрайды. Оның ішінде «РадАгро» ЖШС – гі, 18 795 млн.теңге. Қарашай ауылдық округінің «Кәрім» шаруа қожалығы 470 мыңға асыл тұқымды бұқа сатып алды. Биыл көрші Ресейден 66,9 млн.тг 221 бас асыл тұқымды мал сатып алып әкелінді. Атап айтсақ, Хазірет ауылдық округінің «Коквест» ЖШС – гі 37,8 млн.теңгеге 126 бас герефорт тұқымды сиырды, «Береозовка» шаруа қожалығы 9,6 млн теңгеге 32 бас қызыл бас тұқымды ірі қараны сатып алды. Сондай-ақ Тәңірберген ауылдық округіндегі «Алтаи и К» шаруа қожалығы мен Құрмансай селолық округіндегі «Фиалка» шаруа қожалығы жалпы саны 55 сементаль тұқымды бұқаларды сатып алып келді. Аудан бойынша бүгінгі күнде жаңадан сатып алынған 25 – астам ауыл шаруашылық техникалары бар. Мәселен, Қызылжар ауылдық округіндегі «Қызылжар» өндірістік кооперативі 11,3 млн теңгеге Беларусь – 1221 тракторын сатып алды. «Дина» шаруа қожалығы шетелдік астық жинайтын 2 комбайн сатып «Айс» ЖШС 19,0 млн теңгеге ауыл шаруашылық техникасын, 114,6 млн теңгеге суару жүйесін алған.

    9 ауыл шаруашылық кооперативі белсенді жұмыс істеуде
    Ауданда бүгінде 14 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Бүгінгі таңда онда тоғызы өз жұмыстарын жандандыру мақсатында мүйізді ірі қара мен ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу үшін қаржылай несие алып жатыр. «Байторысай» копперативіне қазір 10 адам мүше болған, оның ішінде 2 шаруашылық бар. «Қазақстанға 25 жыл – 2017» кооперативіне 10 адам мүше, оның ішінде 5 шаруашылық бар. Сондай-ақ «НЭП», «Темирлан – 2017», «Шеркеш», «Нұрберген», «Азиза Ранчо», «Хлебодаровка» ауыл шаруашылығы кооперативтері де өз жұмыстарын алға қойып және өз қатарын толықтырып жатыр.Шамиль Сариновтың сөзінше, ауданда құрылған кооперативтердің көбісі қазіргі таңда сүт тапсырумен айналысуда. Ал ет бағытында айналысып жатқандар аз. Жыл соңына дейін кооперативтер ет тапсыруды жолға қоятын болады.
    Атап өткеніміздей, ауданда құрылған 14 кооперативтің бүгінгі күнде 9 кооперативі несие алып өз жұмыстарын жандандырып, алға қоюда. Оның ішінде «Коминтерн», «Кеңсахара», «НЭП», «БайнассайАгро», «Табыс - 1» кооперативтері сүт, ет өнімдерін тапсырып жатыр. Ауданда құрылған 9 кооператив бүгінде 280,9 млн.теңгеден астам несие алды.
    «Коминтерин» ауыл шаруашылығы кооперативі қазан айына дейін 250 тонна сүт, 5,0 тонна ет өнімдерін тапсырды.Ал «БайнассайАгро» АШӨК 3,0 тонна ет өнімдерін, «Кеңсахара» АШӨК 260 тонна сүт, «Табыс – 1» АШӨК 60 тонна, «НЭП» АШӨК 200 тонна сүт, өнімдерін тапсырды.
    Аудан бойынша 3 шаруашылыққа сүт өнімдерін өндіргені үшін 112 млн 181 мың тг субсидия төленген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Темірліктер алда келеді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге