БӘРІ ДЕ ЕКІ ЕШКІДЕН БАСТАЛҒАН

    БӘРІ ДЕ ЕКІ ЕШКІДЕН БАСТАЛҒАН

    Аманкөл ауылдық округі Ырғыз ауданындағы ірі округтердің бірі. Үш жүзден астам түтіні бар ауыл өз жарасын өзі қасып, заман талабынан қалмай тырбаңдап еңбек етіп жатқан ел. Қорасындағы 4-5 басын да кәсіпкерлікке жатқызатын қазіргі уақыт деңгейімен өлшегенде, 60 шағын кәсіпкерлік субъектісі бар. Жері кең, нулы-сулы.

    Осы округке жол тартқан себебіміз - қазақ малға санамайтын ешкі түлігін өсіріп отырған жанұя бар деп естігенбіз. Кәсіпкердің зайыбы сапарлап кеткен екен, бізді отағасы қарсы алды. Ауылдан екі-үш шақырым жерде орналасқан “Әйім” қыстағы бір кездері мал бордақылау пункті, ауру малды емдейтін пункт орналасқан баз болыпты. Сайын далада жалғыз ноқат болып Әнзензарту Сариннің қожалығы тұр. Өркениет деуге келмейтін тапал қораның қасындағы ақ жұмыртқадай шағын үй мен оның сыртындағы жел мен күннен энергия жасайтын құрылғылар ғана бұл жерде де заманауи тірлік барынан хабар бергендей.

    Алдымен қожайынның есіміне қызықтық. Миымыздың қатпарларын әрі-бері ақтарсақ та, таба алмай, өзінен сұрадық. “Монғолша ма қалай?”.
    - Есімім аян арқылы қойылған. Мен өмірге келместен бұрын әжеме аян берілген. 1970 жылы мен өмірге келгенде, алдымдағы ағам шетінеп кеткен соң, әжем қоярда-қоймай осы есімді бергізіпті. Рас, түсінбей сұрап жататындар көп, бірақ осы ерекше есім өзіме ұнайды,- дейді Энзензарту күліп.

    Бір жүйеден екінші жүйеге өтіп, халық сең соққан балықтай болып қалған кезде, Энзензарту мен Ақкенже де шиеттей бала-шағамен жұмыссыз қалды. Отағасы темірден түйін түйген электрмен дәнекерлеуші, жүргізуші мамандықтарының иесі болса да, ауылдан оңтайлы жұмыс табылмады. Ақыры екеуі ойласып, бір кездері Ақкенженің ата-анасы отырған “Әйім” қыстағына жан беруді ойлады. Ойлағандары бар болсын, қолда екі ешкі мен сауын сиырдан басқа мал жоқ еді. Отағасының құрандалы-құрамалы жаман “Москвичімен” жүріп үй салды. Шөп шапты, отын тасыды. Бірінен соң бірі өсіп келе жатқан үйелмелі-сүйелмелі балаларын жазда сол
    “Москвичпен”, қыста түйе шанамен округ орталығындағы мектепке қатынатты.

    “Сапарбаевқа алғысымыз шексіз”
    - Қазір барлық жерде кәсіпкерге жағдай жасау туралы биік мінберлерден жиі айтылады,- дейді Ақкенже. - Ал жеме жемге келгенде мемлекеттен несие алу қиынның қиыны. Мен мысалы, “Даму” қорынан 1 миллион теңгені шаққа алдым. Қағаз жинау қияметтің қияметі. Біресе ана анықтама, біресе мына анықтама, оның үстіне менің 500 шақырым қияннан келіп отырғанымда шаруалары жоқ, әр барған сайын әр түрлі қағаз сұрап, шаршатты. “Анықтама керек деген анықтама керек” деген әзіл бар еді ғой, тура сол. Ақыр соңында рәсімдеген миллионның орнына “700 мың аласың” деп қарап тұр ғой. Ашуланып шығып кетіп ем, жолдан қайтарып, миллионды түгендеп берді. Менің орнымда басқа біреу болса, не болар еді? Бұл жерде мемлекет кінәлі емес, оның бер жағында отырған механизмдердің құйтырқылары деп ойлаймын. Газетке жазар болсаңыз, осы мәселені баса айтыңызшы. Ал облыс әкімі Сапарбаевқа алғысымыз шексіз. Ауылға келгенде, балаларымның май шаммен отырғанын айтқам. Міне, инфрақұрылым жасап берді, жел мен күннен жарық беретін қондырғымыз бар. Қазір теледидар, мұздатқыш дегендердің рахатын көріп отырмыз.

    Ешкі-табыс көзі
    Айналдырған екі-үш жылдың ішінде Энзензарту Сарин мен Ақкенже Отаралина ашқан “Асыл жол” шаруа қожалығы кәсіптерін дөңгелетіп алды. Қазір алдарында 480 ешкісі, 70 бас сиыры, басқа да малдары бар ортан қолдай шаруашылық. Алдымен екі ешкісі егіз туды, одан 18 басқа дейін көтерілді, қазір 500-ге жетіп жығылады. Ешкі – өсімтал түлік. Кейде тіпті бес лаққа дейін береді.
    -Өзіңіз білесіз, қазір қойдан еттен басқа пайда жоқ. Жүні мен терісін еш жер алмайды,-дейді Энзензарту.- Ал ешкінің қылын оңтүстіктің жігіттері келіп келісін 1500 теңгеден алып кетеді, кілем өнеркәсібіне таптырмайтын шикізат көрінеді. Етінің емдік қасиеті мол. Сүті туралы айтпаса да болады. Ешкі сүтінен шұбатпен ашытып сусын дайындалады, оны қазақ «көгенқуат» деп атаған. Сол көгенқуатты біз дайындап отырмыз. Облыс, аудан басшыларына дейін дәмін татты. Құнарлылығы сондай, басқа тамақ іздетпейді. Ешкі сүтінің пайдасын айтпай-ақ қояйын.

    Пайда табуға болмай ма?
    Желдің өтінде, елдің шетінде шаруамен айналысып отырған қарапайым отбасы көштен қалып жатқан жоқ. Өздеріне жетерлік дәулеті бар. Нанға қара уылдырық жағып жемегенмен, шәй-майлығына жетерлік. Бір ұлы Самалбек – әскери қызметте, Гүлсезім мен Айым Н.Назарбаев атындағы оқу орнында грантпен оқып жүр, Айдынбек - ата-анамен қолда қалып, шаруаның барлық тетігін тауып жүр. “Түбі бәрінің қожасы осы бала” деп күледі әке-шешесі. Ал Дарын мен Ханым - мектеп оқушылары. Қазір бұрынғыдай түйе шанамен немесе “Москвичпен” қатынамайды мектепке, әскери қызметтегі ағасы Самалбектің ауылдағы ата-анасының жүгін жеңілдету үшін алып берген соңғы үлгідегі “Нива” көліктері бар. Былай қарасаң, бәрі орнында сияқты. Бірақ...
    Малдың да, қожалық адамдарының да басты проблемасы - ауыз су. Қожайын суды ауыл орталығынан тасиды. Құтикөлдің өзіне судың ілдалдалап беріліп отырғанын ескерсек, су қасқалдақтың қанындай қат. Малдың суы тіпті жоқ. Бар мәселе- атам заманнан келе жатқан бөгеттің бұзылып қалғаны. Енді ол жерді бөгеуге одан арырақта “Соркөлді” жалға алып, нәпақа тауып отырған тағы бір кәсіпкерге зиян келеді-міс. Алайда, кешегі кезеңде су бөгегенде туу Жармаға дейінгі шабындыққа су жайылып, еш проблема болмайтын. Ауылдың ішінен ақыл айтып, жол көрсетер ақсақалдар да табылуы мүмкін. “Соркөлге” су бармайтын болса, шлюз қою керек шығар. Әсілі, бір амалын таппаса болмайды. Себебі, тек біз әңгімелеп отырған “Асыл жол” шаруа қожалығының ғана емес, ауылдағы жеке малдың да суы жоқ. Аудан мен ауыл басшылары, ауыл ақсақалдары осы мәселені көп ұзатпай шешер деген үміттеміз.

    Екінші мәселе- қожалық өнімінің таратылу, сатылу жағдайы. Ешкі сүтінің маңызы туралы айтудың қажеті жоқ. Көзі қарақты оқырман оны ғаламтор беттерінен білсе, атамыз қазақ ежелден-ақ шала баланы, ауру дендеген қартты ешкі сүтімен баққаны белгілі. Ендеше, бейнеті шаш етектен шаруаның өнімін сату неге жолға қойылмайды? Аудандағы бала бақшаларға неге ешкі сүтін ас мәзіріне енгізу ісі қолға алынбайды? Алыстан арбалап, зауыттан шыққан, әртүрлі консерванттар қосылған тағамнан гөрі, табиғи ешкі сүті пайдалы емес пе? Аудан әкімі осы механизмді қарасытырып жатқан көрінеді, бұл да өз шешімін табады деген ойдамыз. “Асыл жол” шаруа қожалығының малы жыл сайын ветеринарлық сараптамадан өтіп, қан тапсырып, барлық қажетті жайдың бәрін жасап отыр. Ендеше не тұрыс? Оның үстіне егер аудан орталығындағы балабақшалар, дүкендер алатын болса, кәсіпкер өз көлігімен жеткізіп беруге де дайын.

    Кәсіпкер бай-манап емес
    “Нивасымен” қой –ешкісіне бет алған Энзензарту бізге үлкен үмітпен қарап қалды. Артынан іле барған біз де ешкі отарын көзімізбен көрдік. Желдесе бой бермейтін жануар бір орында тұрмай зырғып жүр. Ішетін суы да тұрып қалған, шылау-шіркейлі екен. Әлгі “бөгет” деп қайта-қайта айтуының сыры осында болса керек.
    “Ой, ол ешкілі бай ғой” деп ауылдары әзілге қосып айтса да, Энзензарту мен Ақкенженің бейнеті бес батпан еңбегінің өнімін халық пайдаланса, өз маңдай терімен жасап отырған кәсібінің берекесі болар еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ешкі сүті – жанға шипа
  • Сұлтанбектің қарбызын жеп көрдіңіз бе?
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • Темірліктер алда келеді
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге