Жылқыны қойға айырбастаған шаруа

    Жылқыны қойға айырбастаған шаруа

    Қобда ауданы Ақтөбе облысының батысында орналасқан. Ауданда кіші және шағын бизнесті қолдауға көп көңіл бөлінуде. Қобда ауданының тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Бүгінгі күні аудан бойынша 277 шаруа қожалығы, 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар.

    Ауданның Жарық ауылында жетпіс қоймен қожалық ашқан кісі тұрады. Кейін шаруалықтықтағы қой саны 1300-ден асыпты. Мұның бәрі таза еңбекпен және мемлекеттің қолдауы арқасында орындалды дейді өзі.
    - 2003 жылы «Майлыбай» шаруа қожалығы құрылды. Қожалықта басында өзімнің отыз бас жылқы, жетпіс бас қойым болды. Кейін осы мал санын көбейтіп, төлдетуді қолға алдым. Қолда бар жылқыларымды сатып, орнына қой сатып алдым. Қойдың саны 1300-ден асты. Кейін сатып, сойып азайттым. Қазіргі қойдың саны 600 бас болып отыр. Мал санын көбейту үшін мемлекеттен берілетін субсидияның тиімділігі бар,- дейді қожалықтың төрағасы Ізбасар Қарамузин.
    Шаруаның айтуынша, ол үнемі мемлекеттен үзбей несие алып тұрады екен. Шаруасының өрге домалауына бірден бір себеп те осы несиелер болса керек. Мемлекеттен алған қарызын уақытында қайтарып тұратынын да жасырмады.
    - Мемлекеттен несие алып жүрмін. 2012 жылдан бері несие төлеп келемін. Шаруашылықта бес адам жұмыс жасайды. Жұмыс науқанына байланысты қосымша жұмысшыларды да алып тұрамын,- дейді ол.
    Қожалық басшысының айтуынша, техника алу үшін де мемлекеттен берілетін көмек көп екен. Үкімет қазір ауыл шаруашылығымен айналысамын деген ниеті бар тұрғындарға біршама пайыз жеңілдікпен техника да беретінін айтады.
    - 2012 жылы “ҚазАгроҚаржы” АҚ лизинг арқылы техникалар алып пайдаланып жатырмын. Бір трактор, бір пресс, косилка алдым. Қалған техникаларымды өзімнің қаражатыма алдым. Техникаларды «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы алған тиімді екен. Ақшасын бес жылға, жеті жылға дейін бөліп төлеуге болады екен. Техникаларымның ақшасын екі жылдан кейін толық жауып бітіремін,-дейді Ізбасар Қарамузин.

    Шаруаның өзіне тән мәселелері де жетеді. Мал басын асылдандыру үшін асыл тұқымды сиыр сатып алған Ізбасар Қарамузин әлі күнге дейін өз малдарының шынымен асыл тұқымды екенін дәлелдей алмай келеді екен. Өйткені құжаттары жоқ. Сиырдың асыл тұқымды мал екенін растайтын құжатын ала алмай келе жатқанын алға тартты ол.
    - Бүгінгі күні 150-ден аса аналық асыл тұқымды сиырым бар. 2003 жылы асыл тұқымды сиырларды өзіміздің Ақтөбе облысынан алдым. Ол уақытта компьютермен жұмыс жасау енді шығып жатқан кез еді. Ешкім бізден келіп “малдың құжаттарын көрсет” деп сұрамады. “Асыл тұқымды” деген статус алуды білмеппіз. Соның зардабын енді тартып келемін,- дейді шаруашылық басшысы.
    Айтуынша, сиырларының асыл тұқымды екенін дәлелдей алмай келе жатқанына біраз уақыт болған. Уақыттың еншісіне еніп кеткен құжаттарды қайтадан жасату үшін жергілікті әкімшілік түрлі қағаздар мен анықтамалар сұрататын көрінеді. Мал басында жүрген шаруаның басы артық уақыты жоқ. Шаруасы кейін шегеріліп қала беретін Ізбасар Қарамузин осылайша өз сиырларының статусын дәлелдей алмай жүр.

    - Сиырларымды асыл тұқымды деп растайтын құжат ала алмай жүргеніме де біраз уақыттың жүзі болды. Әкімшілікке барсам, түрлі құжаттар сұрайды. Сиырларға ДНК сараптамасын жасатуым керек екен. Оның бәрін жасау, тексеру оңай емес. Осы орайда “мемлекеттің көмегі тисе” деген үмітім бар. Құжат дайындау үшін де біраз уақыт кететіні анық. Оның үстіне шаруадан көп босай алмайсың. Көбіне шаруашылықтың басында өзім жүремін. Аудан орталығына шыққанда өтініш айтып, ағайын-туысқандарға шаруашылығымды тапсырып кетемін. Бұрынғы сиырды сатып алған жерге барып сұрастырдым. Ол жердің қожайыны кетіп қалған. Шаруашылығын басқа адамдарға сатып кеткен екен. Міне, содан бері осылай сарсаңға түсіп жүрмін,- дейді шаруа.
    Шаруашылықтағы малды жыл сайын Алға қаласындағы ет комбинатына тапсыратынын айтады. Құжаты болмағандықтан, малдың етін арзанға өткізеді екен.
    - Жылда Алға ауданындағы «Актеп» ЖШС деп аталатын ет комбинатына ірі қара мал тапсырып жүрмін. Малдарымның құжаты болмағандықтан, арзан бағамен сатуға тура келеді. Алайда, қазіргі уақытта мал бағатын адам аз. Ауылдың жастары мал бағудан қашады. Сондықтан малшы табыла бермейді,-дейді Ізбасар Қарамузин.
    Шаруашылықтың басшысы бұнымен тоқтап қалмайтынын, алдағы уақытта ірі қараның санын арттыруды жоспарлап отырғанын айтты. Қосымша кәсіп ретінде ауылдан азық-түлік дүкенін ашатыны туралы жақсы жаңалығымен де бөлісті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК
  • Қожалығын өрге өрлеткен кәсіпкер
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге