Мемлекеттен көмек мол

    Мемлекеттен көмек мол

    Мемлекеттің көмегін алып, өз шаруасын жүргізіп отырған шаруалар қазір көбейіп келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Сондай шаруаның бірі Кенжеш Байжуанов өз қожалығы туралы ой бөлісті.

    “ЕР-Темір” шаруа қожалығы 2012 жылы ашылады. Алғаш рет мемлекеттік бағдарламаға қатысып алған төрт миллион теңгесіне отыз бас сиыр сатып алған Кенжеш Байжуанов мал басын өсіруді қолға алады.
    -Мемлекеттен ауыл шаруашылығына көп көңіл бөліп, жеңілдік жасап жатса, біз неге жұмыс жасамайық? Ең алғаш 2013 жылы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бо-йынша төрт миллион теңге қаражат алдым. Несиені жеті жыл мерзімге алдым. Алған қаражатыма отыз бас сиыр алған едім. Соған ақ бас бұқашық алып көбейтіп жатырмыз,-дейді қожалықтың басшысы.

    Бүгінгі таңда шаруашылықтағы ірі қараның саны алпыс басқа жеткен. Шаруашылық басшысының айтуынша, жылма-жыл мемлекеттен берілетін субсидияға ие болып отыр екен. Берілетін көмектің ішіне малдың жем-шөбі, техникаларға жанар май кіреді.
    - Ірі қарамен бірге қой өсірумен де айналысамын. 2015 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингпен косилка, трактор алдым. Жыл сайын Алға ауданындағы «АкТеп» ЖШС ет комбинатына ет тапсырып тұрамыз. Биыл 35 бас тапсырдым. Шаруашылықтың бүгінгі жайы малшылар, жұмысшылардың тапшылығында болып тұр. Ауылдың жастары мал баққысы келмейді екен. Сол себепті ауылдың шаруа қожалықтарына малшылар керек. Адам жетпей қалған жағдайға, туысқандарымыз келіп жәрдем беріп жатады,-дейді шаруашылықтың басшысы Кенжан Байжуанов.
    “ЕР-Темір” шаруа қожалығы аудандық, ауылдық жәрмеңкелерден төбе көрсетіп тұрады екен. Халыққа аз да болса, пайдасын тигізіп жүрген шаруашылық бүгінде қолжетімді бағамен ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жылқыны қойға айырбастаған шаруа
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге