Хромтауда күнбағыс майы өндірілмек

    Хромтауда күнбағыс майы өндірілмек

    “Ақтөбе нан өнімдері” комбинатына инвестор табылмай жатыр. Хромтау ауданында биылдан бастап күнбағыс майын өндіріледі. Жергілікті диқандар биыл әр гектардан 13,1 центнер өнім алды. Бұл жөнінде аудан әкімі Аманғали Бердалин “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.

    Хромтау ауданының әкімі журналистермен кездесу кезінде ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Аманғали Бердалиннің сөзінше, биыл өңірде ауылшаруашылығы саласындағы жалпы өнімнің көлемі 103,4% (11784,8 млн. тг.) құрады. Яғни, аудан көрсеткіші жағынан облыс бо-йынша 6 орында тұр. Оның ішінде мал шаруашылығындағы өнімнің көлемі 104,2% (7316,8 млн. тг.), ал өсімдік шаруашылығы 102,1% (4 441,8 млн. тг.) құрады. Бұдан басқа ауыл шаруашылық өнімдерін көбейту мақсатында «Құлан» (125%), «Алтын-асық» (74%), «Сыбаға» (62%) бағдарламалары да жүзеге асырылуда. Мал басын арттырып, оны асылдандыру мақсатында да жұмыс жүргізілуде. Қазір асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны он алтыға жеткен. Ал асыл тұқымды ірі қара мал саны өткен жылмен салыстырғанда 138,8 % (10295 бас) көбейді.

    Биыл әр гектардан 13,1 центнер өнім алынды
    Хромтауда биыл көктемгі егін науқаны кезінде 85,7 мың гектар алқапқа егіс егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5 мың гектарға (14,0 %-ға) артық. Оның ішінде 43,37 мың гектарға дәнді-дақылдар егілді. Сөйтіп, жергілікті диқандар әр гектарынан 13,1 центнерден өнім алынды. Өткен жылмен салыстырмалы түрде алсақ, ол жолы әр гектардан небәрі 12,4 центнер өнім алынған еді. Келесі жылы өңірдегі егіс алқабын ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл үшін айналымдағы егістен тыс қосымша 12,6 мың гектар жер жыртылды.

    Күнбағыс майын шығаратын зауыт салынды
    Хромтауда ауылшаруашылық өнімдері де қайта өңделіп жатыр. Қазір өңірде 150 тонна сүт өңдейтін “Агрофирма ТАУ” ЖШС жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 16 түрін шығарып отыр. Ал «Габор В.В.» ЖК тиесілі цех шұжық өнімдерінің 30 түрін шығарып, тәулігіне 3 тонна өнім өндіреді. Хромтау ауданының Жазық ауылында Ақтөбе облысының майэкстациялық за-уыты күнбағыс майын шығаратын зауытты іске қоспақ.

    - Бұл жерде тәулігіне 150 тонна өнім өндіріледі деп жоспарланып отыр. Күнбағыс майын өндіруге Әйтеке би, Қарғалы ауданының шаруа қожалықтары қызығушылық танытып отыр. Сол себепті зауытқа қажетті шикізат жеткізуде қиындық туындамайды деген сенімдемін,-деді аудан әкімі.
    Бұдан бөлек кәсіпорынның шаруашылық базасында жем өңдеуге арналған өндіріс орны да өз жұмысын бастайды.
    Сондай-ақ “Қызылжар” ауыл шаруашылығы кооперативі жылдық қуаттылығы 60 тоннаны құрайтын шұжық цехының құрылысын аяқтаған. Бұл жобаның құны 20 млн теңгені құрайды. Қазір қажетті қондырғылармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Шұжық цехын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін бордақылау алаңы салынып жатыр. Бұл жерде жылына 400 бас мал бордақыланып, сойылады деп жоспарланған. Жоба құны 160 млн теңгені құрайды. Бордақылау алаңы желтоқсан айында іске қосылмақ. Бұдан өзге қазір Хромтауда сыйымдылығы 300-500 тонна өнімді құрайтын көкөніс қоймасының құрылысына жобалық –сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр.

    Нан комбинатын сатып алатын инвестор іздестірілуде
    Хромтаудағы “ Ақтөбе нан өнімдері” комбинатының жұмысы біраздан бері тоқтап тұр. Қазір өндіріс орнын қайтадан іске қосу үшін инвесторлар іздестіріліп жатыр. Хромтау ауданы әкімінің сөзінше, “Қазақстанның үздік тауары” байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанған комбинат өз жұмысын қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтатуға мәжбүр болған. Алайда қазір жобаға қаржы салып, оны сатып алатын инвестор табылмай жатыр.

    -Нан өнімдері комбинаты екінші деңгейлі “Еуразиялық
    банкте” кепілде тұр. Менеджмент дұрыс жүргізілмеген болуы керек, қаржылық қиындықтар болды. Қазір акционерлермен кездесіп, оны сату үшін инвес-торлар іздестіріп жатырмыз. Қытайлық,ресейлік компанияларға жобаны ұсындық. Алайда банк комбинаттың құнын жоғары бағалап отыр. Сондықтан комбинатты қайта іске қосып, сатып алатын кәсіпкердің қарызды кесте бойынша өтеуін сұрап отырмыз,-деді Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин.

    Өндіріс орны 2012 жылы ашылған. Нан комбинатындағы макарон цехына италияндық құрал-жабдық орнатылыпты. Сондай-ақ Германиядан әкелінген тәулігіне 50 тонна ұн өндіретін диірмені де бар. Бірақ қазір озық үлгідегі заманауи құрал-жабдықтардың барлығы қаңырап бос тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Қобданың күйі жақсы
  • Темірліктер алда келеді
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге