Қыстың қамын жазда ойла

    Қыстың қамын жазда ойла

    Жылдың төрт мезгілінде мал бағып, оның басын көбейту және өнімдерін молайту жолында жанкешті еңбек етіп жүрген ауыл еңбеккерлерінің төзімділігі мен сабырлылығына таң қалмасқа болмайды. Бұл бәлкім, ата кәсібіне адалдықтың, отбасы, ел алдындағы жауапкершіліктің басты белгісі болса керек. Қазір алыстағы малды ауыл тұрғындарының ой-санасына жергілікті немесе отандық өнімдерді молырақ өндіру керектігі жөніндегі Елбасы тапсырмаларын орындауға деген құлшыныстың артып отырғандығын байқауға болады.

    Мал бағу – ата кәсіп. Жыл өткен сайын атакәсіпті жалғастырып, төрт түліктен ризық-несібе айырған кәсіпкерлер көбейіп келеді. Солардың қатарында қобдалық Есет Ибашев та бар. Істің көзін тапқан кәсіпкер қазір шаруасын дөңгелетіп отыр. Өз шаруасына тастай қожалық мемлекеттің көмегін де қарқынды алып отырғанын жасырмайды. Әсіресе, ауыл шаруашылық саласында үкіметтің шаруаларға жасап отырған жағдайын ерекше айту керек деп есептейді қожалық басшысы.

    - 2004 жылы «Жандос» шаруашылығы құрылды. Шаруашылығымда жылқы, сиыр, қой малдарын өсіріп келемін. Шаруашылық құрылғанда қолымда небәрі 30 бас қой, 15 бас жылқы, 10 бас сиыр болған. Қазіргі таңда шаруашылығым жүріп, мал басы көбейіп жатыр,- дейді қожалық басшысы.

    Шаруаның айтуынша, үш рет «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік Қоғамынан лизинг арқылы техникалар алған.
    - 2010 жылы, 2012 жылы, 2017жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг арқылы трактор, косилка, пресс алдым. Бұрын бұндай бағдарламалар болмаған кезде, өзіміздің жиған тергенімізбен техника алатын едік. Оның өзінде ақшамыз жетпей қалатын еді. Қазіргі үкіметтің ауыл шаруашылығының дамуына деген түрлі көмектерінің арқасында шаруамыз жүріп тұр. Ауыл шаруашылығы үшін лизинг арқылы техникалар алған тиімді болып отыр. Техниканың қаражатын жылына екі рет бөліп төлейсің. Бір жақсы жері, алған техниканың елу пайызын үкімет қайтарып береді.

    Осыдан бірнеше жыл бұрын шаруашылықтың сиырлары сарып ауруына шалдығып қырылып қалған. Алайда, шаруа мойымай қайтадан ірі қара бағуға кіріскен.
    - Биыл «Ырыс» қаржыландыру бағдарламасы арқылы алты миллион теңге несие алған болатынмын. Бұл бағдарламаның ерекшелігі негізгі төлемді екі жылдан кейін бастап төлеуге болады. Несиені мен жеті жыл мерзімге алдым. Енді міне сол қаражатқа Ресейден 30 қызыл бас қашар сатып алдым. Қызыл бас сиыр сүтті болады. Сүтті мол береді. Сондықтан сиырларды сауатын арнайы аппарат сатып алу ойымда жүр,-дейді шаруашылықтың басшысы Есет Ибашев.
    Қазақстанда жергілікті тұқымның сиырын қырдың қызыл асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру арқылы жерсіндірілді. Асылдандыру тәсілі сиырдың сүттілігін, сүтінің майлылығын іріктеп таңдау жолымен жүргізілді. Қырдың Қызыл Сиыры құрғақ континентті ауа-райына бейім келеді. Малдың түсі қызыл, дене тұрқы созылыңқы және сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі, бөксесі едәуір жақсы дамыған, құйымшағы ұзын келеді. Бұлшық еттері, кеудесі, тері асты жақсы дамыған. Артқы жағы жалпақтау әрі түзу және ұзын, ішті келеді. Сирақтары жіңішке, тұяқ бітісі мықты. Сүт өнімділігі жоғары, сүтінің майлылығы 3,6 — 3,8 пайыз болады. Сүттің құнарлығы сиырлардың жем-шөбіне де қатысты. Шаруа қожалықтың бұл жағынан да ұпайы түгел.

    - Өзіміздің 1700 гектар жеріміз бар. Арпа, бидай егемін. Қыстың қамын жазда ойла деген бар ғой, сондықтан жаздай шөп шауып, мал азығын алты айға жететіндей етіп дайындап қоямыз. Одан ауысқанын ауыл тұрғындарына қол жетімді бағамен сатамыз. Суармалы 100 гектар жерім де бар. Бірақ, әлі күнге пайдаланбадым.

    Бүгінде шаруашылықта алты адам жұмыс жасайды. Жұмысшыларға тұратын үй, уақытылы тамағы, келісілген еңбек ақысы қарастырылған.
    - Қазіргі таңда қойдың саны 1300 бастан асты. Қой бағудың өзіндік қиындықтары бар. Кейде қой бағатын малшы да қойдың жүнін қырқу білмей жатады. Жастар жағын айтпауға да болады. Олар тіпті қолдарына қайшы ұстап көрмегендер. Сол уақытта қосымша жұмыс күшін жұмылдырамыз. Қойдың жүнін жылына екі рет қырқып отыру қажет. Күз бен көктем мезгілдерінде қойдың жүнін қырқады.

    Қойдың жүнін Ресейге тапсырып, ақша табатындар да бар екен.
    - Қойдың жүнін келіп алып кететіндер де кездеседі. Килограммы 50-60 теңгеден алып жүрді. Егер меринос қой болса, мұндай малдың жүнін 80-90 теңгеден алады. Күз мезгіліндегі қойдың жүні қаттылау, қылшықты келеді. Сондықтан киіз басуға, байпақ жасауға Ресейге тапсырып жатқан адамдарды естідім. Ал, көктем мезгілінде қойлардың жүні жұмсақтау болады. Оны тоқымаға пайдалануға болады,-дейді шаруашылықтың басшысы.

    “Жандос” шаруашылығы қалалық, аудандық, ауылдық жәрмеңкелерден қалмай, үнемі қатысып жүреді екен. Ауыл халқының қай-қайсысы да, малсыз отыра алмайды. Бүгінде олар шәй қатық сүт іздеп, сабылмайтын болды. Мал ұстап, «Сиырдың сүті – тілінде» деген қарапайым шаруа тірлігінің қағидасына сай қолындағы бірлі жарым тұяқтың жемшөбі мен суын, өріс отын қамдауға айрықша көңіл бөлуге дағдыланды. Фермерлердің тірлігі де таңның атысы, күннің батысы – мал соңында. Малдың күтімі келіссе – оның өнімі көл-гөсір болатынын қарапайым тұрғын да, фермер де жақсы түсінген.
    - Биыл Астана қаласында өткен жәрмеңкеге ет өнімдерін, сүт өнімдері қаймақ, май, құрт-ірімшік апардық. Өнімдердің бағаларын жергілікті әкімшілік қояды. Баға қатты қымбат болмауы керек. Халыққа қолжетімді болуы қажет. Сиыр еттерін жыл сайын Алға қаласындағы ет комбинатына тапсырып тұрамыз. Ет комбинатына ет тапсырған біздерге тиімді болып тұр. Енді қой етін қабылдайтын ет комбинаты болса жақсы болар еді,-дейді қожалықтың басшысы.

    Қожалық басшысы болашаққа деген жоспарымен де бөлісті. Мал басын өз төлі есебінен өсіру арқылы өнімдерінің сапасын молайтуды көздеген шаруа қожалықтың алдыға қойған мақсаттары жоғары. Ол үшін өндіріске қажетті жаңа технологияларды енгізу керектігі белгілі. «Жандос» шаруа қожалығы осы мақсатта жұмыс жүргізе бермек. Ата кәсіпке адалдық танытып, шопанның ақ таяғын қолдарына алып, осы саладағы әрбір науқандық жұмыстың жүзеге асырылуынан, тындырымды тірліктен рахат тапқан шаруа қожалықтың еселі еңбегіне табыс тіледік.

    - Болашақтағы жоспарым сүтті сиырларымнан мол өнім алу. Сапалы әрі мол сүтті «Айс» компаниясына, тағы басқа сүт қабылдайтын зауыттарға тапсырсам деген ойым бар,- дейді қожалық басшысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мемлекеттен көмек мол
  • Жылқыны қойға айырбастаған шаруа
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге