Төрт түлігі түгел өрген ауыл

    Төрт түлігі түгел өрген ауыл
    Жері шұрайлы Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы ауылдық округі негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде елдімекенде 281,7 мың гектар жер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылып отыр.

    Орталығы Байқадам саналатын ауылдық округте қазірдің өзінде ірілі-ұсақты 51 шаруа қожалығы ашылған. Олардың иелігінде қазір 7500-ге жуық ірі қара мал мен 14 мыңнан астам қой - ешкі бар. Шаруалар 4 түліктің барлық түрін өсіреді. Ауыл халқы мал бастарын асылдандыру, көбейту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр. Қазір “Дас-тан” шаруа қожалығы “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 5 млн теңге несие алу үшін құжаттар әзірлеуде. Ал “Бағдат” шаруа қожалығы “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” бойынша несие алып, мал басын көбейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Биыл “Мұрат” шаруа қожалығы “Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры” арқылы “Игілік” бағдарламасымен несиеге 14 бас жылқы сатып алған. Мемлекеттен субсидия алып отырған шаруашылықтар етке мемлекет тапсырмасымен бұқашықтар да тапсырып отыр. Алдағы уақытта асыл тұқымды сиырларды өсірумен айналысатын “Нұралы” шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын салуды жоспарлауда.
    -Қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады. Шаруа қожалықтарынан бөлек ауылда 8 тұрғын жеке кәсіптерін ашып, өз істерін дөңгелетіп отыр. Алдағы уақытта ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп, өңдеу үшін тұшпара цехы мен сүтті өнімдерді өңдеу цехын ашу қолға алынбақ,-дейді “Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппараты”ММ бас маманы Жәния Есенбаева.
    Елдімекен арқылы “Бейнеу-Шалқар-Жезқазған” теміржолы өтеді. Қазір ауыл халқының әлеуметтік, тұрмыстық жағдайын көтеру мақсатында Байқадам ауылына газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ алдағы уақытта тұрғындар “Ақбұлақ”бағдарламасы арқылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Ауылда орта мектеп, балабақша, медициналық пункт, кітапхана мен ауылдық клуб жұмыс істеп тұр. Ұялы байланыс желісі де тартылған. Мал шаруашылығымен айналысып отырған байқадамдықтар ертеңгі күндерінің бұдан да жақсы болатындығына нық сенімді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Шаруасы өрге басқан қожалық
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге