"Осындай деп ойламадым..."

    "Осындай деп ойламадым..."

    Аязды қыста халықты көкөніс түрімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылықтың еңбегі зор. Алайда, ол өнімнің 70 пайызы Ресейге жіберіледі.

    Жылыжайда өсімдіктерге қажетті жағдайлардың барлығы есептеліп, олардың дұрыс өсуіне қолайлы жағдай туғызатын заманауи технологиямен қамтамасыз етілген. Компания директорының орынбасары Арман Жетпісбаевтың айтуынша, мұнда бұрынғы жылыжайларда болмаған мүмкіндіктің бәрі бар екен. Жабық алқаптың жұмыс жүйесі, өнімділігі мен жоспарлары министрге баяндалды. Жылыжайға таңырқаған министр: "Осындай деңгейде болады деп күтпеп едім" деп, қызанақ өскен қатарға кіріп, суретке түссе, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев
    тілшілерге: "Суреттеріңізге "Ақтөбедегі жылыжай" деп жазып қойыңыздар. Әйтпесе халық "оңтүстік екен" деп ойлап қалар", - деп әзілдеді.
    - Бізде өсімдікке қажетті ауа мен көмірқышқыл газы босқа жоғалып кетпейді. Ескі жылыжайлардың төбелері ашылатын болғандықтан қажет газдардың бәрі шығып кететін еді. Олар төбеге жиналған өсімдікке пайдалы керек газдарды өндіріске пайдалана алмайтын. Бізде ондай мәселе жоқ. Көмірқышқыл газы арнайы коридор арқылы айналып келіп, полиэтилен құбырлар арқылы қызанақтарға қайта беріледі, - дейді ол. Салқындату процесі де заманауи генератордың көмегімен ауаның тиісті ылғалдылығын сақтай отырып жүзеге асырылады, - дейді Арман Жетпісбаев.
    2017 жылы бұл жылыжай 4 мың тонна қызанақ өсірсе, 1 шаршы метрден жылына 85 кг-ға дейін қызанақ өндіріледі екен. Ұзындығы 20 м-ге дейін жететін бір сабақ көлденең қалыпта белгілі тәртіппен оралып, 4-5 м шеті тік қалыппен жоғары ілінген. Арман Жетпісбаев олардың 30 пайызы ел нарқына, ал 70 пайызы Ресей нарықтарына шығарылғанын айтады.

    - Жазда өндірілген өнімдердің барлығы дерлік Ресейге кетеді. Себебі оңтүстік өңірлерден келетін қызанақтар Ақтөбе облысының сұранысын толығымен қанағаттандырады. Қыста бұл өнімге сұраныс артқанда, алдымен жергілікті нарыққа, содан кейін ғана Ресейге шығарылады. Өнімдеріміздің сапасы мен тазалығына байланысты Ресейден сұраныс көп түседі. Мәскеу, Новосибирск, Барнаул, Екатеринбургтегі дүкендер желісіне жібереміз. Қызанақтарды 3 мың шақырымға дейін жөнелтуге болады. Бір ай бұрын жөнелтетін жерлерімізді анықтап аламыз. Бірінші кезекте, әрине, қаладағы "Дина", "Анвар" желілеріне, 41-разъездегі көтерме базарға жібереміз. Олармен келісімшарт жасасқанбыз. Біздің өнім қызанақтың сортына, өзіндік құнына байланысты 1 келісі 450-700 теңге аралығында тұрады. Қала дүкендері үшін күніне 15 тоннадай өнім беріледі. Жылыжайдың жалпы өнімділігі жылына 6,5 мың тонна. 120 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жылыжай жүйесі толығымен автоматтандырылған, зиянкестермен биологиялық түрде күресеміз, аса сапалы тыңайтқыштар пайдаланылады. Жылыжайды кеңейту мақсатында әкімшілік тарапынан қосымша 40 гектар жер берілді. Ол жер бізге іргелес жатыр. "Гринхаустың" аймағы әзірге 9,5 гектарды құрап отыр. Өнімділігі мен аумағы дәл осындай 9 гектарлық тағы бір жылыжай салғымыз келеді. Себебі осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибеміз оған мүмкіндік береді. Басқа технология қарастырудың қажеті жоқ. Біздің оңтүстікте де жылыжайларымыз бар. Ол жақта қияр өсіреміз. Қызанақ пен қияр өсірудің айырмашылықтары көп. Оларды өсіру мүмкіндіктерін әбден зерделегеннен кейін осы жақта қызанақ өсіру туралы шешім қабылдадық, - дейді жылыжай басшысының орынбасары.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе қызанақтары сұранысқа ие
  • Қиярдың “қожайыны”
  • Ақтөбенің көкөністері үлкен сұранысқа ие
  • Қазақстан-Нидерланд: ынтымақ береке бастауы
  • Арзан азық-түлік сататын 10 дүкен ашылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге