Ақтөбеден ең таза сүт шығады

    Ақтөбеден ең таза сүт шығады

    Ақтөбеге келген ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев "Айс" сүт өнімдерінің негізгі көзі – сиыр фермасына жол тартты. Мәртөк өңірінде орналасқан ферманың тұрмыс-тіршілігімен таныспақ болған министрге шаруашылықтың жұмыс барысы мен алдағы уақытқа жасалған жоспарлары көрсетілді. Ал тілшілер орайын тауып, "Айс" компаниясының құрылтайшысынан сұхбат алды.

    - 2011 жылы қара ала тұқымды 900 сиыр сатып алған едік. Олар Мажарстан мен Германиядан әкелінді. Негізі, голландия тұқымы. Қазір бастапқыда алынған сиырлардың бірі де қалмады. Фермадағылардың барлығы Ақтөбеде туып-өскен. Бүгінде 860 бас ірі қараның 720-сы сауылады. Өткен жылы әр сиырдан 8 800 келі сүт алынды. Сүттің өнімділігі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп оты-рады. Дайын өнімдеріміз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына жеткізіліп жатыр. Тез бұзылатын өнім болғандықтан, алыс жерлерге жібере алмаймыз. Осы жылдан бастап Қызылордаға жібере бастадық. Бір бөлігі Ресейдің Орынбор облысына тасымалданады. Өнім ақысына келсек, бәрі де есептеліп белгіленген. Біз 3 жыл бойы бағаны тұрақты ұстап тұрдық. Оның қасында жанар-жағар майлардың, тағы басқалардың бағасы жарты жыл сайын өсіп отырады. Сүт зауыттары біздің көтерме бағамызға өздерінің шығындарын қосады. Біздің де шығындарымыз бар, - деді компания құрылтайшысы Марат Итеғұлов.
    Ірі қаралар жыл бойы қорада тұрып, табиғи өріске шығарылмайды екен. Оның себебі далалықта жайылған малға шөптерден түрлі аурулар жұғу қаупімен түсіндірілді. Негізгі мақсат сүт өнімділігіне бағытталғандықтан, «Айс» ЖШС-дағы асыл тұқымды сиырларға жоңышқа беріледі. Сонымен бірге ұнтатылған жүгері, бидай, арпа араластырылып беріледі. Кеңеюді көздеп отырған ЖШС алдымен жем-шөп, азық мәселелерін шешіп алу қажеттілігін айтады. Бұл мәселе бойынша Хромтау ауданынан «Milker» ЖШС ашып, 1 780 гектарға мал азығын егу жоспарланып отыр екен. Жоба құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Шаруашылықты дамытудың келесі кезеңінде тауарлы сүт өндіру фермасы салынбақшы. 2020-2022 жылдарға арналған бұл жобаның құны – 6 миллиард теңге. Мұнда жылына 11 мың тоннадан астам сүт өндіріледі деп есептелген. Әзірге шектеулі ғана мал басы ұсталатын ферма жанынан тағы бір қора салынып, 240 бас ірі қара бағылу көзделген. Бұл сүт өндірісін 500 тоннаға арттыруға мүмкіндік береді екен.
    Қазіргі кезде тиімділік үшін «Айс» ЖШС жанына 40 шағын кәсіпкер шаруашылық шоғырландырылыпты.
    - Бізде 250 бас сиыр бар. Сүтті «Айс» компаниясына тапсырамыз. Өткен жылы 100 гектарға суармалы әдіспен жүгері өсіріп, оны да осы фермаға тапсырдық. Биыл 1 мың гектарға жеткіземіз деген ойдамыз, - деді «РарАгро» ЖШС-нің басшысы Мұрат Селенов.

    Сүт өнімділігін төмендетпеу мақсатында жас сиырлар қалып, белгілі мерзім бойынша есейгендері етке өткізіледі екен. Сұраныс көбіне Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарынан түседі. Фермада ұрықтандырушы болып қызмет атқаратын Айбол Сұлтанмұратовтың айтуынша, тұқым азбау үшін белгілі бір уақыт сайын ұрық өзгертіліп отырады. Сиырларды енді Таурус ұрықтарымен ұрықтандыру қарастырылып жатыр екен.
    - Ірі қаралардың аяқтарына арнайы датчик бекітілген. Оның сиыр белсенділігін көрсететін мәліметтері компьютерлік базаға тіркеледі. Ірі қараның ұрықтануға дайын екенін сол жерден анықтап, қолмен ұрықтандырамыз, - деді маман.
    Сонымен қатар фермада израилдық "AFIFARM" бағдарламасының көмегімен әр сиыр сүтінің құрамы зерттеліп, ол бойынша желіні ауырған сиырлар анықталады екен. Бұл туралы мал шаруашылығы жөніндегі менеджер Азамат Қалменов мәлімдеді.
    - Мұндағы мамандардың жұмысы осы кабинеттен басталады. Ұрықтандырушы да, зертханашылар да алдымен бағдарлама арқылы жануарлардың күйін біліп алады да, содан кейін тиісті жұмыстарына кіріседі. Аталған бағдарламада барлық ірі қараның жай-күйі тіркеліп, көрініп тұрады. Сүттің майлылығы, лактозасы, соматикасы, ақуызы үнемі бақыланып отырады. Егер сиыр мастит болған болса, сүт құрамында өзгеріс болады. Сол арқылы желін ауруы бастапқы кезінде анықталып, ветеринарлар тиісті жұмыстарын жасайды. Сиырлардың көбеюге дайындығы да осы жерден белгілі болады. Ірі қаралар күніне 3 рет сауылады. Қазір 1 сиыр күніне 27 литр сүт беріп тұр. Бұл көрсеткіш жазда 30-33 литрді көрсетеді, - дейді ол.
    Ферманың барлық жағдайымен танысқан Өмірзақ Шөкеев техника, тұқыммен көмектесу жағдайын сұрап, шаруашылық жұмысын әрі қарай кеңейтуді тапсырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге