Ақтөбеде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды

    Облыс бойынша шаруашылық құрылымдары көктемгі егіс жұмыстарына кірісіп кетті. Көктемгі-далалық жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы облыстық ауыл-шаруашылық басқармасының егіншілік бөлімі басшысы Диас Ерғалиев хабарлады.

    Басқарма маманының айтуынша, көктемгі далалық жұмыстарына дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр екен.
    - Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін 754,1 мың гектар алқапқа жүргізу жос-парланды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 98,1 мың га немесе 15% артық. Оның ішінде 442,1 мың га дәнді дақылдар, 49,6 мың га майлы дақылдар, 250,7 мың га мал азығы дақылдары, 6,2 мың га картоп және 5,5 мың га көкөніс-бақша дақылдарынан өсім бар,- дейді ол.
    Көктемгі егіске 44,3 мың тонна тұқым қажет болса, бүгінгі күнге іс жүзінде 46,2 мың тонна тұқым құйылды, бұл жоспардың 100% құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар –44,9 мың тонна (жос-пардан 100,3%), майлы – 0,25 мың тонна (100,8%), азық – 1,84 мың тонна(100,5%), картоп – 3,9 мың тоннаны құрап отыр (100,2%).
    - Ауылшаруашылық құрылымдарындағы тұқымдар толық тексерістен өтті. Тексерістен өткен тұқымдардың барлығы І және ІІ сұрыпқа жатады. ІІІ репродукциядан төмен тұқымдар жоқ. Мұндай сапалы тұқымдардан жаман шығын болмауы тиіс,- дейді басқарма маманы.
    Минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күнге 2,4 мың тоннаға ауыл шаруашылығы құрылымдары және зауыттар арасында келісім шарттар жасалып, 1,4 мың тоннасы төленді. Ауылшаруашылық техникаларын дайындау жұмыстары қатар жүргізіліп, бүгінгі таңда тракторлардың дайындығы – 96% құрайды. Егіс кешендері – 96%, тұқым сепкіштер – 95%, топырақ өңдеу құралдары – 93%.
    - Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге – 8 800 тонна дизель оты-ны бөлінді (наурыз айына – 1 900 тонна, сәуір айына – 3 100 тонна және мамыр айына – 3800 тонна). Бөлінген дизель отынының көлемі көктемгі-далалық жұмыстарын жүргізуді толықтай қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен дизель отынын алуға – 932,5 тоннаға келісімшарт жасалып, оның – 42,1 тоннасы жеткізілді. Ары қарай тасып алу жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылық құрылымдары тұқым себетін кешенді техникалардың тиімділігін білгендіктен, қазір олар үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мысалы, жаңа тұқым сепкіш кешендер бір уақытта бірнеше жұмысты қатар жасай береді. Сонысымен олар шаруалардың арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Олар бұрынғы техникаларға қарағанда он есе артық екенін дәлелдеді,- дейді Диас Ерғалиев.
    Басқарма маманының айтуынша, арзандатылған дизель отынының бағасы наурыз айына – 1 литр/144 тенгені құрап отыр. Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу үшін мемлекет тарапынан бірнеше бағдарламалар қарастырылған.
    - Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге жергілікті бюджет есебінен жалпы 1,2 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде тұқым шаруашылығын қолдауға 273,0 млн. теңге, гербицидтердің құнын субсидиялауға 192,8 млн. теңге, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 38,4 млн. теңге, басым дақылдарды субсидиялауға 655,4 млн. теңге және зиян организмдерге қарсы химиялық өңдеуге 30,0 млн. теңге бөлінді,- дейді бөлім басшысы.
    Сондай-ақ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниялары арқылы, яғни «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның көктемгі - далалық жұмыстарды жүргізуге «Кең дала» бағдарламасы бойынша 236,0 млн. теңге және «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 973,8 млн. теңге қарастырылып, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен игерілуде.
    - Биыл тұқым шаруашылығына гербицидтер мен тыңайтқыштарды сатып алу үшін қаражаттар қарастырылған. Жалпы өсімдік шаруашылығы бойынша 1,2 млрд теңге бөлінді,- дейді Диас Ерғалиев.
    Ақтөбеде негізгі егін егумен Әйтеке, Ойыл, Мәртөк аудандары айналысады. Сондай-ақ, Алға, Хобда аудандарында да егістік алқаптары бар.
    - Былтыр 13 центнер шығым алдық. Биыл ауа-райы мен табиғаттың мінезіне қарай жұмыс жасаймыз,- дейді маман.
    Егіннің ең негізгі зиянкесі – шегіртке. Онымен күрес үшін 30 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Бұл қаржы 17 мың алқапты зиянкестерден аластау үшін жұмсалады. Сондай-ақ, арам шөптермен күрес үшін гербицидтер де толығымен дайын тұр.
    - Биыл “дәл осы уақытта егін егуді бастаймыз” деп айта алмаймыз. Жердің физикалық пісуі қай уақытта дайын болса, біз де егіс жұмыстарына кірісеміз деп жоспарлап отырмыз,- дейді Диас Ерғалиев.

    Мақсары – қуаңшылыққа төзімді дақыл
    Облыстық ауылшаруашылық басқармасы берген мәліметке сәйкес, биыл мақсары дақылының алқабы кеңімек.
    - Мақсары – қуаңшылыққа төзімді дақылдардың бірі. Және оның өсімдігі өте тікенекті болған соң, мал да аса жолай қоймайды. Мысалы, күнбағыс өсіретін шаруалар егіс алқаптарына мал кіріп, жылқылар таптап оларға біраз шығын келді. Ал мақсары дақылының өсімдігіне мал жоламайды,- дейді Диас Ерғалиев.
    Оның айтуынша, қуаңшылыққа төзімді дақылдардың ішінде Ақтөбеде мақсары мен құмай тары ғана өседі.

    Жаңа бағдарлама іске қосылады
    «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Сенімді фермер» атты жаңа бағдарламаны іске қосып отыр. Бұл бағдарламаның шеңберінде клиенттер қоғамның критерийлеріне сай келуге тиісті. Қазақстанда жемшөп тапшылығы мәселесі өткір болып отыр. Осыған байланысты, отандық жемшөп өндірісін қолдау және дамыту мақсатында, қоғам «өз жемшөбіміз» бағдарламасын іске асыруда. Бұл бағдарламаның шеңберінде қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығы техникасын 10 жылға дейінгі мерзіммен сатып ала алады, бұл ретте аванстық төлемнің мөлшері қысқартылған және 10 % құрайды.
    «ҚазАгроҚаржы» АҚ стандартты лизинг бойынша қолданыстағы талаптарға бірқатар өзгерістер енгізді. Енді жеткізуші барлық талаптарды сақтаған жағдайда, қазақстандық фермерлер «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бо-йынша Қытай Халық Республикасы өндірісінің ауыл шаруашылығы техникасын 5 жылға дейінгі мерзіммен, кемінде 25% аванстық төлеммен сатып ала алады.
    Қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгертулердің шеңберінде, лизингке құны 25 млн теңгеге дейін баратын аспалы және тіркемелі техника алуға аванстық төлемнің мөлшері 25 %-дан 20% дейін қысқартылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 505 мың тонна астық жиналды
  • Темірліктер алда келеді
  • Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Биыл 530 мың гектарға егін егіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге