Ақтөбе облысында жұмыссыз әйел кәсіпкер атанды

    Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында тұратын Айжамал Алмаева мүйізді ірі қара өсіріп, табыс тауып отыр. Бір кездері жұмыссыздар қатарында болған ол бүгінде кәсіпкер атанған.

    43 жастағы Айжамал Алмаева 2005 жылы отбасымен Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасынан көшіп келген. Содан бері жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрыпты. Бұған дейін қорасындағы азын-аулақ малын бағып, күнделікті ішіп-жемін айырып келген еді. Ал былтырдан бастап сиырдың сүтті асыл тұқымдарын сатып алып, одан алған өнімін базарға сатып отыр. Бұл үшін “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мәртөк аудандық филиалында кәсіп ашудың қыр-сырын үйрететін “Bastau Бизнес” жобасында арнайы дәріс алыпты.

    -“Bastau Бизнес” жобасында оқып, 550 мың теңге көлемінде несие алдым. Бұл қаржыға асыл тұқымды үш бұқа сатып алдым.Қазір сиырдан сүт пен сүт өнімдерін алып отырмын. 2 қызыл бас сиыр сауамын. Жаз мезгілінде олардың әрқайсысынан 10 литр сүт шығады. Базарға апарып сатамын. Тұрақты клиенттерім де бар. Сүттен бөлек сүзбе, қаймақ пен құрт-ірімшік жасаймын,-дейді ол.

    Мемлекеттің қолдауымен бүгінде жұмыссыздан кәсіпкерге айналған Айжамалдың жоспары көп. Ол болашақта етті бағыттағы сиыр өсіріп, кәсібін кеңейткісі келеді.
    -Бұған дейін мемлекеттен жұмыссыз ретінде ақша алып келген едім. Ал өз кәсібімді ашқалы бері табысым көбейді. Әр күн сайын кем дегенде 4-5 мың теңге табыс табамын. Бұл барлық қажетімді алуға жетіп жатыр. Болашақта Мәртөк ауданына қарасты Первомаевка ауылынан үй алып, мал шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отырмын. Жолдасым да жұмыссыз еді. Қазір шаруашылыққа көмектесіп жүр. Үш балам да қолғабыс етеді. Енді етті бағыттағы сиырдың басын көбейткім келеді.Тек Мәртөкке емес, еліміздің батысындағы өзге облыстарға ет жеткізсем деген жоспарым бар,-дейді кәсіпкер.

    Бүгінде Зеңгі баба тұқымынан ризық-несібесін айырып отырған ауыл тұрғыны ерінбегенге жұмыс көп екенін айтады.
    -Ерінбеген адамға жұмыс қашан да табылады. Кәсіппен айналысамын деушілерге арналған түрлі бағдарламалар бар. Мемлекеттен шағын несие де беріледі. Қазір бай болмасақ та, күнкөрісімізді айырып отырмыз. Жем-шөбімізге де жетеді. Шаруа бастан асады. Кейбір жастардың “жұмыс жоқ” деп қол қусырып отырғанына таң қаламын. Мал шаруашылығы ертеден келе жатқан ата кәсібіміз, ешкімді аштан өлтірмейді,-дейді ол.
    Қазіргі таңда Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Төрт түлік саны көбейген. Мемлекеттен несие алып, шаруашылығын кеңейтіп жатқан кәсіп иелерінің де саны күн санап артып келеді. Бір ғана дәлел, “Milker” ЖШС былтырдан бастап бірнеше ірі жобаны жүзеге асыруда.

    -Мәртөк ауданында орналасқан “Milker” ЖШС бірнеше ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырғалы отыр. Оның ішінде алғашқысы-алаңы 1780 гектарды құрайтын суармалы алқапта жем-шөп өндіру, сақтау және өңдеу. Жоба 2017-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Қазір қажетті техникалар сатып алынды. Бұл мақсатқа барлығы 2,5 млрд теңге жұмсалмақ. Оның 15%-ы, яғни 375 млн теңгесі -мекеменің өз қаржысы. Ал қалған 2,1 млрд теңгесі “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамынан несиеге алынған. Жылына 16,6 мың тонна жем-шөп өндірілмек.Оның ішінде 10 мың тоннасы түйіршіктелген жоңышқа, 4 мыңы жоңышқа шөбі , ал 2 600 тоннасы жүгері дәні болып отыр. 25 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі,-дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Шамиль Саринов.

    Сондай-ақ “Milker” ЖШС-інде 1 600 сауын басты құрайтын асыл тұқымды сүт фермасы салынбақ. Жоба құны 6 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына 11 680 тонна сүт өндіріледі деп жоспарланып отыр. Жоба 2020-2022 жылдары іске қосылмақ.
    Айта кетелік, Мәртөк ауданы Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан. Егін шаруашылығына қоса сүтті-етті мал өсіруге маманданған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге