Шалқарда 25 жастағы қыз үй қояны кәсібін дөңгелетіп отыр

    Шалқар ауданының тумасы, 25 жастағы Жанерке Бекмұрзаеваның мамандығы – географ. Оның үй қояны кәсібімен айналысуына аудандық газеттегі хабарландыру себеп болған.

    Диплом алған соң, жас маманға ауданнан лайықты жұмыс табыла кетпеді. Жанерке қол қусырып отыра алмай, жастар тәжірибесі бойынша мектептердің біріне хатшы боп орналасады. Әрі қарай не істеу керек? Жауабын жергілікті газеттегі шағын хабарландырудан табады. Ол кәсіпке бет бұру үшін көп ойланбай, тәуекел етеді.
    - Жергілікті «Шалқар» газетінің кезекті нөмірін ақтарып отырғанмын. «Бастау» жобасына тыңдаушылар тобын жинап жатқандығын оқыдым. Курсқа жазылдым. Көп ұзамай өмірім күрт өзгерді,-деп есіне алды кәсібін енді ашқан Жанерке Бекмұрзаева.

    Жанерке 2017 жылғы оқытудың бесінші легіне ілігеді. Бизнес-жоба туралы сұрақ туғанда ол көп ойланбастан үй қояндарын асырауға бекінеді. Себебі кішкентай кезінен әкесінің осы шаруашылықпен айналысқанын көріп өседі. «Бас-тау» түлегі өзінің 400 мың теңге ақшасын жобасына жұмсайды. «Айлин» жеке кәсіпкерлігін ашып, әкесі мен бауырының көмегімен аулада қояндарға тұратын жер дайындап, он бес «белый великан» тұқымдас үй қояндарын Ресейден алдырады.
    -Оқу аяқталғанда қорқынышым да сейілді. Қоян шаруашылығына аса ықыласпен кірісіп кеттім. Бұған әкем үйретті. «Белый великан» тұқымдас қояндар жеке шаруашылықта экономикалық жағынан пайда әкеледі. Ұрғашылары жиі көжектейді, өздері күй талғамайды. Бұлардың еті көп әрі құнарлы. Сапалы тері де алуға болады, -дейді Жанерке.
    Бүгінде мини-фермада төлдеу күтіліп отыр. Ұрғашы қояндар көжектесе, бас-аяғы елуге жетпек. Сол үшін жас кәсіпкер алдағы уақытта 2 миллион теңгеге несие алып, қояндарына арнайы орын дайындау үшін құрылыс материалдарын сатып алмақшы. Жоспарлары көп. Қояндар көбейіп, өсіп-өнген соң, болашақта жергілікті тұрғындарды диетикалық етпен қамтамасыз етіп, тері өңдеп, тондар, сөмке, т.б. тігуді жолға қоймақшы. Ал, мұндай идеяларын жүзеге асыруға Кәсіпкерлер Палатасының Шалқар ауданындағы филиалының кеңесшілері көмектерін аямайды. Жоба солардың демеуімен жүзеге асып келеді.
    - Жанерке Бекмұрзаева - өте мақсатшыл, оптимист қыз. Қояндарды үлкен кәсіп көзіне айналдырғысы келеді. Қолынан келетініне сенімдімін. Қояндардың терісінің сапалылығымен қоса, керемет кіріс әкелетін кәсіп түрі. Фермерлік шаруашылықтар арасында бұл кәсіп бойынша Шалқарда бәсекелестік әзірше төмен. Айтпақшы, бизнес-жоба жасау кезінде тағы бір қосымша қызмет түрін қарастырдық. Клиенттер мен туристерді тарту үшін, аңшылықты да дамытатын боламыз,-дейді «Бастау» жобасының бизнес-тренері Бақытжан Анапин.
    «Бастау» жобасы бойынша 2017 жылы Шалқар ауданында 263 тыңдаушы оқып бітірді. Олардың 58-і жалпы сомасы 143 600 000 теңгеге несие алып, кәсіптерін бастап кетті. 10 тыңдаушы бизнес-жобаларын өз қаражаттарымен іске асырды.
    Анықтама үшін: 2017 жылы «Бастау» жобасы облыс бойынша 1125 тұрғынға оқытылды. Олардың 455-і өздерінің жобасын облыстық комиссия алдында қорғап шығып, олардың 254-і идеяларын жүзеге асырды. 201 адам «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 400 миллион теңге шамасында жеңілдікпен қаржыландырылды. Қалған 53-і өз ақшаларын жобаларды қаржыландыруға жұмсады. Жоба алты аудан бойынша: Ойыл, Темір, Қобда, Ырғыз, Мәртөк, Шалқар аудандарында жүзеге асты. Биыл жобаға барлық аудандар қатысуда. 2018 жылдың екінші жартысында Ақтөбеде тыңдаушылардың екі легін оқыту көзделіп отыр. Оқығысы келетін адамдар көп. «Бастау» жобасы толықтай ұлттық кәсіпкерлер Палатасының жетекшілігімен кәсіпкерлікке үйретудегі мемлекеттік бағдарламалардың кемшіліктерін негізге алып құрылған. Жоба жұмыссыз жүрген, бірақ кәсіпке икемі бар адамдарды қолдап, оқытып, бір жыл бойы кәсіптерінің дөңгелеп кетуіне көмектеседі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында жұмыссыз әйел кәсіпкер атанды
  • 31 мың ақтөбелік жұмыспен қамтылмақ
  • Ақтөбеде қайта қылмыс жасау деректері екі есе азайған
  • Мәртөктік кәсіпкер Ақтөбеде кездеспейтін таза қанды қояндар өсіруде
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге