“Шалқар еті” Қазақстанға әйгілі болмақ

    “Шалқар еті” Қазақстанға әйгілі болмақ

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шалқар ауданына жасаған екі жыл бұрынғы іссапарында мал басын көбейтуді мықтап тапсырған болатын. Ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Айбек Қойшыбайұлының айтуынша ауданда мал басы оның ішінде асыл тұқымды мал басының үлесі артып келеді.

    Ауыл шаруашылығының жағдайы

    Шалқар ауданының халқы бүгінде – 45,9 мың адамды құрайды. Аудан құрамына 1 қала, 12 ауылдық округ, 40 елді мекен кіреді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі – 4227,2 мың гектар. Оның ішінде 1669,2 мың гектар жер жайылымдық, шабындық мақсатында пайдаланылуда және Шалқар көлі жағасында 0,2 мың гектар бау-бақша жерлері бар. Ауданда ауыл шаруашылық саласы қарқынды түрде дамып келеді екен. Мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді пайдаланып отырған құрылымдар ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны өңдеумен де айналысуда. Бізге берілген дерек бойынша, ауданда төрт түлік мал басының өсімі қарқынды. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша МІҚ- 34640 бас, қой-ешкі-92051 бас, жылқы-22105 бас, түйе-11162 бас, құс-3288 басты құраса, 2018 жылдың осы кезеңінде МІҚ- 36254 бас, қой-ешкі-94017 бас, жылқы-23069 бас, түйе-11313 бас, құс-3581 бас болып, сәйкесінше 104,6 %-ға, 102,1 %-ға, 104,3 %-ға, 101,3 %-ға, 108,9 %-ға өсіп отыр екен. Мал басы санының өсуі тек сандық тұрғыдан ғана емес, сапалық тұрғыдан да қамтамасыз етілуде. Атап айтқанда, асыл тұқымды аналық сиыр, саулық қой, бие сатып әкелу және тұқымдық жаңарту жұмыстары бойынша асыл тұқымды бұқа, қошқар, айғыр сатып әкелу арқылы төрт түлік мал басын асылдандыру жұмысы жолға қойылыпты.

    Шалқарлық шаруалардың бет алысы

    Аудан бойынша 492 шаруа қожалығы, 14 кооператив (АШК) тіркелген. Оның ішінде 1 АШК сүт өңдеумен айналысады. «Атамекен-2020» кооперативі мал сою және қайта өңдеу цехын іске қосты. Биыл «Шалқар еті» брендімен облыс және басқа өңірлерге өңделген ет өнімдерін шығару қолға алыныпты. «Нұралы» шаруа қожалығы - якорлық шаруашылық ретінде құрылып, ол да жұмысын жандандырып отыр. Биыл аталған шаруа қожалығы 1000 бас асыл тұқымды мүйізді ірі малын және 20000 бас асыл тұқымды қой малын әкелуді жоспарлап қойыпты. Дәстүрлі емес шаруашылықтарды дамыту үшін аудан бойынша 480 бас бөдене, 145 бас сүтті бағыттағы ешкі, 230 бас қоян сатып алынған. Оның ішінде «Жарас-Ата» кооперативі Ресейден 10 бас сүтті бағыттағы ешкі, жеке кәсіпкер «Айлин» 25 бас қоян, жеке кәсіпкер «А.Байқуанов» 400 бас бөдене, «Авань» шаруа қожалығы 50 бас қоян өсіруде. 2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 160 бас мүйізді ірі қара малын алуға тапсырма берілген болса, 53,7 миллион теңгеге 255 бас мүйізді ірі қара мал алынып, тапсырма 159%-ға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы малын алуға тапсырма берілген болса, 30,7 миллион теңгеге 104 бас жылқы малы алынып, тапсырма 260%-ға, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 270 бас қой малын алуға тапсырма берілген болса, 7,5 миллион теңгеге 280 бас қой малы алынып, тапсырма 104%-ға орындалған. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі – 135,2 миллион теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 114%-ға артық орындалды. Ауданда картоп, көкөніс және бақша дақылдары егіледі. Өткен жылы ауыл шаруашылық құрылымдары және жеке тұрғындар барлығы 397 гектар жерге аталған дақылдарды екті. Биыл бұл көлем 60 гектарға ұлғайтылып, барлығы 457 гектар жерге егу жоспарлануда. Тұқыммен толық қамтамасыз етілген. Аудан бойынша ауыл шаруашылық өнімі тек ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да экспортталып отыр. Атап айтқанда өткен 2017 жылы 10 тонна қой еті Ресейдің Башқұртстан еліне экспортталды. Үстіміздегі жылы Иранға қой етін экспорттау жоспарлануда.

    “Шалқар суы” қайтадан нарыққа шығады

    Өткен жылы жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылық құрылымдары несие ұйымдарынан барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 406,2 миллион теңге несие алды. Бұл қаржы мал сатып алуға, өнімдерін өңдеп сатуға, техника сатып алуға, негізгі қорларын толықтыруға жұмсалған. Сондай-ақ қазіргі таңда қалада тұрса да, туған жеріне қызмет жасап жүрген шалқарлық азаматтар аз емес екен. Солардың бірі – Бердібек Шәкірбекұлы. Бұл азамат 2013 жылы туған жерінде шаруа қожалығын ашты. Бүгінгі күні аудан және жақын маңдағы көршілес аудан шаруашылықтарын асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасымен қамтамасыз етуде үлесін қосып отыр. Сонымен қоса «Шалқар суы» минералды су цехын қайта жаңғыртып, жақын арада халыққа өнімдерін ұсынбақшы екен. Айбек Қойшыбайұлы, ауыл шаруашылық бөлімінің жетекшісі:
    -Азғантай суармалы жерімізді тиімді пайдаланып, тұрғындарды жеміс-жидек, көкөніспен қамтамасыз еткізгіміз келеді. Сол мақсатта Базойда жылыжай салынып жатыр. Одан бөлек екі жылыжайдан екінші жыл қатарынан өнім алып алдық. Осыдан 3-4 жыл бұрын ветеринарлық мамандар ауданда тапшы болатын. Қазіргі жағдайда бұл проблема шешілді. Болашақта жастарды ауыл шаруашылығына тартып, білікті мамандар да-йындап шығарсақ дейміз. Кейінгі уақытта қалада жүрген жастар ауылға келіп, шаруа қожалықтарын, кооперативін құруға ниетті. Біз оларға қолымыздан келгенше көмегімізді аямаймыз. Елді мекендерге үкіметтің бағдарламаларын, субсидияны насихаттау мақсатында 30-сәуірде десанттық топ бірнеше проблемалы ауылдарды аралайтын болады,- дейді.
    Жомарт Сатыбалды, «Жомарт» шаруа қожалығының төрағасы:
    -Әскерден келген соң, 1981 жылдан бастап совхозда жұмыс істедім. 90-жылдардың соңында совхоз тараған уақытта жеке «Жомарт» шаруа қожалығы болып, бөлініп шықтық. Қазір енді 15 мың гектар жерім бар, 700-дей бас қой, 200-дей сиыр бағып отырмыз. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша несие алдым. Бұрыннан екі тракторым бар еді, «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамының арқасында тағы екі трактор алдым. Шөлейтті жерлердің қиындығы бар. Біз жайлауға көшкенде көршілеріміз көшіңкіремей қалып, біздің жерлерге малдарын жаяды. Сол жағы қиындау. Ауылдың әкімі бәріне түсіндіріп айтамын деді. Үкімет қолынан келгенше көмегін беріп жатыр. Жағдайымыз жаман емес,- дейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда асыл тұқымды мал мен балық көбейіп келеді
  • Байғанинде якорлық шаруашылықтар құру басталды
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Ойылдық шаруалар озып тұр
  • Темірліктер алда келеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге