Ақтөбелік шаруа сүт цехын дөңгелетіп отыр

    Ақтөбе облысындағы «Қосестек» кооперативті сүт цехының іске қосылғанына екі жыл болды. Оны Еркін Өтегенов жетекшілік жасайтын «Қосестек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жүзеге асырды.

    Ақтөбедегі «Қосестек» кооперативі сүт цехын іске қосқалы бері өндірістік кооперативтер жаңа кезеңге аттады. Оның басты көрінісі мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін шағын өндіріс орындарының ашыла бастауы. Осындай сүт өңдейтін шағын цехтың бірі Қосестек ауылында іске қосылды. Оны Еркін Өтегенов жетекшілік жасайтын «Қосестек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жүзеге асырған. Бұл үшін кооператив мүшелері өзара кеңесіп, ең алдымен тиісті инфрақұрылымдық жүйе жасақтау қажет деген ортақ шешімге келген. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан ауыл азаматтары қуаттылығы күніне бір тонна шикізатты өңдеп, бұдан әзір өнім шығара алатын құрал-жабдықтар сатып алуға қол жеткізеді.
    Сөйтіп, «Қосескек» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі бүгінгі күні сүттен қаймақ, сүзбе, май өндіруге мүмкіндік алды.
    - Ең алғаш ашылған жылы қолымызда ешқандай ірі қара болған жоқ.
    Алдымен 35 сиыр сатып алдық. Кейіннен отызын тағы алдым. Осы іске кіріскеннен кейін, нар тәуекелге бел будым. Өз атыма екі жерден несие де алдым. Қазіргі күні біз үшін ең бастысы шикізат өндіру көлемін кемітіп алмау. Мәселен ашылған жылы біз тұрғындардан 300 тонна сүт қабылдап алған едік. Бүгінгі мақсатымыз да осы мөлшерден төмендемеу. Сүт өңдеу цехына көп мөлшерде тапсыру, - дейді кооператив төрағасы Еркін Өтегенов.
    Олардың бүгінгі алға қойған мақсаттары мен іс-жоспарлары да нақты жолға қойылған. Соның ішінде қосестектіктер бұрынғы жылдары жергілікті май зауытына шығарылған ірімшіктің ерекше түрін бүгінгі замандағы технологияның көмегімен қайта жаңғыртуды көздеп отыр. Осы өлшемге «Қосестек» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мүшелерінің игі істерінің де көмегі тигендей. Көмек алып, ісін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкердің қарамағында бүгінгі таңда 7 адам қызмет жасайды.
    -«Мен сүт жинау ісін 2007 жылдан бері жүргізіп келемін. Ауылымызда 250 аула бар. Бәріміз де мал шаруашылығымен айналысамыз. Біздің иелігімізде 4 тоннаға дейін сүт салқындату мүмкіндіктеріне ие модульдік сүт қабылдау пункті бар. Бастапқыда қарамағымда 4 адам жұмыс жасады. Қаражат жеткілікті, өніміміз арта түскендіктен 3 адамды тағы қостым. Қазір шаруашылықта 75 ірі қара бар. Мал төлдейтін уақыт болғандықтан оның 15-і сүт беріп отыр», - дейді жеке кәсіпкер.
    Кәсіпкердің ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің алға қойып отырған жоспарлары да аз емес.
    -Бүгін де әр 24 сағат ішінде 1 тонна сүт өндіреміз. Кешке қарай міндетті түрде 600 литр, таңертеңгілік 450 литр болады. Күнделікті жаңа сүтті «Айс» ЖШС-не жеткізіп отырамыз. Сонымен бірге өзіміздің шөп жинайтын 1 көлігіміз бар. Шамамен айтатын болсам, бір күнді құрайтын ең аз деген табысымыздың өзі 7000 теңге болады,— дейді Еркін Өтегенов.
    Айта кетейік, бұл қолдаулар елбасының тапсырмасына сәйкес жаппай кәсіпкерлікті дамытуды жандандыру және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
    Кәсіпкер «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізу үшін 2016 жылы 9 миллион теңге несие алған болатын. Ол өз қаржысын салып, сондай-ақ аудандық әкімдіктің қолдау көрсетуімен тиісті инфрақұрылымдар жүргізілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мәртөкке биыл Ресейден асыл тұқымды 221 сиыр әкелінді
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Шаруаның қамын күйттеген кооператив
  • Ебін тауып, ешкі өсір....
  • 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге