Саумал ішкің келсе Ырғызға бар

    Саумал ішкің келсе Ырғызға бар

    Ақтөбелік Әбдібай Әбенов бүгінде Ырғыз жерінің мал шаруашылығына септігін тигізіп жүрген азаматтардың бірі. 2012 жылы бастаған шаруа қожалығы үлкен сұранысқа ие. Кезінде жиһаз саудасымен айналысқан маман, бүгінде «Тұлпар» шаруа қожалығының басшысы. 54 жастағы Әбдібай Әбенов қазір 100-ге жуық ірі қара өсіріп отыр.

    Арғы ата-бабалары кезінде мал шаруашылығымен айналысқанын мақтанышпен айта алады. Осыдан 6 жыл бұрын бастаған мал шаруашылығы бүгінде үлкен қожалыққа айналған. Бірнеше жыл бұрын жиһаз саудасын жандырып жүрген Әбдібай Әбенов бір қожалықтың басшысы болып үлгерді.
    - 2012 жылдан бері осы шаруашылықпен айналысып келемін. Ең алғашында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алдым. Әрине несиенің сомасын айту қиынырақ. Дегенмен үкіметтен 8 млн теңге алғанымды жасырмаймын. Осы кәсіппен қазақ халқы бұрыннан айналысып жүргендіктен ешқандай жоба
    бойынша білім алғаным жоқ,-дейді 6 жыл кәсіппен айналысып жүрген Әбдібай Әбенов.
    Кәсібінің өрге домалағаны болар. Шымент-Самара тас жолына «Кемпинг» салуды бастап кеткен.
    -Жолаушыларға оңай жол іздеп «кемпинг» салып жатырмыз. Яғни жолаушыларға қонақ үй, асхана, демалыс орны болады. Құрылысы осы жазда бітеді деген ойдамыз. Құрылыс жұмыстарының бәсеңдеп қалуы жарықтың жоқтығынан. Бағана бойынан тартылған сымдары бізге қарай жетпей жатыр. Шаруашылықтан түскен қаражаттың барлығын осы құрылыс жұмыстарыма жұмсап жатырмын. Бәлкім сол себептен болар қожалықтан түскен табыс көзге көрінбей қалады. Міне алдағы жылы «Сыбағадан» алған несиенің соңғы жылы,-дейді ол.
    Бастапқыда 50-ге жуық сиырдан бастаған кәсіпкер, бүгінгі ісін 2 есеге көтеріп алған. Бүгінде шаруа қожалығында 100 мүйізді ірі қара өсіріп отыр. Сонымен бірге 170-тен астам жылқысы бар. Әрине құлындарын қоспағанның өзінде. Артық жұмыстар болмаған жағдайда шаруа қожалығындағы сиыр, жылқылары 10-15%-ға өседі екен.
    -Екі жыл сайын сиырлардың асыл тұқымдарымен алмастырып тұрамын.
    Кейде жергілікті ірі қаралар болады. Көбінесе сырттан алдыртуға тырысамын. Орал жерінен «Айсұлу» шаруа қожалығынан алдыртамын. Сол жердегі «Анкаты» деген районнан әкелінеді. Осы 2 жыл сайын тұқым ауыстыру жүзеге асып тұрады.
    Бастапқыда 5 жұмысшыдан бастаған шаруа қожалығы бүгінде қомақты табыс көзі болмағанымен біршама дамып келеді. Қазірдің өзінде қарамағында 4 қызметкері бар. Жыл сайын өтетін бос жұмыс орындарына «Тұлпар» шаруа қожалығы да бар екен. Дегенмен ауылдық жерде болғандықтан жұмысшы табу қиынға түседі.
    Әрине негізгі ойым жұмыссыздар санын азайту. Қарамағымда 4 қызметкер болғанымен күзде саны артуы мүмкін. Шаруашылығымыз етті бағытта болғандықтан негізгі табыс көзі күз айларында болады. Етті арнайы орындарға тапсырамыз. Еттің ұсақ-түйегін тапсыратын орындарда бар. Тіптен жекеге де тапсырып тұрамыз. Ырғыз жерінде арнайы мал соятын орын бар. «Наурыз-сим» деп аталатын қожалықты Ибрагим Сәрсенбаев басқарып отыр. Көбінесе етті сол жерге тапсырамыз. Күз мезгілінде табысқа да әкеліп тұрамыз. Шаруашылығымыздың жанданатын уақыты да қыркүйек пен желтоқсан айларына дейін болады. Күзде шөп жинайтын маусымға келгенде әрине жұмысшылар жалдаймыз. «Қызылжар» селолық округінен белгілі бір жер беріледі. Сол жер аумағынан өзімізге қажетті гектарды аламыз. Мысалы біреулер 5-10 мың гектар жер аумағындағы шөп алуы мүмкін. Өткен жылы «Тұлпар» шаруа қожалығына 2000 гектар шөп алдым,-дейді.
    Шаруашылығына байланысты кейде үкіметтен де жеңілдіктер болып тұрады екен.
    -Тегін беріп жатыр деп айта алмаймын. Осыған дейін жемге біршама жеңілдіктер жасаған еді. Тек соңғы уақытта Қостанай жерінен арнайы алдыртатын болдым. Жанармайды да өзіміз сатып аламыз. Сиыр етінің 1 кг шамамен 800 теңгеден сатамыз. Кейде бағасы 900-1000 теңге болып қалады. Себебі барлығын нарықтағы бағадан асырмаймын. Біздің қожалық болғандықтан төмен бағамен беруге тырысамын. Қалаға апарған кезде міндетті түрде ветиринарлық анықтаманы ала жүремін. Барлығы да ешқандай екпесіз өсірілген сиырлар. Әсіресе соғым кезінде тапсырыс көп түсіп жатады. Осы қожалықтың арқасында ісімізде оңға басып жатыр,-дейді Әбдібай Әбенов.
    Ырғыз аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің жетекшісі Амантай Досекешовтың да айтуынша Ырғыз жеріндегі мал санын көбейтуге, өнімдерін арттыруға аса мән беріліп, жыл сайынғы көрсеткіштері де жоғары деңгейде екен.
    -«Кемпингті» Елбасының
    бастамасымен салып жатырмын. Сиыр етін, биеден алынатын қымызды тасымалдауға көп уақытымыз кететіндіктен осы жұмысты екінші жағыма алдым. Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай жол торабы болғандықтан осы жерді таңдадым. Бір жағынан осы арқылы шаруа қожалығымды да кеңейте аламын деген үміт бар,-деді Әбдібай аға.
    Шаруашылық иесі бір ғана жұмыспен шектеліп қалған жоқ. Ірі қарамен бірге қымызды да дамытып отыр.Тапсырыс берушілер қатары көбейген сайын қымыздың түрлері де арта түскен. Бірі ысталғанын сұраса, екіншісі саумал қымызды сұратады.
    -Шыныменде жылқы шаруашылығым бір жолға қойылып келеді.
    Тапсырыс берушілер күнбе-күн арта түсті. Үкіметтен берілген бағдарлама арқылы барлығын жасап жатырмыз. Қазіргі кезде қымызды күбіге ыстапта сатып жатырмыз. Бір ғана қиыншылығымыз ауыл мен қаланың арақашықтығы. Саумал қымызды қалаға жеткізе алмаймыз. Қалаға дейін 5 сағаттық жер болғандықтан шыдамайды. Себебі 2 сағаттан кейін қымыздың өз бетінше ашу поцессі басталып кетеді. Қымызды сұратушылар көп. Тіптен емханадағы адамдарда алыс-жақын аймақтардан алдыртып жатыр. Міне сол себепті де кемпинг салып жатырмыз. Ол жерге қымызымызды, сүтімізді, табиғи жолмен өсірілген сиыр еттерін қоя аламыз,-дейді.
    Қымыздың 1 литрін 400-500 теңгеден сатады. Басқаларынан қарағанда арзан болғандықтан сұраныс та жоғары. Тіптен сұраныс көбейген сайын бағаны төмендетпек ойлары да бар. Егер құрылыс жұмыстары сәтті аяқталса 10-15 адамды жұмысқа алады. Шаруашылығын домалатып отырған Әбдібай ағайға балалары қолғабыс етуде. Болашақта осы ісімді балаларым игеріп, дамыта түссе дейді.
    Айта кетейік, осыған дейін Ырғыз жерінің статистикасында 2018 жылдың 1 сәуіріне дейінгі санақ бойынша аудандағы мал басы өткен 2017 жылдан қарағанда жоғары көрсеткішін көрсеткен еді. Салыстырмалы түрде мүйізді ірі қара жалпы есепте 35931 бас немесе 112,9 пайызды көрсеткен болатын. Есеп нәтижесіне «Тұлпар» шаруа қожалығының мүйізді ірі қаралары да жатады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызда асыл тұқымды мал мен балық көбейіп келеді
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Еңбек етсең ерінбей...
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге