Әулиекөл сиыры - отандық бренд

    Әулиекөл сиыры - отандық бренд

    Темір — мал шаруашылығына ең қолайлы өңір. Өкінішке орай, ауданда бұл шаруаны қолға алғысы келетіндер сирек. Мал бағамын деген адамға мүмкіндік көп. Облыста жайылымдық жердің өзі 25 миллион гектар. Оның 35 пайызы ғана пайдаланылады. Мал өсіру үшін жер де, су да бар. “Мал өсіремін” деп әрекет еткенді мемлекет қолдауға әзір.

    “Әлихан” шаруа қожалығы Темір ауданында әулиекөл сиырын өсіріп отырған алғашқы қожалық. 1998 жылы құрылған қожалық ең алғаш рет бау-бақша егумен бастаған. Қожалық басшысы Бекболат Нұрмұхановтың айтуынша, Ұлықарағанды сайы деген жерден тиесілі 300 гектар жер алған. Қожалықтың алғашқы жұмысы да осы жерге бау-бақша салумен басталыпты.
    -98 жылы үйленіп, қаладан ауылға келдім. Қалада студент болып жүрген кезімде әкем марқұм “балам, елге қайт” деп шақырып алды. Өзіңіз де білесіз, тоқсаныншы жылдар, бәрі қат. Тоқырау кезі еді ғой. Сол уақытта әкем өзіне тиесілі 300 гектар жер алып, ең алғаш рет бау-бақша өнімдерін салдық. Әке-шешем өмір бойы мұғалім болған кісілер еді, үйде бұрыннан тұрған ескі Т-25 деген трактор болатын. Сол тракторды іске қосып, шөп шауып бастадық. Бау-бақша егіп, шөп шауып сатқан қаражатымызға екінші тракторымызды алдық,- дейді қожалық басшысы.
    2001 жылы қожалық басшысы Бекболат Нұрмұхановтың әкесі бақилық болады. Содан кейін бау-бақша емес, егін егу жұмыстарын бастайды. Ең алғаш 20-30 гектардан бастаған қожалық егіс алқабын 1500 гектарға дейін жеткізеді.
    -Алғаш рет аз ғана жерге бидай, арпа, тары егіп бастап, кейін егіс алқабын 1500 гектарға дейін өсірдік. Кейін 2010 жылдан бастап егін шаруашылығын қойып кеттік. Өйткені, қуаңшылық болды, оның үстіне өзіміз де қалаға көштік, осылайша егін шаруашылығын тоқтаттық. Бұған дейін егіспен қатар алып келе жатқан мал шаруашылығына мән беріп, осы шаруаны дөңгелетіп әкеттік. Былтырдан бастап асылтұқымды әулиекөл ірі қарасын өсіруді қолға алдық. Қазір 230 бас ірі қарамыз бар. Асыл тұқымды мал өсіру үшін қойылатын арнайы талаптары бар, биыл осы құжат жақтарын реттеп, асыл тұқымды мал шаруашылығы деген статус алмақпыз,- дейді қожалық басшысы.
    Оның айтуынша, әзірге мемлекеттік бағдарламаға қатысып көрмепті. Бірақ, үкімет тарапынан шаруаларға деген қолдау барын жасырмайды.
    -Мал басын өсіру үшін несие алған кездеріміз болды. Бірақ, мемлекеттік бағдарламаларға әзірге қатыса қойғанымыз жоқ. Бірақ, үкіметтің ауыл шаруашылығына деген оң көзқарасы мен қолдауын күнде көріп жүрміз. Ел қатысып жатыр ғой, көріп жүрміз бәрін де. Биыл біз де “Құлан” деген бағдарламаға қатысқымыз келеді.Бұрын пайыздық мөлшерлері көп еді, жылдан-жылға шаруаларға жағдай жасалып, қазір ол үстемелер де азайған секілді,- дейді ол.
    Әулиекөл сиыры — сиырдың етті тұқымы. Ол қазақтың ақбас
    сиыры тұқымын абердин-ангус және шароле тұқымдарымен күрделі түлетпе будандастыру жолымен алынған. Әулиекөл сиыры тез жетілгіш, жергілікті жағдайларға тез бейімделеді. Қыста жүні қалың өседі, қатал ауа райына жақсы көнбіс келеді. Түсі — ақшыл сұр. Бұқалары — 900 — 1125 келі, сауын сиырлары — 500 — 700 келі ет береді. Бордақыланған 15 айлық өгізшелерінің тірідей салмағы 450 келі болады. Бұл сиырлардың тұлғасы тұтас, мінсіз, сүйегі жұқа, берік болып келеді. Аяқтары тік, тұяқтары мықты. Қожалық басшысының айтуынша, әулиекөл тұқымды сиырлар Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтардың ауа-райына жақсы бейімделген, азықты таңдай бермейді екен. Дегенмен Ақтөбе облысының климатына да жатсынбай, тез үйренісіп кетіпті.
    -Темір ауданында ең көп әулиекөл тұқымын өсіріп отырған біздің қожалық. Қазір отбасылы малшы, көмекшілерім бар. Бес жұмысшы бар. Малшылар тұратын үйге барлық жағдай жасадық. Электр жарығы бар, спутниктік теледидар, моншасына дейін салып қойдық. Одан басқа, биыл 1 гектар жерге бау-бақша салып жатырмыз. Егістікті қайта жаңғыртқымыз келіп еді, биыл үлгере алмайтын болып тұрмыз. Биыл тары да еккіміз келіп отыр. Тары ең кеш егілетін дақыл болған соң, осындай жоспар құрып отырмыз. Өзіміздің жем-шөбімізді да-йындау мақсатында шөп ексек деген ойымыз бар. Асылтұқымды малдың күтімі де жоғары болады. Бұл ірі қараларға негізі құнарлы жем-шөп қажет. Қостанайда құнарлы жем-шөп дайындайтын арнайы зауыт бар,- дейді қожалық басшысы.
    «Әлихан» шаруа қожалығының басшысы Бекболат Нұрмұханов төрт бала тәрбиелеп отырған әке. Қожалығының атауын тұңғышы Әлиханның есімімен атапты.
    -Марқұм әкем немересінің есімін өзі қойып еді. Қазір балаларым оқып, үлкен азамат болып келеді. Екінші ұлымның шаруаға деген бейімін байқаймын. Менің ізімді қуатын осы ұлым шығар деп үміттенемін,- дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Темірліктер алда келеді
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге