Ақтөбе облысында мал қиынан тыңайтқыш шығарыла бастады

    Ақтөбе облысының Алға ауданында малдың қиынан тыңайтқыш шығарыла бастады. Тың жобаны Қарағаш ауылының тұрғыны Ақбөпе Әбдуәлиева қолға алған.

    62 жастағы Ақбөпе Әбдуәлиева ұзақ жылдар бойы ауыл әкімі болған. Алайда зейнеткерлікке шыққаннан кейін органикалық тыңайтқыш жасауға кіріскен. Жақында ол әлеуметтік кәсіпкерлік форумы кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан 3 миллион теңгеге сертификат алды. Өңір басшысы бұл қаржыны оған тың жобасы үшін табыс етті. Биыл өңірде «60/15» өңірлік пилоттық байқауы ұйымдастырылған еді. Басты мақсаты- өңір аумағындағы өңделіп жатқан инновациялық бизнес-жобаларға қолдау таныту. Үздік жобалар "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында бөлінетін 40 миллион теңгеге ие болды. Байқауға барлығы 60 жоба ұсынылып, екінші кезеңде оның 15-і жеңімпаз атанды. Ал Ақбөпе Әбдуәлиева тың жобасы үшін мемлекеттен 3 млн теңгенің қайтарымсыз грантын алды.
    -Мен 18 жыл бойы Алға ауданы Қарағаш ауылының әкімі болып, қызмет жасадым. Абыройсыз болған жоқпын, жасаған жұмысым үшін бірнеше марапатқа да ие болдым. Одан кейін Алға ауданының жұмыспен қамту орталығын басқардым. Былтыр жазда зейнеткерлікке шықтым. Сол кезде “қандай кәсіппен айналысамын” деген ой келді. 2000 жылы ауылға газ кірді. Содан кейін малдың қиы ешкімге керексіз болып қалды. Халық оны өртеп, далаға шығара бастады. Алайда басшылық қызметте болғандықтан, оны жүзеге асыра алмаған едім. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін малдың қиын өңдеуді қолға алдым,-дейді кәсіпкер.
    Экс-әкім отбасылық бизнесті жүзеге асырудың оңайға соқпағанын айтады. Көп ізденіп, оқуға тура келген. Ақыры керексіз болып қалған малдың қиын кәдеге жаратудың көзін тапқанын айтады.
    -Алты айға жуық ізденіп, интернетті ақтардым. Әркімнен сұрастырып, көп ізденуге тура келді. Малдың қиын шірітіп, тыңайтқыш жасауға болады. Бірақ оған көп уақыт қажет. Ақыры Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Андрей Стрелецпен танысып, ақылдастым. Ол қиға жа-уын құрттарын жіберіп, шірітеді. Сөйтіп, органикалық тыңайтқыш жасайды. Алайда бұл әдістің де өз қиындығы бар. Өйткені қиға құрт салу үшін оның құрамындағы амиакты шығару керек. Олай жасамаған жағдайда жәндіктер қашып кетуі мүмкін. Әрі қыста күн салқын болса, құрттар жер астымен кетіп те қалады. Сондықтан интернет арқылы Ресейден арнайы бактериялар дайындайтын микробиологпен сөйлесіп, кеңес алдым. Қыста биореактор сатып алдым. Кейін Алға қаласындағы жабық ғимаратты жалға алып, 300 тонна қи жеткізілді. Сөйтіп “ЭМ-технология” арқылы қиды органикалық тыңайтқышқа айналдыра бастадым.Яғни, қиды өңдеумен айналыстым. Бұл үшін бар болғаны 35-40 күн қажет. Алдымен биореактордың көмегімен сұйықтық дайындап, оны қиға құямыз. Сол кезде оның исі кетіп, қара топыраққа айналады,-дейді кәсіпкер.
    Қазір ол арнайы технология арқылы биоконцентрат да-йындап отыр. Айтуынша, бұл сұйықтықтың пайдасы өте зор.
    -Қазір арнайы әдіспен концентрат әзірлеп, сатып жатырмын. Нәтижесі өте жақсы. Оны халыққа ұсынбас бұрын алдымен өзім пайдаланып көрдім. Қыстай бөлме гүлдеріне пайдаланып шықтым. Ал сәуір айынан бастап ауладағы көкөністерге қолдана бастадым. Жеміс ағаштары тез оңалады, әрі түрлі ауруларға төтеп береді. Ал одан алынған өнім экологиялық жағынан таза. Оны қолданудың өз тәсілі бар. Бұл үшін 10 литр жылы суға 200 грамм сұйықтық қосса жеткілікті. Тыңайтқышты 10-12 күннен кейін қолдану керек. Өйткені жиі құйылса, көкөністер күйіп кетуі мүмкін. Қазір жылыжайларда өсіп жатқан өнімдерге түрлі химикаттар мен тыңайтқыштар қосады. Өйткені бағбандар оның тез өсіп,піскенін қалайды. Сол себепті шаруа қожалықтары минералды тыңайтқыштарды қолданады. Өйткені органикалық тыңайтқыштарға қазір мемлекеттен субсидия берілмейді. Қазір бір литрлік құтыға құйылған сұйықтықтың бағасы 500 теңгеден саудалануда. Сұйықтықты кәсіпкерлік форумында халыққа таныстырдым. Сұраныс та артты. Осыдан кейін бірден 48 литр концентратты сатып жібердік. Алдағы уақытта өз өнімімізді кең көлемде шығарсақ, бағасын арзандатамыз деген жоспарымыз бар,-дейді Ақбөпе Әбдуәлиева.
    Кәсіпкер әзірге өз өнімін сертификаттай алмай отыр. Өйткені Жамбыл облысындағы ұлттық сараптау және сертификаттау орталығынан алынатын сертификат құны 1 млн теңгеге жуық. Жеңімпаз алған грантын енді құжат рәсімдеуге жұмсамақ. Кейін өңделген қиды арнайы қорапқа салып, сатылымға шығармақ.
    -Сертификат үш жылға беріледі. Оның құны 960 мың теңгенің шамасында. Осыған дейін қаржы жағы қолбайлау болып келген еді. Енді мемлекеттен берілген қаржылай қолдаудың арқасында өнімімізді сертификаттап, ресми сатылымға шығаруға мүмкіндік туады. Алдағы уақытта құстың саңғырығын да пайдаланғымыз келеді. Егін шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш арнайы қорапқа салынып, сыртына жапсырма қағаздар жапсырылады. Бағасы 50 теңгенің шамасында болады. Бұл- ақтөбеліктер үшін қолжетімді баға. Болашақта 400-500 тонна қиды өңдеп, сатуға шығарғымыз келеді, -дейді ол.
    Зейнеткер болашақта өндірісін кеңейткісі келеді. Әзірге оның қуаты төмен. Бар болғаны айына 300 тонна тыңайтқыш өңделеді. Қазір кәсіпкер отбасы мүшелерімен бірге кәсібін дөңгелетіп отыр. Жоба іске асқан жағдайда екі адамды жұмысқа алмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында жұмыссыз әйел кәсіпкер атанды
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Хоббиін кәсіпке айналдырған азамат
  • Кәсіпкер ешкі сүтін ішу арқылы аллергиядан құтылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге