Төрт түліктің төресі

    Төрт түліктің төресі

    Қазақ күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Сол малдың ішінен "төрт түліктің төресі" деп, түйені ерекше бағалаған. Шалқар ауданындағы “Азамат” шаруа қожалығы – облыстағы түйе өсіретін аз ғана шаруалардың ішіндегі ірісі. Бүгінде қожалықта 120 түйе бар.

    Түйе – сүтқоректі жануар. Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер кең тараған. Түйенің бұл түрін қазақ “аруана” деп атайды. Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бастысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Сауу, су беру, түйе жүнін қырқу автоматтандырылған болса, одан әрі түйе асырау айтарлықтай жеңілдей түседі.
    -Мен 1982 жылдан бастап кеңшардың түйесін бақтым. Кейін еліміз егемендік алған тұста жер-жерде кеңшарлар тарап, барлық өңірде «жекеменшік» деген ұғым қалыптасты. Сол тұста үлесіме мемлекеттен бірді-екілі техника алып, түйе тұқымын өсіруге бет бұрдым. Өзім түйе өсірудің мән-жайын жақсы білгендіктен, сол жылдары тұрмыс жайы қаншалықты қиын болса да осы кәсіпті дамытуға бел будым. Сөйтіп, аудандағы Ботабай аталатын қыстаудан үй салып, жеке шаруа қожалығын аштым. Басында шаруашылықта түйе аз болды. Қазір санын жүзден асырдық, — дейді шаруа.
    Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Қалың терісі күндізгі қапырықтан және түнгі суықтан қорғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Ересек түйелердің таза­ салмағы орта есеппен 600-630 келі тартады, бір түйеден орта есеп­пен 5 келідей жүн қырқылады. Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы түйе өсіруді ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Міне, осы ет бағытында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түркімен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80-120 килоға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51,7-52,5 пайызға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55-58 пайызға жетеді. Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым-шілде, ал жас буыршындарды қараша-желтоқсан айларында етке өткізген орынды. Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті түйелер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15-20 пайызға басым болады.
    Жоламан Сағынаев түйе өсіруді алғаш рет 1997 жылдан бастапты. Тоқсаныншы жылдары болған тоқырау кезінде ата кәсіппен айналысуды жөн санаған ол жеке қожалығын ашуды жоспарлайды. Осылайша бүгінгі күніне өз еңбегімен жеткенін айтады.
    -Қазір шаруашылықта 50 шақты жылқы, 40-тан астам сиыр, 150 қой-ешкі бар. «Мал баққанға бітеді» демекші, отбасыммен мал шаруашылығымен айналысып, ет, сүт өнімдерін ел ішіне, ауыл арасына сатып, өз нәпақамызды тауып отырмыз. Отбасыммен Ботабай қыстауында тұрып жатқаныма көп жыл болды. Қыстау ауданның орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан. Өкінішке қарай, қыстауға әлі жарық кіргізе алмай отырмыз. Осы мәселені аудандағы құзырлы мекемелерге айтып жеткізген едік, бірақ қолдау болмады. Биыл өзіміз тірлік жасап, ауылдан қыстауға жарық жүргізіп жатырмыз. Алайда сым жетпей, жұмысымыз тоқтап тұр. Мұнда бізден басқа үй жоқ. Сондықтан өткен жылы үй маңынан өзіміз құдық қазып алдық. От жағамыз, күзде қыстың қамын жасап, отын жинап аламыз. Ал малдың жем шөбін аудандағы шаруашылықтардан сатып аламыз. Себебі шөп шауып, оны жинауға көп күш керек, — дейді шаруа.
    Ол қазір он түйе сауып отырғанын, олардан күніне 5-6 литр сүт алынатынын айтады. Ал шұбатқа тапсырыс берушілердің саны көп.
    -Қазақ түйе малын ерекше қастерлеген ғой. Сондықтан да түйе сүтінің емдік қасиеттері бағзы заманнан бері белгілі. Шұбатты бабаларымыз өкпе, асқазан ауруларымен қатар түрлі созылмалы дерттерге, жалпы ағза әлсірегенде, уланғанда емдік қасиеті жоғары мал өнімі ретінде пайдаланған. Сол себепті қазір ел арасында туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға, сондай-ақ туабітті мүгедек (ДЦП) балаларға шұбатты көп ішкізеді. Сонымен қатар көбіне той-томалақ, садақаларда дастарқанға шұбат, қымыз қойылады. Сондықтан аудан орталығынан, Ақтөбе қаласынан келіп шұбат алатындар көп. Бұрын бір литр шұбаттың бағасы 400-500 теңге болатын. Қазір бір литр шұбатты 600 теңгеден сатып жатырмыз. Экологиялық таза өнімді, әсіресе, қаладан келетіндер ерекше сүйсініп ішеді. Қыс айларында сүт аз шығады, ал жазда күніне 20-25 литр сүт аламыз, — дейді Жоламан Сағынаев.
    Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жейді, ал қыста оларды пішенмен қоректендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәулігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде аламан бәйгенің жүлдегеріне боталы түйе берілді
  • Түйе палуан анықталды
  • “Бауырым, бұл - түйе”
  • Жапон зерттеушілері: Шалқар мен Аралдың шұбаты дәмді
  • Шыңғыс Шоқпытов түйе палуан атанды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге