Несібесін малдан тапқан шаруа

    Несібесін малдан тапқан шаруа

    Ата кәсіп – мал шаруашылығын қолға алып, 3 жыл бұрын небәрі 30 ірі қарамен «Рамазан» шаруа қожалығын құрған темірлік Батырғали Қалдымұратовтың бүгінде ісі өрге басқан. Кәсіпкер жігіттің мал шаруашылығымен айналысамын деген жастарға айтары бар.

    2015 жылға шейін Темір ауданына қарасты «Қазагромаркетинг» АҚ филиалында консультант, шаруа қожалықтарында бас есепші боп жұмыс істеген Батырғалиға жеке шаруа қожалығын құру қиынға соқпапты. Ол аудан-ауыл азаматтарына ауыл шаруашылығы саласына қатысты ақпараттық-құқықтық кеңестер бере отырып, өзі де тәжірибе жинақтай береді. Филиал таратылған соң, бірден шаруашылық бастауға бел буады.
    -Үкіметтің қарапайым шаруаның аяқтан тұрып кетуіне көп жағдай жасап отырғанынан хабардар едім. Сол салада біраз жыл жұмыс істедім. Қандай құжат, неден бастау керек деген сынды ньюанстарын жетік білемін. Содан кейін Темір ауданына қарасты өзім туып-өскен Ақсай селолық округінде жеке шаруашылық неге ашпасқа деп ойландым. 2015 жылы «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының бөлімшесі жабылған соң, бауырларыммен ақылдасып, «Рамазан» шаруа қожалығын құрдым. Сол жылы ұлды болып, ұлымның есімін «Рамазан» деп қойғанмын. Шаруашылықты да солай атадым. Шыны керек, ә дегенде қолымда қомақты қаржы болмады. Ауыл шаруашылығымен айналысатын достарым қолдап, Үкіметтен субсидия алып, аяқтан тұрып кеттік. Малды болған соң, жолдас жігіттерімнің ақшасын қайтарып бердім,- дейді шаруаның өзі.
    Әуелде Оралдан 30 ақ бас ірі қараны алдына иірген Батырғали Қалдымұратов үш жылдың ішінде мал басы санын 264-ке жеткізген. Оның ішінде Алға ауданында орналасқан «Ақтеп» ЖШС-нен былтыр 100 бас ангус тұқымды ірі қараны жеті жылға жалға алған. Яғни, ол жыл сайын «Ақтепке» 50 бас бұзау бере отырып, жеті жыл ішінде барлығы 200 бас еркек, 100 бас ұрғашы төлді қайтарады. Сөйтіп сиырлар шаруа қожалығында қалмақ. Алғадағы мал бордақылау алаңына жылма-жыл күз мезгілінде 500 бас шамасында ірі қараны етке өткізетін шаруа иесінің бұл мәселеде ешқандай кедергі жоқ екендігін айтты. Айтуынша, «Ақтепте» ақшаны малдың таза салмағымен есептеп қабылдап, маңдай тердің табысын бірден қолға ұстатады. Сол жағы жақсы екен. Ал, ет сататын базарларда алып-сатарлар «Ақтепке» 250 мыңға өткізетін семіз сиырларды олар 190 мыңға алып қалуы мүмкін. Саудагерлер малды мейлінше арзанға сатып алуды ойласа керек. Сондықтан ең дұрысы, малды бордақылау алаңдарына етке өткізу дейді ол. Арасында семіз шыққан ірі қараларды таңдап сойып, «Табыс» базарындағы арнайы орынға сатуға болады екен. Өзі солай етеді. Онымен қоймай ауыл табындарына Хромтаудан жалға алынған 15 асыл тұқымды бұқаларды тегін қосып, мал басын асылдандыруды бастап кетіпті. Үкіметтен бұл үшін де субсидия бөлінген. Бау-бақша өнімдерін көбірек егу үшін алдағы уақытта үлкен жылыжай іргетасын қаламақшы. Былтыр картоп, қауын-қарбыздарды қалаға әкеп сатқан шаруа қожалығының иесі бұл кәсіп көзін де алып жүруге болады дейді. Қыс бойы жұртшылықты қияр-қызанақ секілді қажетті көкөністермен қамтамасыз ету ойында жүр. Қазір кәсіпкер жігіттің ауданнан 35 шақырым жерде үлкен базасы бар. Мал сонда жайылымға шығады, төлдейді. Шағындап салынған үйге су тартып, күн көзінен қуат алатын жарықты қосып қойған. Жайылым, шабындық, бау-бақша өнімдерін егетін барлығы - 2000 гектар жердің иесі боп отыр. Күзге шейін тағы бір база салмақшы. Жоспары көп. Айтуынша мұнша шаруаны қатар алып жүруге төрт інісінің көмегі тиген. «Қасыңда сенімді серіктерің, қолдайтын бауырларың болмаса, бөтен адамға шаруашылықты тапсыру қиындау» дейді ол. «Рамазан» шаруа қожалығы ауылдың бес азаматын жұмыспен қамтыған. Мал төлдеп, шөп жинайтын, шаруаның қызатын маусымында жұмысшылар саны әжептәуір көбейеді. Бірақ ауылда бақташы, малшы табу қиын екен. Шаруа қожалықтарының басты проблемасы – осы. Уақытылы айлығын төлеп, жатар орынмен, ішер тамақпен қамтамасыз етіп отырған күннің өзінде бұндай жұмысқа сенімді адам табу оңай емес.
    -Қазір енді көктем уақытында жұмыс қыза түседі. 300 гектарға малдың азығын, 16 гектарға көкөніс өнімдерін егіп тастадық. «Ақтептен» жалға алған сиырларымыз төлдеп, 70 бас бұзаудың әлденіп кетуіне жағдай жасап отырмыз. Өзім осы шаруаларды түгелдей бауырларымның қарауына тастап, қаладан керек-жарақтарын, дәрі-дәрмегін алып беріп, шаруа қожалықтың құжаттарын реттеп, жиі қаламен екі ортада жүремін. Мал басы ауру-сырқаудан дін аман. Себебі алдын аламыз. Уақытылы екпесін жасатып, дәрілерін беріп, профилакториялық жұмыстар жасаймыз. Мал шығыны жоқ. Енді Үкіметтің көмегін ерекше айтып кету керек. Субсидия болмаса, қыруар малды өңгеріп әкететін жағдай жоқ. Бір мысал айтайын, совхоз тараған уақытта біздің ауылда өз алдына жеке шаруашылық боп бөлініп кеткен қожалықтар күні кешеге шейін 30 бас малымен, баяғы совхоз кезінде алған көне техникасымен отырды. Не мал басын өсіруге, не техниканы жаңартуға шамалары келмеді. Енді қазір субсидияның арқасында малдарын асылдандырып, көбейтіп отыр. Жеке өз күшіңмен мал шаруашылығын дамыту үшін қосымша табыс көзің болу керек. Сондықтан, жаңағы жоғарыда айтқан бау-бақша, тіпті балық шаруашылығын қолға алатын ойым бар. Тек соңғы өзгерістерге байланысты субсидия мөлшері бірқатар азайды. Төлге төленетін субсидия тоқтатылды. Бұрын техника сатып алғанда техника құнының 50 пайызын Үкімет көтеретін. Қазір ол 25 пайызды ғана құрайды. Шынын айтқанда, жолдастарым қосымша кәсіптерінен түскен табыстарын мал шаруашылығының шығынын жабуға жұмсап отыр. Бұл жағдайда өз басым малдың азығын уақытылы шауып, уақытылы малды етке өткізіп ғана пайда түсіріп отырмын. Болашақта балаларыма, ұрпағыма мұра боп қалатын кәсіп болғандықтан, сол үшін күні-түні еңбек ете бермекпін,- дейді шаруашылық басшысы.
    Айтпақшы, Батырғали былтыр «Рамазан-Ақсай» кооперативін құрыпты. Үкіметтен алынған субсидияның көмегімен ауылдастарының малын бақташы шығарып, оған жалақысын төлеп, салықты өтеп, малды тегін бағып беріп отыр екен. Құрамында 20 мүшесі бар кооперативке ауыл тұрғындары, ағайындары бірігіп, бірге мал бағады, күзде шөп шабады, қыстық азықтарын дайындайды. Енді алда техника алу жоспарда бар. Батырғали Бақытқалиұлының айтуынша, мал шаруашылығымен айналысқысы келетін жастар құжатқа тиянақты, сауатты болып, қадағалап отыруы керек әрі күні-түні еңбектеніп, талаптанып жүріп қана нәтижеге жетуге болады. «Іздеген адамға мүмкіндік көп» дейді ол.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жылқыны қойға айырбастаған шаруа
  • Мәртөктік шаруа далалық қызыл тұқымын өсіруді қолға алуда
  • Кәсіптің көзін тапқан шаруа
  • Темірде биыл 7 тонна қой еті экспортқа шықпақ
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге